Difference between revisions 2456200 and 2536437 on kkwiki{{Біріктірілсін|Досжан Қашақұлы}} '''Досжан ишан Қашақұлы''' (1812 1896) - діни [[ағартушы]]. Әкесі Қашақ молла. Солтүстік [[Үстірт]] (Доңызтау) пен оған көршілес жатқан [[Сам құмы]]н, Ембі шөлін қоныстанған табын руының шөмішті аталығынан шыққан. Досжан ишан бір мәліметтерде XIX ғ-дың ортасында әлім руынан шыққан Нұрпейіс ишанмен бірге, енді бірінде 1874 ж. [[Абай Құнанбайұлы|Абайдың]] әкесі [[Құнанбай Өскенбайұлы|Құнанбай]] бастаған бір топ қазақтармен бірге [[Мекке]]ге қажылық сапармен барып қайтты деп көрсетіледі. Қажылық сапардан оралған соң Досжан ишан [[Доңызтау]]дағы Қайнар деген жерде, кейін Шилісуда (қазіргі [[Ақтөбе облысы]], [[Темір ауданы]], [[Шұбарқұдық (Ақтөбе облысы)|Шұбарқұдық]] елді мекенінің маңындағы Ишан ата кешені) екі үлкен [[мешіт]] салғызды. Екінші мешітті Бірман ұста салған. Досжан ишан Ишан ата кешенінде жерленген.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref> ==Дереккөздер== <references/> {{wikify}} {{Суретсіз мақала}} [[Санат:Дін]] [[Санат:Ислам]] [[Санат:Тұлғалар]] {{Islam-stub}} All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=2536437.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|