Difference between revisions 939899 and 939919 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = механика-математика факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[Сурет:Mehmat.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             = Математика - ғылымдар патшасы 
| құрылған жылы     = 1934
| деканы            = техника ғылымдарының докторы, доцент Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы
(contracted; show full)

Ахмед-Заки Д.Ж. – алыс шетелдiң және Қазақстан Республикасының бастаушы журналдарында жарияланған 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Ғылыми зерттеулері бағдарламалар верификациясымен және кеуекті ортадағы сығылмайтын сұйықтықтарды жылулық фильтрлеудiң теорияларымен байланысты. Республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларда баяндама жасады.


== Кафедралар ==
=== Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасы ===

Кафедра компьютерлік моделдеу бойынша мамандарды келесі салалар бойынша дайындайды: мұнайгазөндіру және мұнай газөңдеу; табиғат құбылыстары; жаңа материалдар алатын физика-химия және технологиялық процесстер.
Ерекше дарынды студенттерге кафедра физика-химия және технологиялық процесстердің, табиғат құбылыстары мен экологияның моделдерін құрастыру бойынша гранттарда жұмысқа орналастырады.

Студенттер практикалық дайындықтарын компьютерлік оқу сыныптарында және қуатты Pentium жұмыс станцияларымен, ақпараттық және графикалық массивтерді өңдеуге арналған дамыған перифериялық құрылғылар жүйесімен, глобалдық ақпараттық Internet жүйесіне шығу мұмкіндігі бар ақпаратты-есептеуіш компьютерлік желісімен жабдықталған кафедра мен факультеттің есептеуіш зертханаларында өткізеді.

Оқу процессі кезінде студенттер кәсіби операциялық, графикалық және әлемдік класстың есептеуіш интерактивтік жүйесімен жұмыс әдісін үйренеді, мәтіндік және графикалық процессорларды қолданады, қолданбалы объектілі-бағыттылған бағдарламалар пакетімен, ақпараттық және графикалық мәліметтер қорымен жұмыс жасайды. Математикалық, табиғи және гуманитарлық пәндерден басқа "Интернет - технологиялар" кәсіби және арнайы пәнін оқитын болады:
-" ЭЕМ желілері және телекоммуникациялар"
-"Бағдарламалау тілдері"
-"Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу технологиясы "
-"ЭЕМ-ді және жүйелерді ұйымдастыру "
-"Операциялық жүйелер "
-"Жуйелерді құру "
-"Пішіндеу теориясының негіздері "
-"Эксперттік жүйелер "
Кафедра түлектері оқу аяқталысынан кейін жаңа компьютерлік технологиялар қолданылатын кез-келген облыста жұмыс жасай алады, сонымен қатар мемлекеттік және ғылыми ұйымдармен қатар финансалық–коммерсиялық құрылымдарда да жұмыс жасайды. Магистратура түлектері өз оқуын докторантурада жалғастыра алады және «философия докторы» (Ph.D) дәрежесін алып шығады.

=== Ақпараттық жүйелер кафедрасы ===
Ақпараттық жүйелер кафедрасы өзінің бастауын  1973 жылы ашылған «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасынан алады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі  физика-математика ғылымдарының докторы Қ.А.Қасымов болды.  Одан кейін кафедраны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Тайцлин,  техника ғылымдарының докторы, профессор М.М.Телемтаев басқарды.

1989 жылы «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика» мамандықтарымен «ЭЕМ және кибернетика» кафедрасы ашылды. Осы кезде кафедра меңгерушісі қызиетін техника ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров атқарды. «Математикалық кибернетика» мамандығы КСРО ҒА  мүшесі  Яблонскийдің колдауымен ашылған болатын.

1994 жылдан бастап кафедрада А.А.Жданов атындағы ЛМУ-нің  «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасының түлегі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Дүйсембаев жұмыс істеп келеді. Кафедрада В.М.Глушков атындағы  (Киев қаласы, Украина) Кибернетика институтының аспиранты физика-математика ғылымдарының кандидаты  А.К.Сарбасова жұмыс істейді. Өз кезегінде кафедраның мүшелері болып физика-математика ғылымдарының докторы Т.Ж.Мазақов және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс жасап отырған А.А.Жданов атындағы ЛМУ-нің түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К.Мамытбеков жұмыс жасаған.
1997 жылы, яғни «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика»  кафедраларының  бірігуінен кейін кафедра «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика»  деп аталды. Ал, кафедра меңгерушісі болып  конкурс бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров таңдап алынды. Еңбек нарығында туындаған сұраныстарға сәйкес кафедрада «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» деп аталатын жаңа мамандық  ашылды.
2001жылдың қараша айында «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика» кафедрасы «Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер» және «Информатика» кафедрасы болып екіге бөлінді.
2002 жылдың қазанынан бастап  математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Данаев болды, ал 2003 жылдың сәуір айының аяғынан бастап кафедраны техника ғылымдарының докторы, профессор У.А.Төкеев басқарды. Сол кезден бастап математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болып өзгертілді.     
2011 жылдың 14 сәуірінен бастап кафедра меңгеруші қызметін техника ғылымдарының докторы, профессор Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы атқарады.

Кафедра ақпараттық жүйелер саласы бойынша мамандар дайындайды және 5B070300 – Ақпараттық жүйелер (бакалавр) мамандығы; 6N070300 – Ақпараттық жүйелер (магистратура) мамандығы;  6D070300 – Ақпараттық жүйелер (PhD-доктарант) мамандығы бойынша талапкерлерді жинайды.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында 12 докторлар мен ғылым кандидаттары, 5 профессор және ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласында ҚР бойынша білікті мамандар қызмет көрсетеді.
Кафедра түлектері кез келген ұйымдарда, банктерде, сақтандыру компанияларында, коммерциялық ұйымдарда, ғылыми – зерттеу ұйымдарында, оқу орындарында экономист, оқытушы, өңдеуші – программист, менеджер, желі және МБ администраторы болып жұмыс жасай алады.

Кафедра келесі мамандандыру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:
-Ақпараттық жүйелерді өңдеу;
-Ақпарттық жүйелердің желілік технологиясы;
-Ақпарттық жүйелер менеджменті.
Кафедра бітіруші түлектеріне «Ақпараттық жүйелер  бакалавры», магистранттарға «Ақпараттық жүйелер магистранты» деген академиялық дәреже беріледі.

=== Информатика кафедрасы ===
[[File:Mehmat.JPG|thumb|left|250px|кафедра оқытушылары]]
[[File:Оқытушы.JPG|thumb|right|250px|кафедра оқытушылары]]
[[File:Informatika.jpg|thumb|center|200px|кафедра төлтаңбасы]]

=== Механика кафедрасы ===
5B060300-механика мамандығы бойынша мамандар дайындау келесі мамандандырулар бойынша іске асырылады:
 
-Теориялық механика;
-Деформацияланатын қатты дене механикасы;
-Сұйық, газ және плазма механикасы;
-Машиналар мен робототехникалық жүйелер механикасы.
 
5B060300-механика мамандығының студенттері факультетте оқыған кезінде дайындау бағытында барлық міндетті базалық және кәсіптік пәндері (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған ) бойынша іргелі дайындықтан өтеді. Оқу үрдісінде оқытудың қазіргі технологиялары кеңінен қолданылады. Материалды-техникалық база берілген ғылыми бағыттың қазіргі талаптарына сай келеді  және  білім бағдарламасын толығымен игереді.
 
Оқу барысында студенттер өз мамандығы бойынша дәстүрлі таңдау курстарымен қатар өз қалауы бойынша ғылымның басқа да, математика, экономика, акпараттық жүйе, программалау салаларына қатысты таңдау курстарын тыңдай алады. Студенттердің  ғылыми ойлауын жетілдіруге факультетте  барлық жағдай жасалынған: студенттер конференциясы мен олимпиадалар өткізіледі, студенттерді ғылыми гранттармен жұмыс істеуге ынталандырады, шет елдің атақты мамандары авторлық курс дәрістерін оқиды.
 
5B060300-механика мамандығын бітірушіге "5B060300-механика мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

=== Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасы ===

Қазіргі уақытта дифференциалдық теңдеулер және Басқару теориясы кафедрасында 32 профессор-оқытушы тұрақты қызмет етеді. Атап айтқанда 10 физика-математика ғылымдарының докторы, профессорлар: С.Ә.  Айсағалиев, М.Қ. Дауылбаев, С.Е. Темірболат, Ә.Б.Түнғатаров, С.Я. Серовайский, Ш. Сахаев, С.Т. Мұхамбетжанов,М.Т. Дженалиев Т.М.Әлдибеков,1 педагогика ғылымдарының докторы: Ж.С. Сүлейменов, 14 физика-математика ғылымдарының кандидаттары, профессорлар мен доценттер: ҚазҰУ профессорлары Б.М. Қадыкенов, М.Б. Төлегенова, В.Х. Ни , доценттер Т.Ж. Елдесбай, О. Мауленов, Н. Махмеджанов, А. Тажеков, Қ. Секеев, Т.Ш. Иманқұл, Н.Б. Биядилов,А.П. Белогуров, Е.И. Иманғалиев , Ж.Х.Жүнісова, А.С.Қасымбекова, Ә.А. Қабидолданова,  3 аға оқытушы: , Б.Қ.Әбенов, Қ.Б.Иманбердиев, А.Б. Уаисов. 

Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика кафедрасы  «Дифференциалдық теңдеулер» және «Математикалық физика теңдеулері» мамандандырулары бойынша математик-мамандарды дайындайды. Кафедра  жанында магистратура және PhD докторантура бар. 

=== Фундаменталдық математика кафедрасы ===
Кафедраның творчествалық өмірінде педагогикалық және әдістемелік жұмыстар негізгі орын алады. Кафедрада математикалық анализден, комплекс айнымалылар теориясынан арнайы және міндетті авторлық курстар дайындалып, жарыққа шыққан.Кафедра қызметкерлері университеттің, бүтіндей алғанде еліміздегі халыққа білім беру прорблемаларына, еліміздегі жинақталған ғылыми дәрменді сақтауі мен қорғау, жастарды қолдау, еліміздің ішінде ғылыми және педагогикалық байланыстарды дамыту проблемаларына хал-қадірінше үлес қосып келеді.

Іргелі математика кафедрасы жоғары базалық (бакалавриат) және ғылыми-педагогикалық (магистратура) білім бағдарламалары бойынша мамандар дайындау бағдарламалары:
-Математикалық талдау
-Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
-Геометрия, алгебра және математикалық логика


== Оқу-әдістемелік жұмыс ==

Оқу-әдістемелік жұмыстың ең маңызды аспектісі факультет оқытушылары, кафедра жұмыстарын әдістемелік тәжірибесін жалпылау және бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру :
-оқу жоспарлары және бағдарламаларын құру;
-жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізу;
-оқытудың дистанциялық және инновациялық жүйесін дамыту;
(contracted; show full)

ЖҰМАҒҰЛОВ БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ - техника ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі

ТЕМІРБЕКОВ НҰРЛАН МҰҚАНҰЛЫ - ҰИА академигі,  физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор  

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]