Difference between revisions 2262970 and 2635559 on kkwiki

[[Сурет:Europe-western-countries.png|right|thumb|200px]]

'''Батыс евуропа әдебиеті''' [[Абай]] мұрасының маңызды бір қыры – [[Евуропа]] мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, [[талант]], [[дарын]] іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Евуропа мен Азияны, [[Батыс]] пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. [[Қазақ]] халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының батыс евуропа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. Абай мен батыс евуропа әдебиеті н сөз еткенде бүл атаудың шартты түрде алынғанын ескеру керек. Өйткені, дүниенің бір бөлігі - Евуропада толып жатқан халықтар әдебиеттері ішінен негізінде жалпы әлемдік, адамзатқа ортақ ежелгі [[грек]], [[рим]] мұраларының жекелеген нұсқалары, [[ағылшын]], [[француз]], [[неміс]], [[поляк]] ақын-жазушыларының туындылары қазақ ақынының шығармашылық жолында жақсы игерілген, олармен үндестіктер, сырластықтар, көркемдік ой ізденістердегі сабақтастықтар тапқан, ал бірқатары қазақша аударылған. [[Батыс Евуропа]] халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір евуропалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде, Евуропа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Ақын еңбектерінің биік нысаналы өрісінің тағы бір қыры - М. О. Әуезов сөзімен айтсақ, «езінде Евуропа, өзі Евуропада боп, қарға тамырлы боп байланысқаны... Бүл белгі - сүйсінерлік нағыз ірі белгі» (М. Әуезов Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 264-6.). Қазақ филологиясының абайтану саласында Әуезов айқындап кеткен ғыл. тұжырым бойынша Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен, қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы, ауыз әдебиеті қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик. көркем поэзиясы, үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Евуропа мәдениеті десек, «ез заманы үшін, әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек» болған Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюіне апаратын даңғыл жолды тап басатынымыз сөзсіз, бүл Абайтану ғылымында едәуір зерттелген мәселе. Алайда ақынның орыс мәдениеті арқылы Евуропа мәдениетімен байланысы, Евуропадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырғаны әлі арнайы зерттелген жоқ.

Евуропамен таныса келе Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бүл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Евуропа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, улы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен керінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Евуропа елдерінің мол қазынасына жалғыз езі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті.

Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Евуропалық [[философия]], [[тарих]], [[мәдениет]], [[әдебиет]] қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған, күнделік, не басқа да жазба деректер жоқ, жазылды ма, жоқ па - ол жағы да беймәлім. Алайда Абай өмір сүрген кезде Қазақстанда, Семейде болып, осы аймақты, әсіресе, оның тынысын жан-жақты зерттеген, [[Семей]] кітапханасының қорын тәптіштей сипаттап, ақын туралы жазба мәліметтер қалдырған американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның деректеріне және Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Семейдің кітапханасы каталогінің (1902-1910) тізімінде көрсетілген мәліметтерге қарағанда Абай білген Батыс Евуропа кітаптары едәуір қомақты болған. Сол кезде Семей кітапханасында [[Спенсер]], [[Спиноза]], [[Р. Декарт]], [[Д. С. Милль]], [[Дрэпер]], [[Чарлз Дарвин]], [[У. Шекспир]], [[И. В. Гете]], [[Ф. Шиллер]], [[Г. Гейне]], [[Д. Байрон]], [[О. Бальзак]], [[А. Мицкевич]], [[А. Дюма]] т. б. авторлардың шығармалары жинақталыпты. Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болған Абайдың рухани өрісінің кеңейе түсуінің бір қыры - осы. Бұл хақында Әуезов:
<poem>
«Батыс Евуропа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Евуропаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Евуропа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Евуропаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Евуропа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Евуропа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі»,
</poem>
- деп жазды. (М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 253 б.). Әуезов Абайдың бұлармен қатар Батыс Евуропада орта ғасырда етек алған діни [[сот]] - инквизицияның зұлымдықтарын суреттейтін романдарды кеп зерттегенін, Евуропада әкімшілік қырған патша, [[король]] нәсілдерінің [[сарай]] тартысын білу ниетімен, Александр Дюма романдарын кеп оқығанын, кейін «[[Үш ноян]]», «[[Он жыл өткен соң]]», «[[Патша әйел Марго]]» романдары ақынның әңгімелеуі бойынша елге танылып, ертек боп кеткенін айтады. Африкада, Америкада, Австралияда немесе басқа бір жабайылар арасында тіршілік еткен білімді кісілер немесе жергілікті адамдардың ішінен шыққан намысқой ерлер, ақылды адамдар туралы әңгімелерді де Абайдың сүйсіне оқығандығы туралы деректер бар. Сондай-ақ Әуезов Африкадағы негрлер (Абай сөзімен айтқанда зәңгілер) мен ақ нәсілділер арасындағы жұлқыс-тартысты бейнелейтін «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» деген әңгімелер де Абайдың ертегі етіп таратқан әңгімелері екендігін, ақынның осылайша Евуропа жазушыларының да көптеген әңгіме-дастандарын еліне жая жүргенін дәлелдейді. Бұл айтылған деректердің өзі-ақ Абай назар аударған, оқып, біліп, таныған Евуропалық мәдениет қазынасының көлемі қандай болғанын танытады. Абайдың Евуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы оның орыс әдебиетімен байланысының бір қыры, бір бөлігі. Орыс тілі, орыс әдебиеті, орыс классиктері арқылы дүние жүзі мәдениетінің үлгілерімен танысқан Абай Евуропадағы кейбір мәдени-әдеби құбылыстарды өз жұртының талап- талғамына сай халықтың рухани қажетіне жарата білді. Абай шығармаларындағы Евуропа әдебиетінің белгілерін оның орыс классиктері ерекше қадір тұтқан антиканың көне классик. тарихы мен әдебиетіне оқта-текте соғып отыруынан, бүкіл Батыс, Шығыс тарихын бірдей әңгіме еткен «Ескендір» жайынан әңгімелі-өлең жазуынан, классиктер Шиллер, Гете, Байрон, Мицкевичтердің кейбір өлеңдерін қазақшаға аударуынан, бірсыпыра батыс романдарын әңгімелеп, ел арасына таратуынан, өзінен кейінгі жас ақындарға сыртқы өзге елдер жайында шығармалар жазуына ақыл беріп, тақырып ұсынып, әсер етуінен керуге болады. Бұл белгілер халқымыздың рухани тарихында маңызы зор ерекше құбылыстар еді.

Абай мұрасының ежелгі антикалық және элладалық тарихпен байланысы да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эллада мәдениеті мен әдебиеті адамзаттың даму тарихында ерекше орын алатыны белгілі. «Грекия мен Рим салған фундаментсіз қазіргі Евуропа да болмаған болар еді» деп жазды Ф. Энгельс «Анти-Дюринг» деген еңбегінде (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч. Т. 20, С. 185 ). Грек өнері мен эпосы «бізге көркемдік ләззат береді және белгілі бір дәрежеде норма мен үлгі де бола алады», - деді К. Маркс (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч., Т. 12. С. 737). Орыс жазушылары, әсіресе, Абай айрықша назар аударған И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов та антикалық дәуірдің көркем мұраларын жоғары бағалаған. Антикалық мәдениет пен әдебиеттің орыс қоғамында жоғары бағал(contracted; show full)ірі мен әрекеттеріне жақындата суреттеуі. Тарихта болған адамның көркемдік бейнесін суреттеуде тарихи шындық негізін сақтау деген талапты Шығыс «Александриясы» көп сақтай бермейтінін Бетель жоғарыда келтірілген сөздеріңде анық айтқан. Ал, Абай өз дастанына оның шын бейнесін елестететін деректерді негіз етеді. Ескендір туралы тек шығыс елдері шығармаларымен шектеліп қалмай, ақын өзіндік зерттеу, ізденулер жүргізген. Сондықтан да бұл дастанда ақын мурасына тән өз халқының, шығыс және орыс, сол арқылы Батыс Е
вуропа мәдениеттерінің табиғи ұштасу белгілері айқын көрінеді. Батыс классиктері Шиллер, Гете, Байрон, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдерін Абай Құнанбаевтың алғаш рет қазақ тіліне аударуы халқымыздың рухани тарихында маңызды құбылыс болды. Жарқылдаған романтикаға толы, игілік пен сұлулықты, сүйіспеншілік пен сенімді паш ететін Шиллердің ғажайып жарқын поэзиясы абзал адамгершілікті, шындықты, әділет идеяларын аңсаған барлық адамдар сияқты Абайды да қатты қызықтырған. Шиллер шығармаларымен Абай орыс ақындарының, кө(contracted; show full)
Мицкевичтен Абай аударған екінші өлең - «С. Б. альбомына». Бүл елеңнің кімге арналғаны әлі толық анықталмаған. Мазмұнына қарағанда бүл өлеңді ақын декабристер және 1830 жылғы поляк қозғалыстарынан кейін Е
вуропа реакциясы етек алған ауыр жылдарда жазған. Ақынның көңілсіз, минорлық көңіл-күйі, жарқын келешектен үміт еткен кездерін еске түсіріп қамыққан жайы, «ызыңдаған боран-бұрқасын» жағдайындағы қапаланған хәлі айқын сезіледі. Мазасыз боранды реакция бейнесі деуге болады. Түпнұсқаның жалпы мазмұнын сақтай отырып, бүл өлеңді қазақ тіліне еркін аударған да, өз тарапынан «дүрілдеген нажағай», «бұрқыраған жауын», «бағы қайтқан қауым» сияқты сездер қосып, өлеңге едәуір қоғамдық-саяси рең берген. Мицкевич елеңіндегі соңғы шумақ Абайда жоқ. Абай аудармаған ба, әлде аударса да бізге жетпей жоғалып кеткен бе - ол арасы белгісіз. Абай аударған осы тамаша лирик. елең екі ақынның көңіл-күй әлемінде бір-біріне жақын үндестіктер, орайлас ойлар болғанын да аңғартады.
Ағылшын басқыншылығы мен жүз жылдық азаттық күрес кездерінде ерекше ерлігімен көзге түскен француз халқының батыр қызы Жанна дАрктың есімін қазақ ақынының құрметпен еске алуы да оның өзге елдер тарихымен мықтап шұғылданғанының айғағы. Отыз жетінші сөзінде А. Құнанбаев көпшілік үшін қандай қиындықтан болса да бас тартпаған ержүрек жандардың қатарында Жанна д.Аркты атап: «Оны отқа жаққан кім?» - дейді де, тобыр топастығы, надандық екендігін ашық әшкерелейді.

Қазақтарды Батыс Евуропа әдебиеттерінің кейбір үлгілерімен таныстыруда, ол шығармалардың ел арасына ауызша әңгіме түрінде таралуына Абай үлкен қызмет атқарды. Әуезов көрсеткендей Абайдың ауызша айтуы бойынша халық арасында ертекке айналып кеткен А. Р. Лесаждың «Ақсақ француз», Александр Дюманың «Үш ноян», «Он жыл еткен соң», «Патша әйел Марго» романдары соның куәсі. «Қызыл сақал» деген атпен ертек түрінде айтылған инквизиция заманының романы, Африка, Америка, Австралия тұрғындары жайынан әңгімелер, «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» т. б. әңгімелері сол Абай әңгімелеген қалыпта қағазға түсірілмей қалған. Сөйтіп, халықтардың рухани, мәдени қазыналары алмасу арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Дүние жүзі мәдениеті тарихында маңызы зор болған көне заман деректеріне қазақ ақынының назар аударуы, сол тақырыпта шығарма жазуы, Батыс Евуропа классиктерінің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударуы, біраз әдеби туындыларды ауызша елге таратуы - қазақ әдебиетіндегі тағы бір соны да игі, маңызы зор тың бастама болды. Бұл жаңалық қазақтың ұлттық әдебиетінің тар шеңберден шығып, бүкіл адамзаттың көркемдік даму құбылыстарымен байланыста дамуына жол ашты. Абай сол жолда ез халқының ғасырлар бойғы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорын жалғастырушы көпір қызметін атқарған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
==Тағы қараңыз==
*[[Абай Құнанбайұлы]]
*[[Еуропа]]

==Сыртқы сілтемелер==
*http://qalamger.idhost.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=29&Itemid=147&fd577ff0d41a1edb1022f6d18d9f83ca=886bcbf2251c2d9b90897f296142e5a2
==Дереккөздер==
*Кеннан Дж. «Сибирь и ссылка». - СПБ., 1906;
*Ауезов М. О. Абай Құнанбаев. - В кн.: Мысли разных лет. - А.-А., 1961;
*Казахская литература в оценке зарубежной критики. - Сб. - А.-А., 1971; 
*Сат - паева Ш. К. Казахско-Европейские литературные связи 19-1-я половина 20 вв. - А.-А., 1972; 
*Казахская литература и Восток. - А.-А., 1982.
<references/>

{{wikify}}

[[Санат:Абай энциклопедиясы]]
[[Санат:Әдебиет]]


{{stub}}