Difference between revisions 2325220 and 2811159 on kkwiki

{{уики}}
{{Факультет
| атауы             = Шығыстану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[Сурет:Шығыстануфак.gif|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1989
| деканы            = филология ғылымдарының докторы, доцент Жұбатова Баян Нурсултанқызы PhD докторы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы
| орналасқан жері   = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты             = www.kaznu.kz
| e-mail            = 
}}

== Тарихы ==

Егемен Қазақстан - бүгінде өзінің шынайы тарихын қалпына  келтіріп, аймақтық көсбасшы ретінде әлемнің басқа елдерімен белсенді түрде қарым-қатынасын орнатып отырған Орталық Азиядағы ірі мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанның басқа Шығыс елдерімен қарым-қатынасын, олардың  тарихы мен экономикасын және мәдениетін, сонымен қатар қазақтардың өз тарихын да зерттеу үшін,    шығыстанушы мамандарға деген қажеттілік бұрыннан да өте жоғары болып отыр. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың республикалық ірі орталыққа айналды. Шығыс тілдерін үйрену (соның ішінде араб тілі) университет қабырғасында XX ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. 1989 жылы  Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы мен араб тілі кафедрасының негізінде ашылған шығыстану факультеті   шығыс елдерінің тілі мен тарихын оқытудың 40 жылдан астам қалыптасқан дәстүріне сүйенеді.

Қазақстандық шығыстануды ғылымның әрі көне, әрі жас саласы деуге болады. Себебі ежелгі Қазақстан жерінде ықылым замандарда әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари сияқты Шығыстың ұлы ойшылдары  өмір сүріп, өз туындыларын жазған. Кейін бұл дәстүрлерді Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде жалғастырды.

== Басшылық ==
Факультет деканы Жұбатова Баян Нурсултанқызы 1961 жылы 28 қыркүйек күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 1980-1985 жылдары филология факультетінің араб бөлімінде оқып, 1985 жылы аяқтаған. Университетті аяқтаған соң, Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген. 1989 жылдын бастап әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-те жұмыс істей бастайды.

Қызметінің негізгі бағыттары: лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша жоғарғы білікті маман, оқу үрдісінде кең қолданылатын шамамен 30-ға жуық оқу-әдістемелік кешенннің, оқулықтар мен оқу құралдарының құрастырушысы. Көптеген халықаралық және республикалық конференцияларға баяндамалар дайындап, әрдайым бітіру жұмыстарына, магистрлік, докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді.  Бірнеше мемлекеттік білім беру стандартын жасауға атсалысты, атап айтқанда «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтарының білім беру стандарттарының авторларының бірі. Ғылыми кеңес беруші және оппонент ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білім Институты мен университетте  кандидаттық және докторлық диссертацияларды талқылауға, экспертиза және қорғауға қатысады. Еліміздегі баспадан шығатын монографияларға, оқулықтар мен оқу әдістемелеріне сын пікір  береді, "Шығыстану" мамандығы бойынша Республикалық оқу әдістемелік кеңесті  басқарады.

2001 жылы «Қазақ қиссадастандарындағы араб, парсы сөздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, ал 2010 жылы  «Қазақ тіліндегі араб, парсылық фразеологизмдер» атты тақырыптағы докторлық диссертациясын қорғаған. 
Мемлекттік бағдарлама «Мәдени мұра» аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білім Институтындағы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (15 томдық)  атты жобаға қатысып, «Түрік әлемі және Шығыс: тілдік-мәдени байланыстар (диахрониялық аспект)»  атты ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады.
Қазіргі таңда факультет деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы. Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы 09.04.1977 жылы дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті бітіреді. Осы жылы (1994 ж.) Жамбыл обылысы Мерке ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты екі жылдық медресеге түсіп, оны бір жылда үздік тамамдайды. 1995 жылы Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отрар) университетінің бірінші курс студенті болып қабылданады. Бірінші курсты бітірген соң университеттің жолдамасымен бір жылға Түркияға оқуға барады. Ол жақта (1996 ж) Қожа Ахмед Йассауи атындағы Құран курсында түрік тілін меңгерумен қатар діни сауаттылығын арттырып 1997 жылы елге қайта оралады да университеттегі оқуын қайта жалғастырады. Төртінші курсқа келгенде тағы да университеттің жолдамасымен Ливия Араб Жамаһириясындағы «Куллиятуд-дағуа әл-Исләмия» университетіне қарасты екі жылдық «Маъһадул-луғатил арабия» атты араб тілін дамыту институтына түсіп, оны 2001 жылы бітіріп, елге қайтады. Қазақстанға келген соң университеттегі оқуын қайта жалғастырады. 2002 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің оқытушысы деген мамандық бойынша бітіріп, үздік біліктілік дипломын иеленеді. Осы 2002 жылдың күзінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіне шығыстану мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 2004 жылы аяқтайды. Магистрлік диссертациясын «Қазақ және араб тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлем» атты тақырыпта қорғап, осы 2004 жылы шығыстану магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иеленеді. 2009-2012 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Шығыстану мамандығы бойынша (PhD) докторантурада оқып, «Абай Құнанбайұлының шығармаларында Құран және хадис мәтіндерінің интерпретациялануы» атты тақырыпта докторлық диссертация жазған. 2013 жылдың мамыр айында 6D020900- Шығыстану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағын иеленеді. Палтөре Ы.М. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Таяу және Орта шығыс кафедрасында оқытушылық қызметпен қоса 2010 -2015 жылдар аралығында ҚР Орталық мемлекеттік архивінде архив қорларын пайдалану және жариялау бөлімінде жетекші маман ретінде жұмыс жасаған. 2015-2017 жылдары аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында сирек басылымдар мен қолжазбалар бөлімінде білікті маман ретінде қызмет атқарған. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы қызмет атқарып келеді.
== Халықаралық қызмет ==
Шығыстану факультеті Шығыс елдерінің ірі университеттерімен, ғылыми және оқу орталықтарымен, Қазақстандағы Шығыс елдерінің халықаралық қорларымен және дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз қарым- қатынас орнатқан.Бүгінігі күнге дейін Шығыс елдерінің жетекші 15 университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
 
Сонымен қатар, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде студенттер мен оқытушылардың шетелдік стажировкалары жүзеге асырылады: 
(contracted; show full)

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]