Difference between revisions 1925996 and 2487118 on kkwiki

{{Біріктірілсін|Энеолит}}
[[Сурет:Энеолит.jpg|нобай]]
'''Энеолит''' ''(лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас)'' – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. [[Энеолит]] адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады. Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым– қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері [[Иманбұрлық]], [[Сексеуіл (1, 2)|Сексеуілді]] -1, -2]] және [[Павлодар]]ға жақын жерде, [[Ертіс өзені]]нің жағасына орналасқан [[Железинка]] поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болды.<ref>[http://www.tarih.spring.kz/kk/history/oldest/history/ Энеолит туралы]</ref>


==Мыс-тас ғасырының ерекшелігі==
Бірақ металл  тасты  қолданыстан  мүлдеп шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең  негізгі құрал ретінде  пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі  өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі  және аталық ру орнай бастады. 
Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың- егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ энеолитте бірыңғай  егіншілікпен айналысатын  тайпалар  әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан  бұл тайпалардың  мал шаруашылығымен де, аң және  балық аулаумен  де айналысуына  тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың  көп бөлігі егіншілікпен мүлдеп айналыспады. 
Үй құрылысына төбесі ағашпен жабылып, жартылай жерден қазылған көп бұрышты немесе шеңберлі құрылыстар салу басым болды. Энеолит кезеңінде қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратта  жалғыз жерлеу, сонымен  қатар қайтыс болған адамның бейнесін жасау дәстүрлері кездеседі.  Мұндай бейнелерге  қарап энеолиттік  адамның түр-сипаты  еуропалық нәсілге жататынын байқауға болады.
==Еңбек құралдарының жетілдіру==
[[Сурет:Энеолиттік ескерткіштер.jpg|нобай|Энеолиттік ескерткіштер: найзаның ұшы, қыш ыдыс]]
Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі  жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі ''еңбек өнімі'' деп аталады. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды,  нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті.
Сол кезеңдерде металдың кейбір  түрлері:  [[алтын]], [[күміс]], [[мыс]] табиғатта дайын күйінде кездесті.  Ең бірінші  қолданылған металл - мыс.  Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар  мыс өңдеуді  үйренді. Олардың мысты кездейсоқ  ашуы да мүмкін. Өйткені  мыс отқа таспен бірге жиі түсті. Адамдар өздері  "тас" деп ойлаған заттың отқа балқығанын,  суыған кезде өз пішінін өзгертіп,  жаңа пішін алатынын аңғарған.  Адамзат үшін зор  маңызға ие  болған жаңалық  осылай ашылған. Сөйтіп, тас, пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған энеолит кезеңі басталды. 
==Мыс-тас ғасырының ескерткіштері==
[[Сурет:Құралдар.jpg|нобай|Тас дәуірінің соңындағы құралдар-қырғыш, пышақ, кескіш, сына және тескіштер ]]
Қазақстан аумағында энеолит  кезеңінің  ерекше ескерткіші- [[Солтүстік Қазақстан]]дағы [[Ботай тұрағы]].  Ботай тұрағы б.з.б.  3-2 мыңжылдықтармен  мерзімделеді.  Бұл тұрақ  15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында  158 тұрғын үй табылды. Үйлердің  қабырғалары  жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.Энеолиттік ескерткіштер [[Маңғыстау]] жерінде де жолықты. Шебір елді мекені  маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған, тұбі  жұмыртқа  тәрізді болып келеді.  Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған. Шебір тұрағының тұрғындары  теңіз моллюскаларының  қабықтарын  моншақ етіп таққан.  Моншақтардың жиектері  мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.<ref>Ежелгі қазақстан тарихы- жалпы білім беретін мектептің  6-сыныбына арналған оқулық (Алматы "Атамұра" 2011)</ref>

== Дереккөздер ==
<references/>