Difference between revisions 939292 and 939304 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Физика-техникалық факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[Сурет:физика.gif|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             = Біз өмірді өзгертеміз 
| құрылған жылы     = 1934
| деканы            = доцент Алиев Баходир Азимджонович
| орналасқан жері   = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты             = www.kaznu.kz
| e-mail            = 
}}


== Факультет тарихы ==

[[Физика]] факультеті 1934 жылы 15 қаңтарда физика-математикалық [[факультет]]тің бөлімі ретінде [[профессор]] В.Ф. Литвиновтың басшылығымен құрылған. 1959 жылдың мамыр айында факультет физика-математикалық факультеттен бөлек физика факультетіне айналды. Факультеттің бас [[декан]]ы, доцент Н.Д. Косов тағайындалды. Кейін факультеттің декан лауазымына доцент Н.С. Страшников, доцент С.И. Исатаев, профессор В.П. Ерматов, Ш.Ш. Сарсембинов иеленді. 1991-1998 жылдар аралығында физика факультетінің деканы МАН ВШ академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Т.А. Кожамкулов болды. Кейін факультеттің декандары: Ф.Б. Баимбетов, Т.С. Рамазанов, А.С. Аскарова, 2010 жылдың шілде айынан бастап, физика факультетінің деканы доцент Б.А. Алиев атанды.

Физика факультетінің басшылығымен 1992 жылы ҚР-ң ЖООдағы тәжірибелік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) алғаш рет құрылды (ҒЗИ ЭТФ – директоры ф.-м.ғ.д., профессор Т.А. Кожамкулов болды).

== Кафедралар ==
=== Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы ===

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 1934 жылы құрылған С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жалпы физика кафедрасы негізінде ұйымдастырылған.

Кафедраның негізгі ғылыми зерттеу бағыты жылу және молекулалық құбылыстар физикасы болып табылады. Кафедра оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері аэродинамикадағы, жылумасса тасымалдаудағы ламинарлы және турбулентті ағыстарды, [[диффузия]] және жану процесстеріне тәжірибелік, теориялық зерттеулер жүргізумен айналысады.
Қазіргі таңда кафедрада 28 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 5 ғылым докторы, профессор, 12 ғылым кандидаты, доцент, 3 PhD философия докторы бар.

2009 жылы «Жылуфизика, стандарттау және метрология» кафедрасы университет ішінде өткен «Үздік кафедра» байқауындағы «Ғылымдағы жетістіктері үшін» номинациясында дипломмен марапатталды.  

'''Кафедраның ғылыми лабораториялары'''

ЖЫЛУМАССАТАСЫМАЛДАУ ПРОЦЕСТЕРІН МОДЕЛДЕУ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

Жетекшісі – физика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқарова Әлия Сандыбаевна.

'''Лабораторияның халықаралық қарым-қатынасы''' 

-Институт теплотехники и топливных технологий, ИТГВ, Технический Университет г. Брауншвайг;        
-Лионский Центральный Институт, г. Лион, Франция;
-Imperial College London Mechanical Engineering Department, Лондон, Великобритания .
-2008 жылы желтоқсан айында Брауншвайг қаласында (Германия) проф. Ә.С. Асқарованың қатысуымен қызметтестік [[Меморандум]]ға қол қойылды.

ЖЫЛУ ЖӘНЕ МАССААЛМАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор [[Совет Исатаев Совет]] Исатаевич.
Жылу және масса алмасу мәселелері лабораториясын Қазақстандық жылуфизика мектебінің негізін қалаушы [[Вулис Лев Абрамович]] құрған.
Исатаев С.И. 30 жылдан астам уақыт «П/я – В8685» Бас институтының тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша физика факультетінде криогенді лаборатория құрылды. Лабораторияның негізінде «Төменгі температуралар физикасы» мамандығы ашылды. 
 
БІРТЕКТІ ЕМЕС ОРТАДАҒЫ ЖЫЛУМАССАТАСЫМАЛДАУ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор [[Жаврин Юрий Иванович]].
Лаборатория 1995 жылы профессор Н.Д.Косовтың басшылығымен құрылды.
Лаборатория қызметкерлері көпкомпонентті газ қоспаларындағы диффузияны зерттейді. Зерттеу нәтижелерін ғылым мен техниканың көптеген облыстарында, оның ішінде [[астрофизика]]да, [[геология]]да, [[биология]]да, химияда және жаңа масса алмасу технологияларын құрасытуда қолдануға болады.

КРИОФИЗИКА ЖӘНЕ КРИОТЕХНОЛОГИЯ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Дробышев Андрей Степанович. 
2009 жылдың ақпан айында Германиядағы өткізілген Қазақстанның күндері ашылу шарасында проф. А.С.Дробышев неміс және қазақстандық консорциум арасындағы «О сотрудничестве в сфере промышленных лазерных технологий для нефте- и газопроводов» Меморандумына қол қойылды.

'''Жетістіктер'''

Зерттеу нәтижелері Қазақстан ЖЭС-ларында отынның жану үдерісіне байланысты үнемдеу және атмосфераға шығарылатын қалдықтарды азайту мақсатында қолданылады;
Турбулентті ағыстардың сипаттамасын өлшеу үшін термоанемометриялық құрылғылар жүйесі жасалынған;
20 жұп газдарының диффузиялық коэффициенті анықталып, мемлекеттік стандарттар анықтамасына кірген;
Көпкомпонентті газдар жүйесінде диффузиялық орнықсыздық құбылысы анықталған;
Алматы қаласындағы көптеген кәсіпорындарында қолданылатын криогенді қондырғы жасалынған.
 
=== Теориялық және ядролық физика кафедрасы ===

Теориялық және ядролық физика кафедрасы 2011 жылы теориялық физика кафедрасы және Халықаралық ядролық физика, ядролық энергетика және технология кафедраларының бірігу нәтижесінде құрылған.

'''Теориялық физика кафедрасы''' - [http://kaznu.kz әл-Фараби атындағы ҚазҰУ]-дың физика факультетіндегі ең алғашқы кафедралардың біреуі. Кафедраның негізін 1938 жылы Қазақстандағы термодинамика бойынша ғылыми бағытының белгілі маманы профессор А.А. Гухман қалаған. Кафедраның әрі қарайғы қалыптасуы мен дамуы, кафедраны 1945-1970 жылдары басқарған, доцент Н.М. Петрованың ғылыми-педагогикалық қызметімен тығыз байланысты. Оның ғылыми қызметімен кафедраның негізгі ғылыми бағыттарының бірі - жалпы салыстырмалық теориясындағы денелердің қозғалыс мәселесі байланысты.

(contracted; show full)
2. «Плазмадағы процестерді математикалық моделдеу» (лаборатория меңгерушісі -  ф.-м.ғ.д., доцент Жұмағұлова Қ.Н., ғылыми жетекші - ф.-м.ғ.д., профессор  Рамазанов Т.С. )
3. «Импульсті плазмалық үдеткіш» (лабор. меңгерушісі -  ф.-м.ғ.к., доцент Жүкешов А.М.).
 
'''Халықаралық байланыстар'''
Кафедра ТМД елдеріндегі және шет мемлекеттердегі ғылыми орталықтарымен:  
[http://kiae.ru Курчатов институты], ядролық синтез институты, РАҒ жоғары температуралар Біріккен институты,  РАҒ [http://lebedev.ru/ П.Н.Лебедев атындағы физикалық институты], РҒА [http://gpi.ru Прохоров атындағы жалпы физика институты], [http://mipt.ru Мәскеулік физика-техникалық институты],   [http://msu.ru М.В.Ломоносов атындағы ММУ], Беларус ҰҒА Степанов атындағы физика институты, Германияда Росток университеті,   Париж университеті,  Испанияда политехникалық университет,  Жапонияда Осака қаласындағы университетпен, Жапония термоядролық синтез  ұлттық орталықпен, Аризона штатындағы университеттерімен тығыз байланыста және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

== Мамандықтары ==

Физика –техникалық факультеті келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлайды:


БАКАЛАВРИАТ
(contracted; show full)
7. 6D071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникация

8. 6D074000-Наноматериалдар және нанотехнология

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]