Revision 2488017 of "Жуантөбе (Қарағанды облысы)" on kkwiki'''ЖУАНТӨБЕ3'''– бірнеше таудың атауы.
* [[Қарағанды облысы]] [[Бұқар жырау ауданы]]ның шығысында, [[Аққора өзені]]нің оң жағалауында, аудан орталық шығысқа қарай 65 км жерде. Абсолюттік биіктігі 796 м. Ұзындығы 4 – 5 км, ені 2 – 3 км. [[Девон]] жыныстарынан түзілген. Солтүстік және батыс беткейлері көлбеу, оңтүстік беткейі құлама жыралармен қатты тілімденген. Бозғылт қоңыр топырағында бетеге, боз, [[австрия жусаны]], [[селеу]], [[қараған]] өседі;
* Қарқаралы ауданының батысында, [[Нұра өзені]]нің оң жағалауында, Қарқаралы қаласынан батысқа қарай 45 км жерде. Абсолюттік биіктігі 745 м. Ұзындығы мен ені 2 – 2,5 км. Девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу, аз тілімденген. Бозғылт қоңыр топырағында [[тобылғы]], [[бетеге]], [[сұлыбас]], [[селеу]], [[қараған]], [[жусан]] өседі;
* [[Бұқар жырау ауданы]]нда, [[Нұра]] және [[Шилі өзендері]] саласының аралығында, аудан орталық [[Ботақара]] кентінен шығысқа қарай 6 км жерде. Абсолюттік биіктігі 654 м. Ұзындығы мен ені 5 – 6 км. [[Девон]] жыныстарынан түзілген. Бозғылт қоңыр топырағында [[бетеге]], [[жусан]], [[селеу]] өседі. Тау етегінде бұта шоғырлары кездеседі;
* Нұра ауданының шығысында, [[Киевка (Қарағанды облысы)|Киевка]] кентінің солтүстігінде 7 км жерде. Абсолюттік биіктігі 476 м. Ұзындығы 4 – 5 км, ені 3 – 4 км. Девон жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу, түп жыныстарының жер бетіне шығуы байқалады. Кәдімгі қоңыр топырағында бетеге, боз өседі. Солтүстік-батыс, оңт.-шығыс беткейлері жыртылған.
<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>
{{wikify}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Қарағанды облысы таулары]]
{{stub}}All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=2488017.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|