Difference between revisions 1925939 and 1925967 on kkwiki

[[Сурет:Энеолит.jpg|нобай]]
'''Энеолит''' ''(лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас)'' – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. [[Энеолит]] адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты(contracted; show full)
Үй құрылысына төбесі ағашпен жабылып, жартылай жерден қазылған көп бұрышты немесе шеңберлі құрылыстар салу басым болды. Энеолит кезеңінде қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратта  жалғыз жерлеу, сонымен  қатар қайтыс болған адамның бейнесін жасау дәстүрлері кездеседі.  Мұндай бейнелерге  қарап энеолиттік  адамның түр-сипаты  еуропалық нәсілге жататынын байқауға болады.
==Еңбек құралдарының жетілдіру==

[[Сурет:Энеолиттік ескерткіштер.jpg|нобай|Энеолиттік ескерткіштер: найзаның ұшы, қыш ыдыс]]
Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі  жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі ''еңбек өнімі'' деп аталады. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды,  нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті.
Сол кезеңдерде металдың кейбір  түрлері:  [[алтын, күміс, ]], [[күміс]], [[мыс]] табиғатта дайын күйінде кездесті.  Ең бірінші  қолданылған металл - мыс.  Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар  мыс өңдеуді  үйренді. Олардың мысты кездейсоқ  ашуы да мүмкін. Өйткені  мыс отқа таспен бірге жиі түсті. Адамдар өздері  "тас" деп ойлаған заттың отқа балқығанын,  суыған кезде өз пішінін өзгертіп,  жаңа пішін алатынын аңғарған.  Адамзат үшін зор  маңызға ие  болған жаңалық  осылай ашылған. Сөйтіп, тас, пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған энеолит кезеңі басталды. 
==Мыс-тас ғасырының ескерткіштері==
[[Сурет:Құралдар.jpg|нобай|Тас дәуірінің соңындағы құралдар-қырғыш, пышақ, кескіш, сына және тескіштер ]]
Қазақстан аумағында энеолит  кезеңінің  ерекше ескерткіші- [[Солтүстік Қазақстан]]дағы [[Ботай тұрағы]].  Ботай тұрағы б.з.б.  3-2 мыңжылдықтармен  мерзімделеді.  Бұл тұрақ  15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында  158 тұрғын үй табылды. Үйлердің  қабырғалары  жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.Энеолиттік ескерткіштер [[Маңғыстау]] жерінде де жолықты. Шебір елді мекені  маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған, тұбі  жұмыртқа  тәрізді болып келеді.  Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған. Шебір тұрағының тұрғындары  теңіз моллюскаларының  қабықтарын  моншақ етіп таққан.  Моншақтардың жиектері  мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.<ref>Ежелгі қазақстан тарихы- жалпы білім беретін мектептің  6-сыныбына арналған оқулық (Алматы "Атамұра" 2011)</ref>

== Дереккөздер ==
<references/>