Difference between revisions 939322 and 939323 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[File:Экономика факультеті.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             = 
| құрылған жылы     = 1949
| деканы            = э.ғ.к., Ермекбаева Баян Жундибаевна
(contracted; show full)

-  Зерттелетін тақырып бағытында студенттік басылымдар. баяндамалар, мақалалар дайындау.

-  Ғылыми студенттік конференциялардың өткізілуіне қатысу.  

"Қаржыгер" ғылым үйірмесі Отандық және Ресей, Турция, Германия, АҚШ шетелдерінің ғалымдарының қатысуымен өткен «Қазақстандағы жоғары экономикалық білімнің 60 жылдығына» арналған Халықаралық конференция өткізген болатын.

=== Менеджмент және маркетинг кафедрасы  ===

[[File:Экономика факультетінің оқытушылары.JPG|thumb|220px|left|Кафедраның оқытушылар құрамы]]

Менеджмент және маркетинг кафедрасы «Менеджмент және бизнес» және «Маркетинг және коммерция» кафедраларының бірігуі нәтижесінде 2011 жылы құрылды. «Менеджмент және бизнес» кафедрасы 1995 жылы құрылған, кафедраны ҚР ҰҒА  мүшесі профессор Нарибаев К.Н.  басқарды. «Маркетинг және коммерция» кафедрасы  1995 жылы қаңтарда маркетолог мамандарының біліктілігін арттыру мақсатымен құрылған. Кафедраның білім, ғылым, өндірістік және инновациялық потенциалы жоғары.  Олардың барлығы дерлік заманауи әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жоғары квалификациялы білікті мамандарды даярлайды.

Менеджмент және маркетинг кафедрасы аль-Фараби атындағы КазҰУ Ғылыми кеңестерінің және Экономика және бизнес жоғары мектебінің  жоспарына  сәйкес өз қызметін атқарады. Кафедра қызметі ҚР «Білім» жайлы заңнамасы мен ҚР Үкіметі және Білім және Ғылым Министрлігінің қаулысына негізделген. Менеджмент және маркетинг кафедрасы қызметінің жылдық жұмысы Университет Стратегиясы мен ЭБЖМ даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.