Difference between revisions 1768560 and 1925721 on kkwiki

'''Сембин Болат''' (12.3.1944 жылы туылған, [[Сарысу ауданЖамбыл облысы]], [[Сарысу ауданы]], [[Жайылма ауылы]]) – әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты [[Әл-Фараби]] атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1969). Осы жылдан бастап [[Талдықорған облысы]] [[Гвардия ауданы]] прокуратурасында тергеуші, 1971 жылы [[Көксу]] ауданы]]<nowiki/>ның прокуроры болып тағайындалды. 1981 жылы [[Торғай]] облысы|Торғай облыс]]<nowiki/>тық прокурорының орынбасары, 1985 жылы [[Қарағанды облысы]] прокурорының бірінші орынбасары, 1987 жылы Торғай облыстық прокуроры, 1988 жылы [[Алматы]]ның көлік прокуроры, 1990 – 97 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары, Қазақстанның көлік прокуроры. 1997 жылы Талдықорған облыстық прокуроры қызметіне ауыстырылды. [[Талдықорған облысы]] таратылғаннан кейін, отставкаға шығып, ғылыми жұмыстармен айналысады. 1999 жылы Л.Н. [[Гумилев]] атындағы [[Еуразия ұлттық университеті]] құқық институты директорының орынбасары, 2000 жылы [[Астана]] қаласындағы «Қазақ қоғамдық ғылымдар заң университеті» ұлттық құқық және мемлекеттік қызмет институтының вице-президенті және директоры болып істеп келеді. 20-дан аса ғылыми жұмыстардың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақстан Республикасының құрметті прокуроры.  

=Сілтеме=
[[
=''Тараз энциклопедиясы]]''=
{{stub}}
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат: 1944 жылы туғандар]]
[[Санат:Қазақстан сардарлары]]
[[Санат:Заңгерлер]]