Difference between revisions 940596 and 940597 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Философия және саясаттану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[File:21743рауеу.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1949
| деканы            = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы 
(contracted; show full)және психология ғылымдары бойынша диссертация қабылдауға рұқсат берді. Соған сәйкес 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде психология ғылымы бойынша аспирантура ашылып, ғылыми мамандар дайындауға нақты мүмкіндік туған еді. Қазақстанда тұңғыш рет психология саласындағы кандидаттық диссертация 1952 жылы ҚазМУ-дің ғылыми кеңесінде қорғалды. Онда Елеш Суфиевтің “Қазақ мектептерінің бастауыш класс оқушыларында орыс тілінде сөйлеуді қалыптастыру психологиясы туралы" атты ғылыми диссертациясы қаралды. 

[[File:13627апорв.png|thumb|190px|right|Академик Т.Т.Тәжібаевтың 100 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция]]

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі психология кафедрасы тарихына зер сала қарасақ, ол педагогика кафедрасымен ажырамас байланыста болды. Тарихи дерек бойынша, университетте 1940 жылы ашылған педагогика кафедрасы (тұңғыш меңгерушісі - Ш.Қоқымбаев) 1948 жылдан бастап "педагогика және психология" деп аталына бастайды. 1948-1954 жылдары бұл кафедраның меңгерушісі болып Төлеген Тәжібаев (1910-1964) қызмет істеді. Ол 1949 жылы профессор атағын алды, ал 1954 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі б(contracted; show full)Кафедрада жұмыс істейді:
Білімдендіру зерттеулерінің ғылыми-инновациялық орталығы
Жас ғалым мектебі
«Логос» атты студенттердің ғылыми қоғамдастығы
Студенттерді білімдендіру театры
ҚазҰУ хабаршысы: педагогикалық ғылымдар сериясы бойынша жинақ

=== Саясаттану кафедрасы ===