Difference between revisions 2303055 and 2303062 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = механика-математика факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[Сурет:Mehmat.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             = Математика - ғылымдар патшасы 
| құрылған жылы     = 1934
| деканы            = техника ғылымдарының докторы, доцент Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы
(contracted; show full)
-"Эксперттік жүйелер "
Кафедра түлектері оқу аяқталысынан кейін жаңа компьютерлік технологиялар қолданылатын кез-келген облыста жұмыс жасай алады, сонымен қатар мемлекеттік және ғылыми ұйымдармен қатар финансалық–коммерсиялық құрылымдарда да жұмыс жасайды. Магистратура түлектері өз оқуын докторантурада жалғастыра алады және «философия докторы» (Ph.D) дәрежесін алып шығады.

=== Ақпараттық жүйелер кафедрасы ===
Ақпараттық жүйелер кафедрасы өзінің бастауын  
[[1973 жыл|1973 жылы]] ашылған «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасынан алады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі  физика-математика ғылымдарының докторы Қ.А.Қасымов болды.  Одан кейін кафедраны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Тайцлин,  техника ғылымдарының докторы, профессор М.М.Телемтаев басқарды.

[[1989 жылы|1989 жылы]] «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика» мамандықтарымен «ЭЕМ және кибернетика» кафедрасы ашылды. Осы кезде кафедра меңгерушісі қызиетін техника ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров атқарды. «Математикалық кибернетика» мамандығы КСРО ҒА  мүшесі  Яблонскийдің колдауымен ашылған болатын.

[[1994 жыл|1994 жылдан]] бастап кафедрада А.А.Жданов атындағы ЛМУ-нің  «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасының түлегі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Дүйсембаев жұмыс істеп келеді. Кафедрада В.М.Глушков атындағы  ([[Киев]] қаласы, [[Украина]]) Кибернетика институтының аспиранты физика-математика ғылымдарының кандидаты  А.К.Сарбасова жұмыс істейді. Өз кезегінде кафедраның мүшелері болып физика-математика ғылымдарының докторы Т.Ж.Мазақов және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс жасап отырған А.А.Жданов атындағы ЛМУ-нің түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К.Мамытбеков жұмыс жасаған.
[[1997 жылы|1997 жылы]], яғни «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика»  кафедраларының  бірігуінен кейін кафедра «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика»  деп аталды. Ал, кафедра меңгерушісі болып  конкурс бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров таңдап алынды. Еңбек нарығында туындаған сұраныстарға сәйкес кафедрада «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» деп аталатын жаңа мамандық  ашылды.
[[2001 жыл|2001 жылдың  ]] [[қараша]] айында «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика» кафедрасы «Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер» және «Информатика» кафедрасы болып екіге бөлінді.
[[2002 жыл|2002 жылдың]] қазанынан бастап  математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Данаев болды, ал [[2003 жыл|2003 жылдың  ]] [[сәуір]] айының аяғынан бастап кафедраны техника ғылымдарының докторы, профессор У.А.Төкеев басқарды. Сол кезден бастап математикалық [[кибернетика]] және ақпараттық жүйелер кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болып өзгертілді.     
[[2011 жыл|2011 жылдың  ]] [[14 сәуір|14 сəуірінен]] бастап кафедра меңгеруші қызметін техника ғылымдарының докторы, профессор Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы атқарады.

Кафедра ақпараттық жүйелер саласы бойынша мамандар дайындайды және 5B070300 – Ақпараттық жүйелер (бакалавр) мамандығы; 6N070300 – Ақпараттық жүйелер (магистратура) мамандығы;  6D070300 – Ақпараттық жүйелер (PhD-доктарант) мамандығы бойынша талапкерлерді жинайды.

(contracted; show full)

ЖҰМАҒҰЛОВ БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ - техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі

ТЕМІРБЕКОВ НҰРЛАН МҰҚАНҰЛЫ - ҰИА академигі,  физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор  

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]