Revision 2488021 of "Казгородок" on kkwiki'''Казгородок''' – [[Қарағанды облысы]]ның [[Нұра ауданы]]ндағы ауыл, [[Қызылтаң ауылдық округі]]нің орталығы.
Аудан орталығы [[Киевка (Қарағанды облысы)|Киевка]] кентінен оңтүстікке қарай 30 км, [[Нұра]] өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (1999). 1928 – 1932 жылы Нұра ауданының орталығы, кейіннен ұжымшардың, ал [[1961]] жылдан [[Чкалов]] атындағы сүтті сиыр өсіретін кеңшар орталығы болып келді. Оның негізінде [[1997]] жылдан шаруа қожалықтары мен серіктестіктер құрылған. Казгородокта орта мектеп, [[клуб]], [[кітапхана]], т.б. [[мекемелер]] бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энциклопедиясы]]» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
== Дереккөздер ==
{{дереккөздер}}
{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Нұра ауданы елді мекендері]]All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=2488021.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|