Difference between revisions 941362 and 941375 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Философия және саясаттану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = 
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1949
| деканы            = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы 
(contracted; show full)
2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра жұмысын саяси ғылымдарының докторы, профессор Иватова Ләйля Мырзалықызы басқарады.
Қазіргі кезде кафедрада Қазақстан Республикасына танымал ғалымдар, көп жылдық педагогикалық тәжірибесі бар, жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарады: 8 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 5 аға оқытушы және 5 оқытушы
.

''' Оқу-әдістемелік қызмет'''

Алғашқы кезеңде саясаттану кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы бакалаврлық және магистрлік бағдарламалардың мазмұнын анықтаумен, саясаттану бөлімі үшін арнайы пәндерді жүйелеумен байланысты болды. Бакалаврлық және магистрлік бағдарламалардың құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын түрлі оқу жұмыстарын қамтиды. Оқу жұмысының көлемі игерілетін материал көлемімен жүзеге асырылып, кредиттер арқылы анықталады. Сонымен қатар кредиттік жүйе білім беру жүйесінің алғашқы деңгейінде игерілген кредиттерді ескереді.
Бағдармаларды құру барысында бакалаврлар мен магистрлерді дайындауда европалық тәжірибемен қатар, американдық тәжірибе ескерілді, Аденауэр (Германия) қорының саясаттанушылырының зерттеу жұмыстары, Рено және Страсбург университеттерінің (Франция), Йель университеттерінің зерттеу жұмыстары (АҚШ) қолданылды. Кафедра жұмысының алғашқы сатысында теориялық саясаттану деңгейін игеру міндеті қойылса, келесі кездері оқу жоспарына қолданбалы саясаттану бойынша арнайы пәндер енгізілді.
Кафедрадағы нормативті оқу-әдістемелік құжаттар толық: мамандарды шығару құқына мемлекеттік лицензия, 5В050200-cаясаттану, 6N0502, 6M050200–саясаттану, 6D050200-саясаттану мамандықтары бойынша мемлекеттік міндетті стандарттар; біліктілік мінездемелер; мамандық паспорты, кафедра оқушылырының оқитын пәндері бойынша типтік және оқу-жұмыс жоспарлары; студенттердің жеке жұмыстарын орындауға арналған әдіснамалық нұсқаулар; өлшемдік-бақылау құралдары (емтиханда келетін бақылау сұрақтарының тізімі, тесттік тапсырмалар) және т.б.
Кафедрада 50-ден аса бакалавриатқа және магистратураға арналған типтік бағдарламар (қазақ және орыс тілдерінде) дайындалып шығарылды. Соның ішінде: «Теориялық саясаттану» (Л.А. Байдільдинов, Н.А. Саитова), «Теория международных отношений» (А.В. Соловьев), «Современные международные отношения и мировая политика», «Политические партии и партийные системы» (Л.М. Иватова), «Қолданбалы саясаттану» (Иватова Л.М., Насимова Г.Ө.), «Қазақстандағы саяси ой» (А.И. Лұқпанов), «История политических учений» (В.И Лигновская), «Саяси конфликтология» (Насимова Г.Ө.) және т.б. .
1995, 1999, 2002 жылдары кафедра ұжымы халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, университеттердегі саясаттану мамандары емес студенттерге арналған «Саясаттану» типтік бағдарламалары жасалып, шығарылды.
2000 жылдан бері кафедра Қазақстан Республикасындағы білім берудің жалпыға ортақ стандарттары бойынша республикалық ашық конкурстарға қатысып келеді. Қазақ және орыс тілдеріндегі 050502, 6N0502 – Саясаттану мамандықтары бойынша мемлекеттік стандарттар 4, 2 және 1 жылдық оқу көлемдеріне сай келеді, бағдарламаларды құрға Л.М. Иватова, Н.А. Саитова, Г.Ө. Насимова, Ш.А. Әмірбеков, З.С. Гаипов, А.С. Абулкасова, Р.Б. Сейсебаева қатысты, бұл МЖБС республикалық барлық конкурстарда ең үздік деп табылып, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің тұсында басып шығарылды. Қазіргі таңда солардың негізінде республика универстиететтерінде саясаттанушы мамандарды дайындау жүзеге асырылуда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Магна Хартия (Болондық Декларация) шеңберінде қол қойылған оқу үрдісінің кредиттік жүйесін сәйкес кафедрада білім алу үш сатылы білім беру жүйесі арқылы жүзеге асырылады: бакалавриат (4 жыл), магистратура (2 жыл) и PhD докторантурасы (3 жыл), осыған сәйкес барлық базалық және профильді пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.
Қазіргі таңда кафедра кредиттік оқу технологиясын игеру үстінде, студенттер мен магистранттардың жеке жұмысына үлкен көңіл бөле отырып, Internet жүйесіндегі электрондық журналда студенттердің сабаққа қатысу және үлгеріменін ескереді.
Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы дәрістер мен семинарларда дәстүрлі әдістермен қатар, оқытудың интерактивті әдістерін де қолданады: кейс-әдіс, саяси жағдайларды талдау, саяси үрдістерді үлгілеу, саяси пікір-сайыстарды, конференцияларды, кәсіби ойындарды ұйымдастыру, жағдайлық талдау әдісі, серіктестікте үйрену, панельдік дискуссия және т.б. Аралық бақылау жұмыстарын өткізу әдістерін – ғылыми зерттеу әдісін қолдана отырып, ауызша, жазбаша, тестілеуді жақстарту жүзеге асуда. Саясаттану кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы бакалавриат және магистратура үшін жаңа пәндер жасап, оқиды: «ҚР ішкі және сыртқы саясаты», «Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздігі» (Иватова Л.М.), «Мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйелері» (Сейсебаева Р.Б.), «Саяси технологиялар» (Насимова Г.Ө.), «Адам құқығы: әлемдік тәжірибе және Қазақстан» (Саитова Н.А.), «Жаңа шекаралар қауіпсіздік мәселелері ретінде» (Балапанова Ә.С.), «Этносаясат» (Мухитденова А.Т.), «Саяси имиджеология» (Ким Л.М.) және т.б.
Саясаттану бөліміндегі негізгі пәндер төмендегідей: теориялық саясаттану, cаяси билік, Қазақстандағы саяси ой, қазіргі саяси үрдістер, саяси жүйелер және режимдер, саяси партиялар және партиялық жүйелер, салыстырмалы саясаттану, қолданбалы саясаттану, саяси технологиялар, саяси анализ және болжам, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік-әкімшілік басқару, саяси конфликтология, халықаралық қатынастардың мәселелері, әлемдік саясат және халықаралық қатынастар , геосаясат, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі, ҚР ішкі және сыртқы саясаты.
Перспективалары: профильдік магистратура негізінде «Master of Public Administration» білім беру бағдарламасын ашу.

'''Ғылыми зерттеу қызметі'''

Саясаттану кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Саясаттану кафедрасы келесі мәселелер бойынша көп қырлы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді:
Қазіргі саяси үрдістер және қазақстан қоғамының демократиялануы;
Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің модернизациялық үрдістері;
Қазіргі саяси технологиялар және саяси менеджмент;
Халықаралық қатынастардың және ғаламдық дамудың, халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің саяси мәселелері;
ҚР имиджінің дамуы.

'''Ғылыми бағыттар'''

Негізгі зерттеу тақырыбы:

Жаһандану шарттарындағы Қазақстан Республикасының халықаралық имиджінің қалыптасу факторы ретіндегі мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

-  ҚР БҒМ гранты негізіндегі «Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жаһандану шарттарындағы Қазақстан Республикасының халықаралық имиджінің қалыптасу факторы ретінде» атты іргелі ғылыми жобаға қатысу (2008-2011 жж.), қаржыландыру: 3 млн. тенге; нәтижесінде ғылыми айналымға отандық ғылымның дамуына үлесін қосатын жаңа концепциялар мен материалдар енгізіледі (Иватова Л.М.). – Мемлекеттің қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының халықаралық имиджінің қалыптасуын қамтамасыз ету мәселелерінің теориялық-әдіснамалық аспектілері; Нұрмағамбетов А.А. – ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты зерттеудің теориялық-концептуалдық негіздері; Балапанова Ә.С. – мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің геосаяси аспектілері; Насимова Г.Ө. – мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз етудің методологиясы, Саитова Н.А. – толеранттылық мәдениетін зерттеу методологиясы мемлекеттің тұрақты дамуының факторы ретінде; Сейсебаева Р.Б. – мемлекеттің халықаралық имеджін қалыптастырудың технологиялары.
- ҚР БҒМ «Ғаламдық даму шарттарының аясындағы реформалар кезеңіндегі ҚР мемлекеттік саясаты: стартегиялық приоритеттері және инновациялар» 2011- 2013 жж.
Кафедраның штаттық оқытушыларының ғылыми мамандануы:
2006-2010 жылдары кафедра оқытушылары 6 докторлық диссертация– (Насимова Г.Ө., Көшкімбаев С.К., Абулкасова А.С., Балапанова Ә.С., Әмірбеков Ш.А., Кайдарова Ә.С.); 8 кандидаттық диссертация – (Кайдарова Ә.С., Мухитденова Ә.Т., Бришева Г.Н., Насимов М.Ө, Жүсіпова Ә.С, Ақболат Д.Е., Кеңесов А.А., Омарғазы Е.Е.) қорғады.

'''Халықаралық жобалар мен зерттеулер'''

Саясаттану кафедрасы халықаралық әріптестікті дамытуда келесі іс-шараларды атқарды:
халықаралық жобаларға қатысты:

Варшава Университеттінің саяси ғылымдар институтының шығыстану кафедрасының «Орталық Азия  мемлекеттерінің жүйелі трансформациясы» атты халықаралық бағдарламасына қатысты. «Орталық Азия мемлекеттеріндегі қауіпсіздік, интеграция және трансформация мәселелері» атты тақырыпта Тадеуш Бодион, Анджей Вежбицкий, Петра Залэнский сынды ғалымдардың ғылыми редакциясымен жинақ шығарылды. а Л.М., Ә.С. Балапанова, Н.Т. Уранхаев, С.К. Көшкімбаев мақалалары);
Мырза Ұлықбек атындағы мемлекеттік Өзбекстан университетімен бірлесіп «Орта Азия мемлекеттеріндегі демократиялық үрдістер: философия, экономика, саясат». Ташкент 2010. (кафедраның ПОҰ атынан 16 мақала басылған) жинағы шықты.

Саясаттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Л.М. Иватова арнайы шақыру бойынша V Ресейлік саясаттанушылар конгрессіне қатысып қайтты (2009 ж.);
Кафедра профессорлары Иватова Л.М., Насимова Г.Ө., Балапанова Ә.С. II Қазақстандық саясаттанушылар конгрессіне қатысты (2009 ж.);
Саясаттану кафедрасы өзінің тәлімгерлеріне арнайы арналған дәрістер оқыту үшін шетелдерден халықаралық қатынастар саласындағы танымал ғалым, Жоғарғы экономика мектебінің саясаттану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор С.В. Кортунов, (ақпан 2010 ж.) және халықаралық саяси конфликтер саласындағы маман, РФ президентінің жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызмет академиясы, ұлттық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор С.В.Смульскийді (декабрь 2010 ж.) шақырды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси «Литер» газетінде «Жақтардың тепе теңдігі» атты мақаласы жарияланды. (27 қараша 2010 ж);
РФ президентінің жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызмет академиясының профессоры О.Д. Абрамова мен Санта-Барбара қаласының Калифорниялық Университетінің саясаттану профессоры Синтия Каплан арнайы дәрістер оқуға шықыралды.(сәуір 2011);

2010 жылдың тамыз айында кафедра оқытушылары Қазақстандық гуманитарлық-саяси коньюктура Орталығының және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған саясаттанушылар мектебінің жаздық мектебіне қатысып, оның нәтижелі аяқталуы жөнінде «Саясаттану курсын оқыту және саяси зерттеулердің әдістері» атты курстың сертификаттарын иеленді (7 адам);

2011 ж. 13 сәуірде Қытай Халық Республикасының Синьцзян педагогикалық университетінің саяси ғылымдар факультетімен ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасы арасында академиялық әріптестік пен мамандармен алмасу жөнінде келісім қабылданды.

'''Әлеуметтік-тәрбие қызметі'''

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы

Кафедраның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жас саясаттанушы мамандарды рухани бай, салауатты өмір салтын қалыптастырған Қазақстанның азаматы болып қалыптасуына өз үлесін қосады. Өз еркімен шешім қабылдай алатын жоғары деңгейдегі кәсіби маман ретінде тәрбиелейді.
Кафедраның әлеуметтік-тәрбие жұмысы – кафедра жұмысының маңызды саласы. Кафедра бұл жұмысқа ерекше көңіл бөледі.



== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]