Revision 2398013 of "Сембин Болат" on kkwiki{{wikify}}
'''Сембин Болат''' (12.3.1944 жылы туылған, [[Жамбыл облысы]], [[Сарысу ауданы]], [[Жайылма (Жамбыл облысы)|Жайылма ауылы]]) – әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты [[Әл-Фараби]] атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1969). Осы жылдан бастап [[Талдықорған облысы]] [[Гвардия ауданы]] прокуратурасында тергеуші, 1971 жылы [[Көксу ауданы]]<nowiki/>ның прокуроры болып тағайындалды. 1981 жылы [[Торғай облысы|Торғай облыс]]<nowiki/>тық прокурорының орынбасары, 1985 жылы [[Қарағанды облысы]] прокурорының бірінші орынбасары, 1987 жылы Торғай облыстық прокуроры, 1988 жылы [[Алматы]]ның көлік прокуроры, 1990 – 97 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары, Қазақстанның көлік прокуроры. 1997 жылы Талдықорған облыстық прокуроры қызметіне ауыстырылды. [[Талдықорған облысы]] таратылғаннан кейін, отставкаға шығып, ғылыми жұмыстармен айналысады. 1999 жылы Л.Н. [[Гумилев]] атындағы [[Еуразия ұлттық университеті]] құқық институты директорының орынбасары, 2000 жылы [[Астана]] қаласындағы «Қазақ қоғамдық ғылымдар заң университеті» ұлттық құқық және мемлекеттік қызмет институтының вице-президенті және директоры болып істеп келеді. 20-дан аса ғылыми жұмыстардың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақстан Республикасының құрметті прокуроры.
=Сілтеме=
=''Тараз энциклопедиясы''=
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:1944 жылы туғандар]]
[[Санат:Қазақстан әскерилері]]
[[Санат:Заңгерлер]]
{{stub}}All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=2398013.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|