Difference between revisions 2316208 and 2955816 on kkwiki

<big>'''Ербол Жуасбек''' - [[Семей]]дегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының көркемдік жетекшісі.<br />
1974-жылы ақпан айының жетісінде [[Жамбыл облысы]],Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келді.
1980-жылы жалпы білім беретін орта мектептің табалдырығын аттап, 1990-жылы бітіріп шықты.

1992-жылы Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтының (бұл күндері Ұлттық Өнер Академиясы) театр факультетіне оқуға түсті.

1996-жылы осы аталған оқу орнын «драма және кино актері» мамандығы бойынша бітірді.

1997-2001 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық драма театрында актер болып еңбек етті.

2002-жылы [[Ғабит Мүсірепов]] атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық жасөспірімдер мен балалар театрына актер ретінде жұмысқа қабылданған.

2012-жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрының көркемдік жетекшісі.<br />

Қойған қойылымдары:  Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын, А. В. Вампиловтың «Әріп терушінің әбігері» трагикомедиясы,[[Шыңғыс Айтматов]]тың шығармасы бойынша қойылған «Қош бол, Гүлсары» спектакльдерді сахналады.<br />
<ref>http://www.teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/zhiyasbek-erbol.html {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20150518101158/http://www.teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/zhiyasbek-erbol.html |date=2015-05-18 }}</ref>
</big>