Difference between revisions 939869 and 939895 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = механика-математика факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[Сурет:Mehmat.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             = Математика - ғылымдар патшасы 
| құрылған жылы     = 1934
| деканы            = техника ғылымдарының докторы, доцент Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы
| орналасқан жері   = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты             = www.kaznu.kz
| e-mail            = 
}}

== Факультет тарихы ==
1934 жылдары  Қазақстан аумағында ҚазҰУ-дың физика-математика факультеті ұлттық білім беру және ғылыми орталықтарының бірі болды. Факультетіміз барлық сынақтардан өтіп жатыр және ең үздік ғылыми зерттеу орталығы болып қала береді. Сонымен қатар мемелекетіміздегі метематика, механика, информатика мамандықтарынан кадрлар дайындау жолында ең алда.

Соңғы жылдары факультетте білім алатын студенттер саны арта түсуде. Сондай-ақ ғылыми зерттеу бағдарламаларының саны көбейіп, арнайы мамандар дайындау жолында көптеген жаңа курстар ашылып, факультетіміздің материалдық базасы үлкеюде. Студенттеріміз сапалы білім алып және математика, механика, информатика пәндерінің жаңа бағыттарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. [[File:Zhumagulov.jpg|thumb|right|277px|ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов - осы факультеттің түлегі]]

== Басшылық ==

'''Механика-математика факультетінің деканы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы''' – техника ғылымдарының докторы, доцент, 1981 жылы туылған, қазақ, 2002 жылы «қолданбалы математика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетін үздік бітірді және сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика және математика факультетінің магистратурасына түсті. 2004 жылы магистратураны үздік бітіргеннен кейін (contracted; show full)

Оқу-әдістемелік жұмыстың ең маңызды аспектісі факультет оқытушылары, кафедра жұмыстарын әдістемелік тәжірибесін жалпылау және бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру :
-оқу жоспарлары және бағдарламаларын құру;
-жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізу;
-оқытудың дистанциялық және инновациялық жүйесін дамыту;
-профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін жоғарылату жүйесін арттыру және нарықтық қоғамға болашақ мамандарды даярлау.
 [[File:Жиналыс.jpg|thumb|left|266px|Факультеттегі кезекті жиналыс]]

Оқу-әдістемелік жұмыстың құрамдас бөлігінің бірі университеттегі ғылыми-әдістемелік конференцияларды  ұйымдастыру және өткізу. Конференция барысында оқытушылар өзара тәжірибелерімен, сабақ жүргізудің жаңа формаларымен, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа технологиялары және аспектілерімен пікір алмасады. Іргелі және арнайы курстарды оқыту барысында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады.

(contracted; show full)

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]