Difference between revisions 2908849 and 3033041 on kkwiki

'''Шәріп Амантай Жарылқасынұлы'''<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> ([[1 Мамыр]] [[1965]] жылы туған, [[Қызылорда облысы]] [[Қазалы ауданы]] [[Бозкөл]] ауылы) – [[филология]] ғылымының [[доктор]]ы ([[2001]]).

==Қысқаша өмірбаяны:==
*[[1988]] жылы [[ҚазМУ]]-ды (қазіргі [[ҚазҰУ]]) бітірген;
*[[1997]] жылы [[Мәскеу]] халықаралық [[бизнес]] және [[ақпараттық технология]]лар университетін бітірген;
*[[1988]]–[[1996]] жылдары [[ҚазҰУ]]-да оқытушы, [[кафедра]] меңгерушісі;
*[[1996]]–[[1997]] жылдары [[Қызылорда]] гуманитарлық университетінде проректор;
*[[2000]]–[[2004]] жылдары [http://www.enu.kz/kz/ Еуразия ұлттық университетінде] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20121208014826/http://www.enu.kz/kz/ |date=2012-12-08 }} [[кафедра]] меңгерушісі, [[проректор]];
*[[2004]]–[[2005]] жылдары «[[Қазақстан]]» республикалық [[телерадиокорпорация]]сының [[Қызылорда]] бөлімінің директоры;
*[[2005]]–[[2006]] жылдары «[[Қазақстан]]» республикалық [[телерадиокорпорация]]сы [[акционерлік қоғам]]ының Басқарма төрағасының орынбасары;
*[[2006]]–[[2007]] жылдары Әдебиет және өнер институтында бас ғылыми қызметкер, [[Қазақстан Республикасы]] Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат [[комитет]]і төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды;
*[[2008]] жылдан ''«Астана ақшамы»'' газетінің бас [[редактор]]ы.
[http://www.enu.kz/info/publika%D1%81ii-v-smi/?PAGEN_1=13 "Амантай Шәріп «Алаш» институтының директоры болып тағайындалды"]

==Еңбектері:==
''«Қазақ поэзиясында ұлттық идеяның көркем бейнеленуі: генезисі, эволюциясы және трансформациясы»'' тақырыбында [[докторлық диссертация]] қорғады. 70-тен астам [[ғылыми жарияланым]] мен 5 [[монография]]ның авторы. [[Қазақстан Республикасы]]ның «[[Дарын]]» мемлекеттік жастар сыйлығының [[лауреат]]ы ([[2000]]).<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

==Дереккөздер:==
<references/>

{{wikify}}


{{stub}}

[[Санат:Қазақстан филологтары]]