Difference between revisions 2688143 and 2918130 on kkwiki{{Біріктірілсін|Энеолит}} [[Сурет:Энеолит.jpg|нобай]] '''Энеолит''' ''(лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас)'' – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. [[Энеолит]] адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалынғандары да пайда бола бастады. Адамдардың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Энеолит дәуірінде ауа-райы ылғалды болып, ірі сүтқоректілер көбейгендіктен аңшылар көшіп жүретін аумақтарын қысқартып, кейде бір жерге ұзақ уақыт шоғырлана да бастайды. Қоғамдық қарым– қатынасы – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштері [[Иманбұрлық]], [[Сексеуіл (1, 2)|Сексеуілді -1, -2]] және [[Павлодар]]ға жақын жерде, [[Ертіс өзені]]нің жағасына орналасқан [[Железинка]] поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.<ref>[http://www.tarih.spring.kz/kk/history/oldest/history/ Энеолит туралы]{{Deadlink|date=August 2021 |bot=InternetArchiveBot |fix-attempted=yes }}</ref> ==Мыс-тас ғасырының ерекшелігі== Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдеп шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастады. (contracted; show full)шықтан жасалған, тұбі жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Моншақтардың жиектері мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.<ref>Ежелгі қазақстан тарихы- жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық (Алматы "Атамұра" 2011)</ref> == Дереккөздер == <references/> All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=2918130.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|