Difference between revisions 1918704 and 2947881 on kkwiki

[[Сурет:Балдаурен.jpg|нобай]]
'''"Балдәурен"''' – қазақ тілінде   бақытты балалық шақ деген мағынаны білдіреді. Бұл атау текке берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы осы бақытты балалық шаққа сәйкес. Республикалық оқу–сауықтыру орталығы Балдәурен"- бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауы(contracted; show full)қысқы және жазғы арнайы төсегіш төселген алаңдар,шатырлы қала, топтық от алауын жағатын алаңдар, тренажер, спорт және ойын залдары Халықаралық стандартқа сай жабдықталған үлкен және жүзуді жаңа үйренушілерге арналған кіші жүзу бассейіндері бар. Балалар гидро – массаж душ кабиналарымен жабдықталған бөлмелерде тұрады. Бес рет дәрумендерге бай жас көкөністер мен жемістер және калориялы тағамдар беріледі. Диета сақтау столы бар.<ref>[http://www.baldauren.org/қаз/біздің-орталығымыз-жайлы/# Демалыс лагері]
 {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20131130170956/http://www.baldauren.org/%D2%9B%D0%B0%D0%B7/%D0%B1%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BC%D1%8B%D0%B7-%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D1%8B/ |date=2013-11-30 }}</ref>
==Білім кешені==
[[Сурет:Білім.jpg ‎|нобай|Білім кешені]]
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 36 мұғалім еңбек етеді. Педагогтардың сапалық құрамы: жоғары санатты- 27%; бірінші- 32%; екінші- 29%; санаты жоғы - 12% құрайды. Бүкіл ұжым 5 әдістемелік бірлестіктерге бөлінген. Бұл мына бірлестіктер: 

1. [[физика]], [[математика]], [[информатика]] пәндерінің бірлестігі ; 

2. [[жаратылыстану]] пәндерінің бірлестігі; 
(contracted; show full)
*методическое пособие для учителей истории «Использование информационных технологий на уроках истории» Яковенко А.А. Авторлық бағдарлама «Модельдеу әдісі» 5-9 сыныпоқушыларына арналған Нұркеева М.Н. Мұқашева З.Қ 
Жыл сайын мұғалімдер тікілей және сырттай Халықаралық ғылыми практикалық конференцияларға белсенді қатысады.<ref>[http://www.baldauren.org/қаз/ Білім кешені]
 {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20131127053537/http://www.baldauren.org/%D2%9B%D0%B0%D0%B7/ |date=2013-11-27 }}</ref>

==Тәрбие кешені==
Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қаматамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, қосымша білім беру бөлімі және «Жастар» педагогикалық отряды кіреді. 
(contracted; show full)лалардың ғана емес, сонымен қатар ұйы мдастырушы ұстаздардыңда шығармашылық белсенділіктерін көтереді. Осы жұмыстардың нәтижесін балалардың үйлеріне қайтардағы сөздерінен байқауға болады. Олар кетерде осы жерге қайта келгілері келетіндіктерін және өз ұйымдастырушы ұстадарын сондай қатты жақсы көріп, ұнатып қалғандықтарын айтып, хат жазып хабарласып тұруларын өтінеді, қайтсе де қайта кездесу мүмкіндіктерін қалайтындықтарын айтып, қимай қоштасып жатады.<ref>[http://www.baldauren.org/қаз/ Тәрбие кешені]
 {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20131127053537/http://www.baldauren.org/%D2%9B%D0%B0%D0%B7/ |date=2013-11-27 }}</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>