Difference between revisions 941306 and 2254828 on kkwiki{{уики}} {{Факультет | атауы = Шығыстану факультеті | университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]] | суреті = [[Сурет:Шығыстануфак.gif|100px]] | халықаралық атауы = | ұраны = | құрылған жылы = 1989 | деканы = филология ғылымдарының докторы, доцент Жұбатова Баян Нурсултанқызы | орналасқан жері = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71 | сайты = www.kaznu.kz | e-mail = }} == Тарихы == Егемен Қазақстан - бүгінде өзінің шынайы тарихын қалпына келтіріп, аймақтық көсбасшы ретінде әлемнің басқа елдерімен белсенді түрде қарым-қатынасын орнатып отырған Орталық Азиядағы ірі мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанның басқа Шығыс елдерімен қарым-қатынасын, олардың тарихы мен экономикасын және мәдениетін, сонымен қатар қазақтардың өз тарихын да зерттеу үшін, шығыстанушы мамандарға деген қажеттілік бұрыннан да өте жоғары болып отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың республикалық ірі орталыққа айналды. Шығыс тілдерін үйрену (соның ішінде араб тілі) университет қабырғасында ХХXX ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. 1989 жылы Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы мен араб тілі кафедрасының негізінде ашылған шығыстану факультеті шығыс елдерінің тілі мен тарихын оқытудың 40 жылдан астам қалыптасқан дәстүріне сүйенеді. Қазақстандық шығыстануды ғылымның әрі көне, әрі жас саласы деуге болады. Себебі ежелгі Қазақстан жерінде ықылым замандарда әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари сияқты Шығыстың ұлы ойшылдары өмір сүріп, өз туындыларын жазған. Кейін бұл дәстүрлерді Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде жалғастырды. == Басшылық == Факультет деканы Жұбатова Баян Нурсултанқызы 1961 жылы 28 қыркүйек күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 1980-1985 жылдары филология факультетінің араб бөлімінде оқып, 1985 жылы аяқтаған. Университетті аяқтаған соң, Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген. 1989 жылдын бастап әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-те жұмыс істей бастайды. Қызметінің негізгі бағыттары: лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша жоғарғы білікті маман, оқу үрдісінде кең қолданылатын шамамен 30-ға жуық оқу-әдістемелік кешенннің, оқулықтар мен оқу құралдарының құрастырушысы. Көптеген халықаралық және республикалық конференцияларға баяндамалар дайындап, әрдайым бітіру жұмыстарына, магистрлік, докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді. Бірнеше мемлекеттік білім беру стандартын жасауға атсалысты, атап айтқанда «Шетел филологиясы», «Ауда(contracted; show full) 6. Корея Республикасы: Пайчай университеті, Корей тіл институты (Сеул), Хангук университеті, Ихва университеті, Каннам университеті, Пусан университеті 7. Түркия: Анкара университеті '''Шығыстану факультетінде сабақ беретін шетелдік мамандар:''' -Suzuki Eri – Japan Foundation, Токио, Жапония -Hussein Navin - Университет Ардавиль, Иран -Abdelaziz El-Huli –al-Azhar университет, Каир, Египет -Chan Beng Sun –Ханъянг университеті, Сеул, Корея Республикасы -Meyng Sun Ok - Ханъянг университеті, Сеул, Корея Республикасы == Кафедралар == === Арабтану және ирантану кафедрасы === Ирантанушы және арабтанушы оқытушылардың негізгі ғылыми бағыты – Иран, Араб елдерінің тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен тілінің қазақ елімен байланыстары. Кафедра ұстаздары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар халықаралық, республикалық, ғылыми-теориялық конференцияларға қатысады, баяндамалар жасайды. Республикалық ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.(contracted; show full) Филос.ғ.к., аға оқытушы Д.М. Кокеева мен т.ғ.к., аға оқытушы Д. Таубалдиева, кафедра докторанты К. Габдуллин, С.Н. Досова шығыс философиясы, мәдениеті, діні, тарихы мен саясаты, экономикасы тақырыбы төңірегінде ғылыми зерттеулер жасау үстінде. ⏎ ⏎ === Қытайтану кафедрасы === ⏎ ⏎ ⏎ ⏎ Қытайтану кафедрасы – білікті мамандар шоғырланған, оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысы жақсы жолға қойылған, қызықты әрі шығармашылыққа толы студенттік өмірі бар қазақстан шығыстануының басты орталығы. (contracted; show full) === Корейтану және жапонтану кафедрасы === Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмысы оқу үдерісімен тікелей байланысты, яғни оқу барысы, ғылым мен тәжірибенің тығыз қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етіп, корей, жапон тіл білімі мамандарын даярлауда жоғары сапаға қол жеткізуге, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері: - корей және жапон тіл білімі ғылымдарының өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу; - жоғарғы оқу орындары педагогикасы мәселелерін зерттеуді ұйымдастыру; - келешектегі ізденіс зерттеулерін жүзеге асыру; - оқу үдерісін ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктерімен байыту; - оқу үдерісінің тиімділігі мен студенттерді оқыту сапасын көтеру; - студенттердің ғылыми шығармашылығын дамытып, оларды зерттеу жұмыстарына машықтандыру; - аяқталған ғылыми зерттеулерді оқу үдерісіне енгізу; - ғылыми қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру мен көтеру. Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және университетаралық дәрежедегі ғылыми конференциялар, жобалар, бағдарламалар мен зерттемелерге қатыса отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Балақаева Л.Т. жапон тарихының жаңа және қазіргі кезеңінің мәселелері аясында зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Т.ғ.к. Ашинова Ж.Е. қазіргі кезеңдегі жапон сыртқы саясатының бағыттарын зерттеуде. Т.ғ.д. Ким Г.Н. депортациялау тарихы, Кореяның тарихы сияқты зерттеу аясы кең мәселелермен айналысады. Т.ғ.к. Алимбаева Ж.Н. корей мәдениетінің тарихи өзгерістері мәселелерін зерттейді. Т.ғ.к. Чан Бенг Сунн Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы мемлекетаралық қарым- қатынастардың даму мәселелерін зерттеумен айналысады. Кафедраның қалған оқытушылары үш сатылы білім беру аясында еңбек етуде: бакалавриат – магистратура – Ph(D). Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық жапон қоры мен Жапонияның Білім және Ғылым Министрлігінің гранты бойынша тілдік тәжірибеге жіберіледі. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның алдыңғы қатарлы университеттері арасында жасалған келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Тілдік тәжірибеден өту барысында оқытушылар Жапония университеттері мен ірі халықаралық тілдік орталықтарда жапон тілі бойынша кәсіптік біліктілігін шындайды, сондай-ақ ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша деректер жинаумен айналысады. Тілдік тәжірибенің аяқталысымен сертификаттар беріледі. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі (университетаралық, республикалық, халықаралық) дәрежедегі ғылыми конференцияларға қатысады. === Түркітану және үндітану кафедрасы === Студенттерді дайындау келесі бағыттарда жүргізіледі: '''Бакалавриат''' 050209-Шығыстану Академиялық деңгей және квалификация: шығыстанушы-филолог, шығыс тілдері мен әдебиеттерінің оқытушысы, аудармашы-референт мамандықтары бойынша шығыстану бакалавры; шығыстанушы тарихшы, тарих оқытушысы, аудармашы-референт. 050207- Аударма ісі Академиялық деңгей және квалификация: аударма ісі бакалавры. (contracted; show full) == Сыртқы сілтемелер == * [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты] * [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт] All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=2254828.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|