Difference between revisions 2324992 and 2520730 on kkwiki'''Мендіқұлов Малбағар''' (10.11. 1909, [[Орынбор облысы]] Адамовка ауданы Қарабұтақ ауылы - 17.8.1986, Алматы) - архитектор, сәулет өнері ғылымының профессоры (1976), [[Қазақстанның еңбек сіңірген аәртиісі|Қазақстанның еңбек сіңірген архитектор]] (1970). [[Екінші Дүниежүзілік соғыс|2-дүниежүзілік соғысқа]] қатысқан. Ташкент Орта Азия индустрия (қазіргі политехникалық) институтын бітірген (1936). 1937 - 1941 ж. және 1945 - 1947 ж. Ташкент қаласында қызмет етті. 1953 - 62 ж. [[Қазақстан ғылым академиясы]]ның Архитектуралық құрылыс материалдар институтының директоры, [[Қазақстан Министрлігінің Кеңесі]]нің жанындағы архитектуралық істері басқармасының бастығы, КСРО Құрылыс және архитектуралық академиясы қазақ филиалының жетекшісі, 1964 - 1971 ж. Алматы қаласының бас архитекторлық қызметін атқарды. 1971 - 80 ж. Қазақ политехникалық институты архитектура тарихы кафедрасының меңгерушісі (1976 жылдан профессор) болды. Архитектура саласындағы басты еңбектері: Ташкент газет-журнал комбинатының үйі (1959, басқалармен бірге) және М.Әуезов пен Жамбыл ескерткіштері, т.б. Қызыл Ту, 1-және 2- дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, "Құрмет белгісі" ордендері және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> ==Дереккөздер== <references/> {{Stub: Қазақ мәдениеті}} {{wikify}} {{Суретсіз мақала}} [[Санат:Тұлғалар]] [[Санат:Мәдениет]] All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=2520730.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|