Difference between revisions 943561 and 1191659 on kkwiki'''Стоиктер''' ({{lang-el|stod}} - портик, үй алдындағы калка) — [[Эллинизм дәуірінің мәдениеті|Эллинизм дәуірінде]] қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердін бірі — [[Сгоаның өкілі|Сгоаның өкілдері]]. іЧекгептін негізін салған [[Кипр]]дегі [[Китион]]нан шыққан [[Зенон]] (б.з.д. 336—244 жылдардың шамасы) деп есептеледі. Одан басқа оның ірі қайраткерлері [[Хрисипп]] (б. з. д. 281—209 жылдардың шамасы) және [[Диоген Вавилонский]] (б. з. д. 240—150 жылдардың шамасы) т. б. Стоиктердін шығармалары үзінді, дәйексөз, кейінгі баяндаулар түрінде жеткен.</br> Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы [[философия]]лық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдін материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады. Логосқа жету үшін білім үш кұрамнан түруы керек: логика, физика, этика. "[[Логика]]" терминін логостын ішкі және сырткы жактары туралы ілімнін атауы ретінде бірінші рет стоиктер енгізген.</br> Логика өз ішінде диалектика мен риторикаға бөлінген. [[Диалектика]] — "дұрыс ойлау (пайымдау)" туралы ғылым, [[риторика]] — "нақыштап сөйлей білу" туралы ілімнін таңбалық сипатына (таңбалаушы — танбаланушы) негізделген. Бірақ бұл ұғымдардын шекарасын нақты айыру қиын, себебі стоиктер сөз таптары туралы (сөздін формасы мен жасалу жолдары) ілімді "таңбалаушы", ал грамматикалык категориялар туралы ілімді "таңбаланушы" ретінде қарастырған. "Таңбалау" және "таңбалану" теориясын жасагандықтан, стоиктерді тілдін [[семиотикалық теория]]сынын негізін салған деуге болады.</br> Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.</br> Стоиктер есім мен етістіктін біркатар грамматикалық категориялары туралы ілімді бастады, олардын кейбіреуі (мысалы, [[Септік жалғау|септік]] туралы) кейін еуропалық грамматикалық еңбектерге өзгеріссіз қабылданды. Аристотельден ауысып алған "септік" термині, стоиктердін түсіндіруінше, есімнін кез келген формасын білдіреді. Егістік шактарытуралы ілімінде көне грек етістіктерінің негізгі шақтық мағыналары мен формалары жіктеліп берілген.</br> Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет еңгізген. [[Логос]] туралы жалпы ілімнін шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец [[риторика]] тұрғысынан қарастырған. Олардын негізгісі — предикаттардын түріне, сөйлеу мақсатына қарап жасаған топ- тастырулар. Стоиктерде "[[баяндауыш]]", "[[предикат]]" терминдері осы күнгі мағыналарына жуық қалыптасқан. Стоиктер еуропалық тіл ғылымындағы құрмалас сөйлемдер теориясын жасады.</br> Сөз бен ол білдіретін зат арасында "табиғи" байланыс тұрғысынан карап, этимологияға көгі көңіл бөлді, бірақ олардын этимологиялық ізденістері көбінесе жалған болып шықты. Стоиктер ілімі [[Александрия мектебі|Александриялық мектеп]] пен тіл туралы көне [[Рим]] ғылымының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.<ref> Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref> == Пайдаланған әдебиет == <references/> {{Stub}} {{wikify}} {{Суретсіз мақала}} [[Санат:Лингвистика]] {{Link GA|en}} [[ar:رواقية]] [[az:Stoisizm]] [[be:Стаіцызм]] [[bg:Стоицизъм]] [[br:Stoikegezh]] [[bs:Stoicizam]] [[ca:Estoïcisme]] [[ckb:ستۆیسیزم]] [[cs:Stoicismus]] [[da:Stoicisme]] [[de:Stoa]] [[el:Στωικισμός]] [[en:Stoicism]] [[eo:Stoikismo]] [[es:Estoicismo]] [[et:Stoitsism]] [[eu:Estoizismo]] [[fa:رواقیگری]] [[fi:Stoalaisuus]] [[fr:Stoïcisme]] [[gl:Estoicismo]] [[he:האסכולה הסטואית]] [[hi:स्टोइक दर्शन]] [[hr:Stoicizam]] [[hu:Sztoikus filozófia]] [[hy:Ստոիցիզմ]] [[ia:Stoicismo]] [[id:Stoikisme]] [[is:Stóuspeki]] [[it:Stoicismo]] [[ja:ストア派]] [[ka:სტოიციზმი]] [[ko:스토아 학파]] [[ky:Стоицизм]] [[la:Stoicismus]] [[lmo:Stoicismo]] [[lt:Stoicizmas]] [[lv:Stoicisms]] [[mk:Стоицизам]] [[mt:Stojċiżmu]] [[mwl:Estoicismo]] [[nl:Stoa]] [[no:Stoisme]] [[nov:Stoikisme]] [[pl:Stoicyzm]] [[pt:Estoicismo]] [[ro:Stoicism]] [[ru:Стоицизм]] [[sh:Stoicizam]] [[simple:Stoicism]] [[sk:Stoicizmus]] [[sl:Stoicizem]] [[sq:Stoicizmi]] [[sr:Stoicizam]] [[sv:Stoicism]] [[ta:உறுதிப்பாட்டுவாதம்]] [[th:ลัทธิสโตอิก]] [[tl:Pagbabata]] [[tr:Stoacılık]] [[uk:Стоїцизм]] [[vi:Chủ nghĩa khắc kỷ]]⏎ [[xmf:სტოიციზმი]] [[zh:斯多亞學派]] All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=1191659.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|