Difference between revisions 940630 and 941342 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Философия және саясаттану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = 
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1949
| деканы            = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы 
(contracted; show full)Кафедрада жұмыс істейді:
Білімдендіру зерттеулерінің ғылыми-инновациялық орталығы
Жас ғалым мектебі
«Логос» атты студенттердің ғылыми қоғамдастығы
Студенттерді білімдендіру театры
ҚазҰУ хабаршысы: педагогикалық ғылымдар сериясы бойынша жинақ


=== Саясаттану кафедрасы ==='''Оқу-әдістемелік қызмет '''
[[Сурет:10772.png|thumb|220px]right|Кафедраның оқытушылар құрамы]]

Кафедра келесідей бағыттар бойынша іргелі педагогикалық білім беруді қамтамасыз ететін мідеттерді орындайды:
Жалпы мәдени және әлеуметтік-гуманитарлық («Педагогика» университеттің барлық мамандықтарына арналған жалпы білім беретін бөлімде)
Кәсіби: болашақ маманды даярлау («Мектеп педагогикасы», «Этнопедагогика» бакалавриат мамандықтары үшін кәсіптік білім бөлігінде)
Ғылыми-педагогкиалық: магистратурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау («Педагогика» магистратураның барлық мамандықтарына арналған)
Арнайы психологиялық-педагогикалық: магистратурада «050103 – Педагогика және психология», «6N0103 – Педагогика және психология» мамандықтарының оқу жоспарларымен сәйкес, тәжірибелік бағдарлама PhD «Менеджмент в сфере образования».
Арнайы әлеуметтік-педагогикалық: «5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану».
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының мақсаты университеттегі кредиттік оқыту жүйесі жағдайында педагогикалық білім берудің сапасын арттыру болып табылады. Кафедрада өзекті мәселе ретінде оқыту үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын кіріктіру, білім алушылардың мотивациялық және танымдық іс-әрекетін белсендіру, пәнаралық байланыс орнату, оқытуды дифференцациялау, педагогикалы тәжірибені жетілдіру және т.б. қарастырылады.
Кафедрада білім беру сапасы мәселесі бойынша әдістемелік семинарлар жүргізіледі. Әдістемелік семинарлар барысында білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, кафедра педагог-ғалымдарының, мектеп оқушыларының қазіргі зерттеу бағыттары мәселесі қарастырылады.
Бакалаврда екі мамандықты ұсынады: «Педагогика және психология» (2004 жылға дейін «Педагогика» аталған) және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» (2010 жылы ашылған).
Магистратура мамандарын «6N0103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша 2004 жылдан бастап жайындап келеді. Магистратурада «Жас ғалымдар мектебі» жұмыс жасайды (ЖҒМ). Кафедраның ЖҒМ қызметінің құрылымына магистрлердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру, оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мастер-класстар мен семинарлар жүргізу, шет елдің жетекші ғалымдарын шақыра отырып оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру жатады.
2010 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11.25-те кафедраның 70 жылдық мерейтойына орай «Жас ғалымдар мектебі» СЕЛТА, ТЕФЛ, ТЕИЛ сертификаттарының иесі АҚШ-тағы Цинцинатти университетінің магистрі Вернона Лехманның қатысуымен сабақ жүргізді. Бұл сабақ «Көшбасшылық дәріс» есебінде өтті және ол екі бөлімнен тұрды – дәріс және тәжірибелік (100 минут). Дәрісте университеттің білім беру іс-әрекетіндегі тәжірибесін, әсіресе «Монтессори әдісі бойынша педагогикалық шеберлік» мәселесін қарастырды. Бұл сабақтың мақсаты: болашақ мамандардың педагогикалық шеберлігін дамытудың педагогикалық кәсібі бойынша америкалық мамандардың тәжірибесін қабылдау мен саралау негізінде түсіндіру

'''Ғылыми зерттеу қызметі''' 

Кафедрада төмендегідей мәселелер туралы көпжоспарлы ғылыми-зерттеушілік жұмыс жасап жатыр:

- қазіргі жоғарғы білім берудің өзекті мәселелері, көпдеңгейлі білім беру жүйесінің (бакалавриат – магистратура – докторантура PhD) бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ғылыми негіздерін жетілдіру Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нығайту факторы ретінде;
- оқытушылардың инновациялық іс-әрекеті жоо-да білім берудің сапасын жоғарылату факторы ретінде;
- университеттік білім беру жүйесінде студенттердің патриоттық сезімдерін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздері мен тәрбиелік-білімдендіру технологиялары;
- педагогикалық менеджменттің өзекті мәселелері және т.б.
2010-2011жж. арналған ҒЗЖ жалпы мақсаттары:
Білім беру мен ғылымның интеграциялануын қамтамасыз ету, сонымен қатар білімдендіру және ғылыми үрдістердің кірігуіне әрекеттесу, ғылыми зерттеулердің ауқымды бағытталуы және оның тәжірибелік іске асуының дәрежесін жоғарлату;
Педагогика және аралас пәндер бойынша жаңашыл ғылыми жаңалықтармен жетістіктерді меңгеруді ұйымдастыру;
Білімдендіру үдерісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды, білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістері, түрлері және оқу материалын ұсыну құралдарын кіріктіру негізінде жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлауды жетілдіру;
Білім беру сапасын қамтамасыз ету арқылы білім беру жүйесінің инновациялық потенциалын арттыру.

'''Ғылыми бағыттар'''

Білімдендіру зерттеулердің ғылыми-инновациялық орталығы іс-әрекеті негізінде профессор-оқытушылар құрамының теориялық және қолданбалы мәселелер бойынша ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті
ҒЗЖ бойынша гранттық және келісімшарттық бағдарламаларды орындау
Халықаралық және республикалық конференцияларда ғылыми және әдіснамалық өңдемелерді тәжірибеден өткізу.
Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Студенттер мен магистрантардың ғылыми-зерттеу жұмысы және оларды кафедраның ғылыми-зерттеушілік жұмыстарына жұмылдырту
Жүйелілік-инновациялық іс-әрекет.
 
Кафедрада «Инновационная деятельность как фактор повышения качества образования вуза» атты жаңа инновациялық ғылыми-зерттеушілік бағдарлама қабылданған.
Бұл бағдаралама аясында бірнеше зерттеу бағыттары мен келесідей міндеттері айқындалған:
Жаңа формациядағы мамандар инновацияны оқу мен тәрбие үдерісінде кіріктіру мен өңдеу бойынша озық педагогикалық тәжірибені жинақтау;
Студенттерді оқытудың инновациялық технологиялары туралы мәлімет жинау;
Болашақ педагогтардың инновациялық құзыреттілігі мен мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған арнайы курстар кешенін өңдеу;
Педагогикалық инновцияларды құрастыру мен кіріктірудің әдіснамалық негіздерін өңдеу.

'''Ғылыми зертханалар'''

2010 жыға дейін кафедрада «ХХІ ғасыр оқытушысы» қоғамдық фондты қамтамасыз ету негізінде өз іс-әрекетін жүзеге асыратын жоғарғы білім беру мәселелері бойынша лаборатория жұмыс істеді.
2010-2011 оқу жылында кафедрада білімдендіру зерттеулерінің ғылыми-инновациялық орталығы құрылды.
Орталықтың іс-әрекетінің негізгі бағыттары білім беру мәселелері бойынша іргелі, ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен инновациялық өңдемелерді құрастыру және сараптама жүргізу.
Орталықтың басты мақсаты шетелдік және отандық педагогика бойынша электронды және қағаз жүзіндегі ақпараттарды жинақтау, сонымен қатар білімдендіру аймағында ғылыми-зерттеушілік жұмыстар жүргізу
Ғылыми-инновациялық орталық келесідей іс-әрекет түрлерін жүзеге асырады:
университеттің ғылыми-зерттеу іс-әрекетін бақылау мен жоспарлау;
жоғары білім беру мен өңдірісті дамытудың негізігі бағыттары бойынша түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеушілік бағдараламаларын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау;
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттау және қаржыландыру;
ғылыми зерттеулер мен өңдемелер жасау аймағында халықаралық серіктестік бойынша талаптарды орындауды халықаралық бөліммен бірге қамтамасыз ету;
білім берудің түрлі салаларында сертификаттау сынақтарын жүргізу және сертификаттау лабораторияларын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
біріккен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүргізу үшін ықтимал тапсырыстарды іздестіру және назар аударту;
нормативті-техникалық құжаттарды өңдеу;
ғылыми зерттеулерді жүргізу мақсатында халықаралық гранттар мен сайыстарға қатысу;
көрме, конференция және семинарларды ұйымдастыру;
оқытушылар, PhD докторлар, магистранттар және студенттерді ғылыми-зерттеу және өндірістік іс-әрекетке жұмылдыру;
кафедраның және орталықтың ҒЗЖ және СҒЗЖ жоспарларын құрастыру және ғылыми жұмыс бойынша есеп беру;
жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда орталықтың ҒЗЖ және СҒЗЖ жетілдіру.

'''Халықаралық қызмет'''

Кафедра коммуникативтік білім беру аймағында Ресей Коммуникативтік Ассоциациясы (РКА) мен ынтымақтастықта. Халықаралық ынтымақтастық аясында «Коммуникативтік білім беру» Ассоциациясы журналында кафедраның ОПҚ мақалаларын жариялап тұрады. (Москва-Пятигорск).
2005 ж. Ресей Коммуникативтік Ассоциациясымен біріккен «Ашық қоғам жағдайында Қазақстан студенттерінің коммуникативтік білім беру мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция қорытындысы бойынша құрамына халықаралық білім беру саласының жетекші мамандары мен зерттеушілері, оқытушылары енген Қазақстан Коммуникативтік Ассоциациясы құрылды. Бұл іс-шараны ұйымдастырғаны үшін кафедра меңгерушісі З.А. Исаеваға ҚР БҒМ алғыс жариялап, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы мақтау қағаз берді.

2010 жылы Таулы-Қарабах Республикасы бірінші мемлекеттік емес ЖОО – Месроп Маштоц университетімен халықаралық ынтымақтастық орнатылды.
Қарабах жоғары оқу орындары түлектері Ресей және Еуропаның жетекші ЖОО-да өз білімдерін ары қарай жалғастыруда.

Университет еуропалық білім беру жүйесімен тиімді жұмыс жасайды, мұны Еуропа және ТМД елдеріндегі ЖОО-дармен жасалған келісімдер дәлел бола алады. Бұл байланыстар біріккен зерттеулермен, басылымдармен және жыл сайынғы халықаралық конференциялармен нығая түседі. Таулы-Қарабай республикасының оқытушыларының ҚазҰУ хабаршысындағы «Педагогикалық ғылымдар» сериясындағы алғашқы мақаласы ЖОО-дағы оқыту мен тәрбиеге жаңа инновациялық технологияларды кіріктіру мәселесіндегі өзара іс-әрекетке бағытталған. Кафедраның білім беру мәселелеріне арналған үздік мақалалары «Становление демократии на постсоветском пространстве: проблемы и перспективы» Халықаралық конференцияның мәліметтері жинағында жарық көрген.

Сонымен қатар, 2010 жылы Ресей халықтар Достығы университетімен (Мәскеу) халықаралық ынтымақтастық қайта құрылды. Педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және педагогикалық психология ғылыми бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және академиялық алмасуға сәйкес бағдарламалар жасалып келісім құрылды.
2011 жылы А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік университетімен Білім беру аймағындағы Менеджмент саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық орнатылды. Білім беруді басқару кафедрасының меңгерушісі С.Ю. Трапицын «Білім беру сапасын басқару» тақырыбында көшбасшы дәріс оқыды.
2010 жылы қыркүйекте «Педагогика және психология мамандығы магистранты Ногайбаева А. Халықаралық Ислам университеті (Малайзия) білім беру факультетінде «Білім берудегі ақпараттық технологиялар», «Білім беру аймағындағы Менеджмент», «Исламдық білім беру», «Аналитикалық және сыни ойлау» PhD бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтті.

=== Саясаттану кафедрасы ===

Қазақстанда саясаттану ғылымының кафедрасы мен бөлімі алғашқы рет 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ашылды. Олар саясаттану мамандарын дайындау және жаңа ғылым мен оқу пәнінің ғылыми - әдістемелік мәселелерін құру базасы болып табылады. Өзінің 17 жылдық қызметінің барысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарынан маңызды тәжірибе жинақтай отырып, университеттік дипломы бар мамандарды дайындаудың гуманитарлық жұмысына өте маңызды негіз салды.
[[Сурет:9059.jpg|thumb|220px|right|Саясаттану кафедрасының меңгерушісі (1992-1998 .ж) тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Мустафин]]

Саясаттану кафедрасының меңгерушісі (1992-1998 .ж) тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Мустафин
Философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы 050502, 6N0502 саясаттану мамандықтары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді дайындауды қамтамасыз етіп, сонымен қатар университеттің гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінде қазақ және орыс тілдерінде жалпы білім беру циклы негізінде «Саясаттану» курсын жүргізеді.
Қазіргі таңда саясаттану бөлімінде 150 студент оқытылып жатыр, ондағы қазақ бөлімінде 90 студент, орыс бөлімінде 60 студент оқиды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі мен ұйымдастырушысы болып, белгілі қазақстандық ғалым, тарих ғылымдардың докторы, профессор, Қазақстан жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері , Қазақстан Республикасының саяси ғылымдар Академиясының президенті Мустафин Тілеміс Тілеуқабылұлы табылады. Ол жоғарғы мектептің белгілі педагогі, жақсы лектор және оқу процесінің ұйымдастырушысы, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы ретінде танымал болған. 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Т.Т.Мустафинмен басқарылған саясаттану кафедрасы Қазақстандағы саяси ғылымдарды дамыту орталықтарының бірі ретінде мойындалды.

Саясаттану кафедрасының мәжілісінде 1994 жыл, (солдан оңға қарай- Джоэл Дженсуолд-Охлахома Мемлекеттік университетінің профессоры (АҚШ), профессор А.Х. Касымжанов, профессор Т.Т. Мустафин және Кит Трибл – Охлахома Мемлекеттік университетінің профессоры (АҚШ)).
Профессор Байдельдинов Лайық Әмірұлы 1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін кафедра меңгерушісі бола отырып, Т.Т.Мустафинмен негізделген дәстүрлерді бекітіп және жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар жауапты редактор ретінде «Саясаттану» оқу құралын дайындауды басқарды (2000ж). Байдельдинов Л.Ә. саясаттану мамандығы бойынша қазақ бөлімінің ашылуының себепкері болды.

2001 жылдан бастап 2002 жылдың маусымына дейін кафедра меңгерушісі саяси ғылымдардың докторы, профессор Бурханов Камал Низамұлы болды. Профессор Бурханов республика шеңберінде танымал саясаттанушы, халықаралық терроризмнің, экстремизмнің, Орталық Азиядағы кауіпсіздік мәселелерінің маманы болып табылады. Қазіргі таңда Бурханов К.Н. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 

2002 жылдың шілдесінен бастап қазіргі таңға дейін (2009ж) саясаттану кафедрасын саяси ғылымдарының докторы, профессор Иватова Ляйля Мұрзалы қызы басқарады. Ол қауіпсіздік мәселелерінің, халықаралық қатынастардың саяси мәселелерінің және сыртқы саясаттың маманы болып табылады. 1996-1998 жылдар аралығында «Social Sciences curriculum Development Center» халықаралық жобасының координаторы болды (Қоғамдық ғылымдарды дамытудың оқу әдістемелік орталығы). АҚШ-та ғылыми педагогикалық тәжірибеден өтті: Мэдисон университетіндегі Фулбрайт халықаралық грантының иегері, Висконсин штаты (1995), Вашингтон қаласы (1997), Стилуотер қаласы, Оклахома штаты (1996-1997), Монтерей қаласында халықаралық қатынастарды зерттейтін Монтерей Институтының ядролық қаруларды таратпау орталығында, Калифорния штаты New School for Social Research University of Wisconsin-Washington County университеттерінде (Нью-Йорк және Уест Бэнд қалаларында, Висконсин штаты, 2004 ж). 2001-2003 жылдары ол Cari (Central Asian Research Inititive) халықаралық бағдарламаның эксперті болып, соның шеңберінде Будапешт қаласында Ашық қоғам Институтында өткен халықаралық семинарлар жұмысына қатысты. 2007 жылы «2007 жылдың ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атанды.
Иватова Л.М. жас ғалымдарды дайындауға белсенді қатысып, республиканың саяси ғылымдары мен саясаттану бөлімінің дамуына өзіндік үлес қосуда. Оның басқаруымен 4 докторлық жұмыс, 20 кандидаттық диссертация және PhD докторанттарының 2 диссертациясы әзірленіп, қорғалды. Профессор Л.М.Иватованың басқаруымен саясаттанудан PhD философия докторларын дайындау бағдарламасы енгізіліп, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Польша, Оңтүстік Корея университеттеріндегі саяси ғылым факультеттерімен қарым қатынастар орнатылды.
Саясаттану кафедрасының әр ғылыми педагогикалық этаптарында саясаттанушы мамандарын дайындауда ғылым докторлары, профессорлар Соловьев А.В., Әбсаттаров Р.Б., Алияров Е.К., Балғымбаев А.С., Бижанов А.Х., Ишмухамедов А.Ш., Лаумулин М.Т., Машан М.С., Нұрмағамбетов А.А., Сарсенбаев Т.С., ғылым кандидаттары мен доценттері Абдығалиев Б., Әбішова М.А., Аскеева Г.Б., Бекботаев Б.А., Ишмухамедов Ш.А., Кабулова А.Ш., Қадыржанова А.С., Қазымбетов К.Н., Карин Е.Т., Лигновская В.И., Назханов К.Н., Осипов В.П., Тезекбаев Г.Ж., Шарипов У.Х. жұмыс істеді.
Қазіргі таңда кафедрада Қазақстан Республикасына белгілі ғалымдар, жоғары кәсібилендірілген оқытушылар, олардың ішінде: 7 ғылым докторлары, профессорлар, 10 ғылым кандидаттары, доцент, 6 аға оқытушы және 7 оқытушы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда саясаттану кафедрасында жұмыс істейтіндер:
Иватова Л.М., саяси ғылымдарының докторы, профессор, саясаттану кафедрасының меңгерушісі, халықаралық қатынастардың саяси мәселелерінің, ұлтаралық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясаттың маманы.
Абулкасова А.С., саяси ғылымдарының докторы, доцент, саяси менеджмент саласының маманы, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәрбие жөніндегі департаменттің бастығы.

Балапанова Ә.С., саяси ғылымдарының докторы, доцент, саясаттану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ғылыми қызығушылықтары Қазақстан Республикасының қауіпсізідік мәселесі мен мемелекеттік шекара саясатымен байланысты.

Насимова Г.Ө., саяси ғылымдарының докторы, доцент, саяси ғылымдар бойынша Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, саяси конфликтологияның маманы, «2008 жылдың ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
Бүгінгі күнде кафедра оқытудың кредиттік технологиясын игеруде Intranet жүйесіндегі электронды журналындағы студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгеріміне, студенттер мен магистранттардың өзіндік жұмыстары мен топтық және жеке кеңес берулерге ерекше назар аударылуда.
Кафедраның профессор және оқытушылар құрамы лекция мен семинар сабақтарын дәстүрлі тәсілмен қатар, оқытудың интерактивты әдістерін қолданады: кейс-әдіс, саяси оқиғаларды талдау, саяси процестерді модельдеу, саяси дебаттар өткізу, диспуттар, конференциялар, іскерлік ойындар, оқиғалық талдау әдістері, ынтымақтастыққа баулу және панельді пікір алмасу. Аралық бақылауды өткізудің әдістемесі жаңаруда – ауызша, жазбаша, тестілеу, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану.
Саясаттану бөлімінде оқытылатын ең негізгі пәндер болып табылады: Теориялық саясаттану, Саяси билік, Қазақстанның саяси ойлары, Қазіргі саяси процесс, Саяси жүйелер мен режимдер, Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, Салыстырмалы саясаттану, Қолданбалы саясаттану, Саяси технологиялар, Саяси талдау және болжау, Мемқызмет және мемлекеттік-әкімшілік басқару, Саяси конфликтология, Халықаралық қатынастардың саяси мәселелері, Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар, Геосаясат, Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, ҚР-

Саясаттану бөлімінің түлектері қоғам өмірі үшін қажетті және еліміздің мемлекеттік, ғылыми және оқу орындарында, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламентте, әкімшілік пен саяси партияларда сарапшы, саяси технологтар, ЖОО-да оқытушы қызметтерін атқарады.
2004 жылы кафедрада ғылыми-педагогикалық салаға бағытталған магистратураның қазақ және орыс бөлімдері екі ғылыми сала бойынша маманданған: саяси институттар мен процестер және халықаралық қатынастардың саясаттануы.


'''Саясатанушылар мамандарын дайындау және Қазақстан Республикасының саяси ғылымын дамыту мен білімнің сапасын көтеру мақсатында саясаттану кафедрасының негізгі басымдықтары:'''

Жоғарғы білім беру жүйесінде және қазақстандық қоғамның қызметінде саяси ғылымның және оқу пәнінің әдістемелік және дүниетанымдық рөлін көтеру.
Қазіргі саяси мәселелерді тиімді шешетін және қоғамдық процестерде болжай алатын, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра алатын білікті саясаттанушыларды, аналитиктерді, сарапшыларды, политтехнологтарды дайындау.
Жас мамандарды сапалы теоретико-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, оқу процесін жетілдіру, жаңа заманға сай оқулықтар мен оқу-құралдарын дайындау, соның ішінде электтронды оқулықтар, сыртқы бөлімдегі студенттерді қашықтықтан оқытуды дамыту.
Саясаттану пәнін оқытуда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ бөлімін белсенді дамыту және оның оқу-әдістемелік базасын жетілдіру.
Кафедра жанынан ғылыми-зерттеулер орталықтарын құру: республикадағы қазіргі саяси процестерді талдау және әлеуметтік-саяси қақтығыстардың алдын-алу және олардың нәтижелерін оқу процесінде пайдалану.
Кафедраның байланысын мемлекеттік құрылымдармен, ішік және сыртқы саясат қоғамдық байланыс бқлімдерімен кеңйтіп, болашақ саясаттанушыларды дайындау мақсатында серіктестік формасын дамыту.
Әлемдік білім беру кеңістініе интеграциялану,мсаясаттанушы мамандарды дайындауда әлемдік сапа деңгейіне сай келу, Болон Декларациясы шеңберіндегі білім берудің үш деңгейі бойынша кредиттік оқыту жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында шетелдік университеттермен халықаралық серіктестікті бекітіп дамыту.
Студенттерді гуманизм, адамгершілік,төзімшілдік және ұлтаралық келімі қағидалары негізінде тәрбиелеу және жоғарғы азаматтық ұстанымды және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.