Difference between revisions 940537 and 940554 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Шығыстану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[Сурет:Vostfak.gif|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1989
| деканы            = филология ғылымдарының докторы, доцент Жұбатова Баян Нурсултанқызы 
(contracted; show full)

Филос.ғ.к., аға оқытушы Д.М. Кокеева мен т.ғ.к., аға оқытушы Д. Таубалдиева, кафедра докторанты К. Габдуллин, С.Н. Досова шығыс философиясы, мәдениеті, діні, тарихы мен саясаты, экономикасы тақырыбы төңірегінде ғылыми зерттеулер жасау үстінде.


=== Қытайтану кафедрасы ===


[[File:Мугалимдери.jpg|thumb|left|250px|Қытайтану кафедрасының ұстаздары]]

Қытайтану кафедрасы – білікті мамандар шоғырланған, оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысы жақсы жолға қойылған, қызықты әрі шығармашылыққа толы студенттік өмірі бар қазақстан шығыстануының  басты орталығы.
(contracted; show full)елісімдер арқылы жүзеге асырылады. Тілдік тәжірибеден өту барысында оқытушылар  Жапония университеттері мен ірі халықаралық тілдік орталықтарда жапон тілі бойынша кәсіптік біліктілігін шындайды, сондай-ақ ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша деректер жинаумен айналысады. Тілдік тәжірибенің аяқталысымен сертификаттар беріледі. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі (университетаралық,  республикалық, халықаралық) дәрежедегі ғылыми конференцияларға қатысады.  

=== Түркітану және үндітану кафедрасы  ===

[[File:Туркитанукаф.JPG|thumb|left|250px|кафедра оқытушылары]]
Студенттерді дайындау келесі бағыттарда жүргізіледі:

'''Бакалавриат'''

050209-Шығыстану 

Академиялық деңгей және квалификация: шығыстанушы-филолог, шығыс тілдері мен әдебиеттерінің оқытушысы, аудармашы-референт мамандықтары бойынша шығыстану бакалавры; шығыстанушы тарихшы, тарих оқытушысы, аудармашы-референт.

050207- Аударма ісі

Академиялық деңгей және квалификация: аударма ісі бакалавры.

050210- Шет тілдер филологиясы

Академиялық деңгей және квалификация: шет тілдер филологиясының бакалавры.

5В021200 – Түркітану

Академиялық деңгей және квалификация:  түркітану  бакалавры.

'''Магистратура'''

6N0209-Шығыстану

Академиялық деңгей және квалификация: шығыстану магистрі.

6N0505-Аймақтану

Академиялық деңгей және квалификация: аймақтану магистрі.

6N0207-Аударма ісі

Академиялық деңгей және квалификация: аударма ісі магистрі.

'''PhD'''

6D020900 - Востоковедение

6D021200 - Тюркология

== Бүгінгі жағдайы ==
[[File:Апро.jpg|thumb|right|300px|Факультеттің белсенді студенттері]]
Бүгінгі шығыстану факультеті - құрамында жоғары білікті педагог мамандар қызмет ететін, оқу тәрбие- жұмыстары мен ғылыми зерттеулері қызықты да шығармашылықпен жүргізілетін, студенттер өмірі қайнап тұрған қазақстандық танымал ориенталистика орталығы. Факультеттің серіктестерінің қатарында Қазақстандағы Шығыс елдерінің елшіліктері, сондай-ақ факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми тәжірибеден өтетін Қытайдың, Кореяның, Түркияның, Иранның, Үндістанның, Жапонияның, Египеттің және т.б. елдердің ірі университеттерін айтуға болады. Шығыс елдерінің елшіліктері  шығыстану факультетіне үлкен көмегін көрсетіп келеді. Оқу құралдары мен көркем әдебиеттерден басқа, факультеттің тіл кабинеттерін қажетті құралдармен аудио және бейне жабдықтармен, компьютерлермен, тілін үйренетін елдің хабарын тарататын спутниктік құрылғысы бар телевизорлармен жабдықталған. Факультетте 2 мультимедиялық, 3 компьютерлік сынып және 2 лингофон кабинеті жұмыс істейді, бұл бөлмелерде өткізілетін сабақтар шығыс тілін үйрену деңгейін айтарлықтай көтереді.  Интернет, заманауи білім беретін технология, тілдік  аудио-бейнекурстар шығыстану факультетінің оқу үдерісінің ажырамас бөлігі саналады.  Шығыстанушы саласы бойынша зерттеулер мен білім беруді компьютерлендіру қазақстандық шығыстану ғылымын дамытудың маңызды стратегиялық мақсаты болып табылады.

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]