Revision 2909360 of "Қалыңқой" on kkwiki

{{жедел жойылсын|Бұрын бар бетті басқа атаумен бастаған}}
{{taxobox
|name = Қалыңқой
|image = Kalanchoe.blossfeldiana.jpg
|image_caption = ''[[Kalanchoe blossfeldiana]]''
| regnum = [[Өсімдіктер]]  
|unranked_divisio = [[Angiosperms]]
|unranked_classis = [[Eudicots]]
|unranked_ordo = [[Core eudicots]]
|ordo = [[Saxifragales]]
|familia = [[жасаңшөптер тұқымдасы|жасаңшөптер]]
|genus = '''''Kalanchoe'''''
|genus_authority = [[Michel Adanson|Adans.]]
|subdivision_ranks = Species
|subdivision = Around 125, see text.
|synonyms = ''Bryophyllum''
|}}
'''Қалыңқой''' немесе '''каланхое''' (Kalanchoe) – [[жасаңшөп тұқымдасы]]на жататын көпжылдық, жақсы гүлдейтін шөптесін өсімдік. Өсімдіктің емдік қасиеттеріне байланысты оны халық арасында «[[дәрігер]]», «өмір гүлі» деп те атайды. Оның емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды [[микроб]]тарды жоюмен бірге [[антивирус]]тық  пәрмені бар өсімдік. Таралған аймақтары – [[Оңтүстік Африканың]], [[Оңтүстік Американың]] тропиктік аудандары, [[Оңтүстік Шығыс Азия]], [[Қытай]] мен [[Ява]] аралдары. 200-ге жуық түрі белгілі. Ал оның 30-ға жуық түрі мен сұрпы үй жағдайында өсіріліп келеді.  Өсімдіктің жапырақтары түріне  қарай  жалпақ, етті, жиектері ирек болып келеді. Гүлдері қоңырау, себет тәріздес, ұзындығы 30см гүлсабаққа шоғырланған. Дұрыс күтім жасалса, жыл бойы гүлдейді.
== Жарығы: ==
Жарық, күн көзі жақсы түсетін жерлерде өседі.

== Жылуы:==
Қыста 12ºС  төмен болмауы керек.
==  Суғарылуы:==
Жазда топырағының беткі қабаты құрғаңқырағанда, ал қыста салқын жерде ұстасаңыз, айына бір рет суғарып тұру керек.
== Ылғалдылығы: ==
Құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді, дегенмен де жапырақтарын тазарту мақсатында  су бүркіп, шаңын жуып тұрған абзал.
== Қоректендірілуі:==
Көктем-жаз айларында кірпігүлге арналған тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіріп тұру қажет.
== Аурулары:==
Ауруға көп шалдықпайды. [[Суккулент]]ке жататындықтан, артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар. [[Зиянкес]]терден ақ ұнтақ құрты, [[щитовка]], өрмекші кенесі зақым келтіруі мүмкін.
== Көбейтілуі:==
Қалыңқой өте оңай көбейтілетін бөлме гүліне жатады. Жапырақ, қалемше және жанама өскіндері  арқылы көбейтіледі.
==  Сілтемелер == 
* [http://www.gulstan.kz/  Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20120220104018/http://gulstan.kz/ |date=2012-02-20 }}

==  Дереккөздер ==
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

[[Санат:Жасаңшөптер‎]]