Difference between revisions 2570874 and 2705129 on kkwiki⏎ ⏎ ⏎ ⏎ {{Факультет⏎ ⏎ | атауы = Физика-техникалық факультеті | университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]] | суреті = [[Сурет:физика.gif|100px]] | халықаралық атауы = | ұраны = Біз өмірді өзгертеміз | құрылған жылы = 1934 | деканы = Физика-Математика ғылымдарының докторы, Профессор Давлетов Аскар Ербуланович | орналасқан жері = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71 | сайты = www.kaznu.kz | e-mail = }} == Факультет тарихы == [[Физика]] факультеті 1934 жылы 15 қаңтарда физика-математикалық [[факультет]]тің бөлімі ретінде [[профессор]] В.Ф. Литвиновтың басшылығымен құрылған. 1959 жылдың мамыр айында факультет физика-математикалық факультеттен бөлек физика факультетіне айналды. Факультеттің бас [[декан]]ы, доцент Н.Д. Косов тағайындалды. Кейін факультеттің декан лауазымына доцент Н.С. Страшников, доцент С.И. Исатаев, профессор В.П. Ерматов, Ш.Ш. Сарсембинов иеленді. 1991-1998 жылдар аралығында физика(contracted; show full) ЖЫЛУМАССАТАСЫМАЛДАУ ПРОЦЕСТЕРІН МОДЕЛДЕУ ЛАБОРАТОРИЯСЫ Жетекшісі – физика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқарова Әлия Сандыбаевна. '''Лабораторияның халықаралық қарым-қатынасы''' -Институт теплотехники и топливных технологий, ИТГВ, Технический Университет г. Брауншвайг; -Лионский Центральный Институт, г. Лион, Франция; -Imperial College London Mechanical Engineering Department, Лондон, Великобритания . -2008 жылы желтоқсан айында Брауншвайг қаласында (Германия) проф. Ә.С. Асқарованың қатысуымен қызметтестік [[Меморандум]]ға қол қойылды. ЖЫЛУ ЖӘНЕ МАССААЛМАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЛАБОРАТОРИЯСЫ Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор [[Совет Исатаев]] Исатаевич. Жылу және масса алмасу мәселелері лабораториясын Қазақстандық жылуфизика мектебінің негізін қалаушы [[Лев Абрамович Вулис]] құрған. Исатаев С.И. 30 жылдан астам уақыт «П/я – В8685» Бас институтының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша физика факультетінде криогенді лаборатория құрылды. Лабораторияның негізінде «Төменгі температуралар физикасы» мамандығы ашылды. БІРТЕКТІ ЕМЕС ОРТАДАҒЫ ЖЫЛУМАССАТАСЫМАЛДАУ ЛАБОРАТОРИЯСЫ Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор [[Жаврин Юрий Иванович Жаврин]]. Лаборатория 1995 жылы профессор Н.Д.Косовтың басшылығымен құрылды. Лаборатория қызметкерлері көпкомпонентті газ қоспаларындағы диффузияны зерттейді. Зерттеу нәтижелерін ғылым мен техниканың көптеген облыстарында, оның ішінде [[астрофизика]]да, [[геология]]да, [[биология]]да, химияда және жаңа масса алмасу технологияларын құрасытуда қолдануға болады. КРИОФИЗИКА ЖӘНЕ КРИОТЕХНОЛОГИЯ ЛАБОРАТОРИЯСЫ Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Дробышев Андрей Степанович. (contracted; show full) '''Ядролық физика кафедрасы''' 1938 жылы құрылған. оның алғашқы меңгерушісі «металл бетіндегі электрлік құбылыстар» ғылыми мәселесі жетекшісі, доцент Л.Н Добрецов болды. 1946 - 1961 жылдарда кафедра меңгерушісі болып, Изотоптар физикасы, радиохимия және ядролық физика саласындағы білікті мамандардың бірі болған, профессор В.В Чердынцов . қызмет атқарды. 1958 жылы кафедрада ғарыш сәулелері және жер қыртысындағы ядролық процесстер зертханасы ашылды. 1959 жылы кафедра екі кафедраға бөлінді: Радиактивті сәулелер (кафедра меңгерушісі В.В Чердынцов ) және ядролық физика (кафедра меңгерушісі академик Ж.С токибаев). Осы жылдары радиоактивті сәулелер кафедрасының қызметкерлерінің жасалған жұмыстары вулканология, геохимия салаларында радионуклидтарды қайта өңдеуге және зерттеуде шешуші роль атқарады . 1960 жылдан бастап радиоактивті сәулелену кафедрасының негізгі ғылыми бағыты тау жыныстарындағы радиоактивті сәулелердің жұтылуы мен шашырауын зерттеу болып табылды. Кафедра Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ядро-физикалық құбылыстарды пайдалы қазбалар кен орындарында практикалық жағдайларда және мұнай өңдеу өндірістерінде, қара металлургия өндіруге қолдану мақсатында зерттей бастады. Осы бағытты дамыту барысына профессор Л.И Шмонин үлкен үлес қосты. (contracted; show full) 2011 жылдан бастап теориялық физика кафедрасы және Халықаралық ядролық физика, ядролық энергетика және технология кафедраларының бірігуі нәтижесінде кафедраны физика-математика ғылымдарының докторы, доцент Әбішев Медеу Ержанұлы басқарып келеді. === Қатты дене және бейсызық физика кафедрасы === Қатты дене және бейсызық физика кафедрасы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетіндегі ең алғашқы кафедралардың бірі. [[Сурет:fizkaf.gif|500px|thumb|center]] === Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасы === Оптика және плазма физикасы кафедрасы 1983 жылы жалпы физика кафедрасында құрылған оптика және спектроскопия және плазма физикасы бойынша мамандандыру кафедрасы негізінде 1987 жылы құрылды. Кафедраны физ.-мат. ғыл. докторы, профессор Ю.В.Архипов басқарады. Кафедра меңгерушісінің орынбасары: физ.-мат. ғыл. кандидаты, доцент Қоданова С.Қ. Кафедра осы уақытқа дейін физика бойынша 500-ден аса мамандар дайындады, олардың ішінде В.Е.Павлов, Б.Т.Ташенов, Л.И.Плескач, Т.С.Рамазанов, Ю.В.Архипов, Бактыбеков К., Мухаметов Д.Г., Файн Э.Э. сияқты ғылым докторлары, 30-дан аса ғылым кандидаттары бар. (contracted; show full).-мат. Ғылымының докторы профессор И.Л. Генкин басқарды. Ол аспандық механика және жұлдыздардың динамикалық жүйелерін зерттеуде көп үлес қосты. Өзінің зерттеуінде (Л.П. Осипковпен бірге) «Жұлдыздық динамика жүйесіне кіріспе» атты ғылыми монографиясын «Ғылым» баспасында жазып шығарды. 1977 жылы доцент Б.А. Шабдукаримов басшылығында заттарды спектр әдісімен зерттеуді жетілдіруіне және дамуына көптеген жұмыстар жүргізілді. Биологиялық және сұйық түрінде азот изотоптардың макрокөлемін анықталу әдісі ұсынылған болатын (т.ғ.л. Ф. Ярмухамедова) және де корреляциялық регрессиондық спектрлік талдау әдісі енгізілген болатын (Е.А. Пушкарева). 1994 - 1996 ж.ж. ф.м.-ғ.к. профессор К.Б. Жуманов кафедраны басқарды. Оның басшылығында кафедрада жалпы оқыту курстары бойынша әдістемелік құрал-жабдықтарға қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылған болатын. 1987 жылдан бастап оптика және плазма физикасы кафедраны ҚР ҰҒА. мүшесі ф.-м.ғ.д., профессор Бәйімбетов Ф. Б. басқарды. Оның көмегімен кафедрада плазма физикасын зертеуге және плазманың импульстык ағыны материалдармен әсерлесуін ғылыми жұмыстар басталған болатын. '''Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары''' Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары плазма физикасының фундаментальды және қолданбалы мәселелері бойынша жүргізілуде. Кванттымеханикалық эффектілермен қатар, корреляциялық эффектілерді ескеретін плазмадағы бөлшектерді өзара әсерлесу моделдері құрастырылуда. Кафедрада жүргізілетін ғылыми зерттеулер Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТҒЗИ) арқылы басқарылады және қаржыландырылады. ЭТҒЗИ құрамында плазма физикасы бөлімі бар. Бөлімнің меңгерушісі - ҰҒА академигі, профессор Бәйімбетов Ф.Б. Плазма физикасы бөліміне үш лаборатория кіреді: 1. «Плазмадағы сызықты және корреляциялық процесстер» ( лаборатория меңгерушісі - ф.-м.ғ.д., профессор Архипов Ю.В). 2. «Плазмадағы процестерді математикалық моделдеу» (лаборатория меңгерушісі - ф.-м.ғ.д., доцент Жұмағұлова Қ.Н., ғылыми жетекші - ф.-м.ғ.д., профессор Рамазанов Т.С. ) 3. «Импульсті плазмалық үдеткіш» (лабор. меңгерушісі - ф.-м.ғ.к., доцент Жүкешов А.М.). '''Халықаралық байланыстар''' Кафедра ТМД елдеріндегі және шет мемлекеттердегі ғылыми орталықтарымен: [http://kiae.ru Курчатов институты], ядролық синтез институты, РАҒ жоғары температуралар Біріккен институты, РАҒ [http://lebedev.ru/ П.Н.Лебедев атындағы физикалық институты], РҒА [http://gpi.ru Прохоров атындағы жалпы физика институты], [http://mipt.ru Мәскеулік физика-техникалық институты], [http://msu.ru М.В.Ломоносов атындағы ММУ], Беларус ҰҒА Степанов атындағы физика институты, Германияда Росток университеті, Париж университеті, Испанияда политехникалық университет, Жапонияда Осака қаласындағы университетпен, Жапония термоядролық синтез ұлттық орталықпен, Аризона штатындағы университеттерімен тығыз байланыста және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді. == Жас ғалымдар кеңесі == ⏎ ⏎ {|class="graytable" style="text-align:center" |+ |width="25%"|[[Сурет:Жасгалым.JPG|center|220px]] |width="25%"|[[Сурет:Галым.jpg|center|220px]] |- |Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы - Абдиадиль Асқарұлы |Ғылыми-студенттік ұйымының төрағасы - 2-курс студенті Тасбаев Жансерік |} (contracted; show full) 7. 6D071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникация 8. 6D074000-Наноматериалдар және нанотехнология == Сыртқы сілтемелер == * [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты] * [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт] All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=2705129.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|