Difference between revisions 2431162 and 2431521 on kkwiki

'''Жанама''' — 
# [[Жанама (Алакөл ауданы)]] — [[Алакөл ауданы]]ндағы [[ауыл]], ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы — [[Үшарал қаласы]]нан батысқа қарай 15 км жерде, [[Шынжылы]] өзенінің аңғарындағы қамыс, құрақ, көкпек, бұйырғын, дегелең өскен шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (1999). 1974-96 ж. '''Жанама''' қызылша өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 ж. шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
# [[Жанама (Ақжайық ауданы)]] — [[Ақжайық ауданы]]ндағы ауыл, [[Сарытоғай ауылдық округі]]нің орталығы. Аудан орталығы — [[Чапаев ауылдық округі (Ақжайық ауданы)|Чапаев]] ауылынан оңтүстікке қарай 180 км жерде, Жайықтың сол аңғарлық жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен шалғынды қоңыр топырақты қуаң шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1,0 мың адам (1999). 1994 ж. дейін ''«Зауральный»'' деп аталды. Іргесі 1965 ж. ''«Зауральный»'' қаракөл қой [[кеңшар]]ын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жанамада және ауылдық округке қарасты [[Сарман ауылы]]нда 17 [[Шаруа Қожалығы]] құрылды. Ауылдарда орта және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

==Дереккөздер==
<references/>

{{wikify}}

{{Суретсіз мақала}}

[[Санат:Өңірлер]]



{{Stub}}