Revision 2911682 of "Ақтөбе қаласындағы ФМБ НЗМ" on kkwiki

{{Мектеп
 |Атауы       = Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
 |Сурет       =
 |Ашылды     = [[25 ақпан]] [[2013 жыл]]
 |Директоры   = Өмірбекова Сәуле Рақымқызы
 |Оқушылар саны     = 720
 |Мекенжайы         = {{Байрақ|Қазақстан}}, [[Ақтөбе облысы]], [[Ақтөбе]] қаласы, Батыс-2 кішімөлтек ауданы 
 |Сайты       = nis.edu.kz
}}

'''Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі''' — [[Ақтөбе]] қаласында [[2013 жыл]]дың [[25 ақпан]]ында Батыс-2 кішімөлтек ауданында ашылған мектеп. Бұл мектеп Қазақстан президенті [[Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев]] бастамасымен салынған 10-ыншы Назарбаев  Зияткерлік мектебі болып табылады.

Мектеп 720 оқушыға арналған, 120 орындық жатақханамен қамтамасыз етілген. Мектеп ғимаратында 3 қабат, 12 блог, 59 кабинет, зертханалық, педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақтарды беру және психологиялық бейімделу кабинеттері, 2 спорт және 1 акт залы, 360 орындық асхана, қысқы бақ орналасқан. Және де мектеп 159-дан астам компьютермен, 660-ға жуық ноутбукмен, 60 интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Мектептің аумағында ауданы 540 м² футбол алаңы, теннис және хоккей корттары, баскетбол және волейбол алаңдары бар. Оған қоса мектепте тренажёр залы бар. Онда 16 [[тренажёр]] бар. Мектеп соңғы био- және нанотехнологиялық кұрылғылармен қамтамасыз етілген.

==Мамандары==
[[Назарбаев Зияткерлік мектептері]]нде жұмыс істеу үшін [[Ақтөбе]]ден ғана емес, [[Хромтау]], [[Қандыағаш]], [[Шалқар (қала)|Шалқар]] қалаларынан  да мұғалімдер қабылданды. Оның қатарында пән мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталығының 3 айлық деңгейлік курсында білім алған мұғалімдер және [[2011 жыл|2011]]-[[2012 жыл]]дары [[Назарбаев Университеті]] негізінде оқудан өткен ағылшын тілі пәнінің PDP мамандары бар.

==Мектепке қабылдау==
Дамыған елдердің озық тәжірибелерін сарапқа салған мамандар [[физика]], [[химия]], [[биология]] және [[математика]] салалары бойынша дарынды балаларды 12 жастан бастап таңдау қажеттігін айтады. Соған байланысты [[Талдықорған]]нан басқа қалалардағы зияткерлік мектептерде соның ішінде Ақтөбе қаласындағы зияткерлік мектепте оқушылар 7-сыныптан бастап қабылданады. Үміткер болу үшін үздік оқушы болу шарт емес. Ең бастысы, физика, математика пәндерін жақсы меңгеруі керек.

==Емтихан және оның ерекшеліктері==
Зияткерлік мектептерде білім берудің 2 моделі жүзеге асырылады. Біріншісі — жаратылыстану-математика бағытындағы эксперименталды ықпалдасқан білім бағдарламасы. Бұл бағдарлама бой­ынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Екінші модель негізгі және жоғары мектепте балаларды халықаралық бакалавриат (ХБ) бағдарламасы бойынша оқытуды қамтиды. Бұл әлемге танымал білім беру жүйесі. Халықаралық бакалавриат дипломын әлемдегі 102 елдің 1300-ден астам университеттері мақұлдайды. Олардың арасында [[Оксфорд университеті|Оксфорд]], [[Гарвард университеті|Гарвард]], [[Кембридж университеті|Кембридж]] оқу орындары да бар. Халықаралық бакалавриат бағдарламасын [[Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі|Астанадағы зияткерлік мектеп]] пайдаланады. Білім беру жүйесінің бұл үлгілерін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ мен [[Кембридж университеті]]нің Халықаралық Сынақтан өткізу Кеңесі бірлесе отырып жасаған.

Назарбаев мектептері мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқу ақысын төлеу үшін Қазақстан президентінің «Өркен» білім беру гранты тағайындалды. Емтиханнан сүрінбей өткен бала республикалық комиссияның шешімімен «Өркен» білім беру грантына ие болады. 1 бала үшін (1 жылға) білім грантының құны — 1.5 млн. теңге<ref>http://www.aktobegazeti.kz/?p=17013 {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20140109145103/http://www.aktobegazeti.kz/?p=17013 |date=2014-01-09 }}</ref>.

==Мектеп ерекшеліктері==
* Мектеп жоғары деңгейдегі күзетпен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.
* Мектептің 1 және 2 қабаттарында қазақстандық суретшілер одағының 26 туындысы ілінген.
* Сондай-ақ мектепте [[волейбол]], [[баскетбол]], [[тхэквондо]], капоэйра спорт секциялары, [[хореография]], бейнелеу, [[хор]], [[Вокалдық музыка|вокал]], [[актерлік студия]], [[нанотехнология]] үйірмелері бар.
* Мектептің кітапханасында жалпы оқулықтар мен кітаптардың саны 10 мыңнан асады.
* Мектеп жоғары жылдамдықтағы [[Ғаламтор]] желісімен қамтамасыз етілген.
* "Өркен" грантының иегерлері, яғни, қазіргі оқып жатқан 570 оқушылар 3 мезгілдік аспен, оқулықтармен, мектеп және дене шынықтыру формасымен, сонымен қатар әр бір оқушыға арнайы бөлінген жеке шкаф орындарымен тегін қамтылады. Бірақ барлық жағдайды тегін көрсетілгенімен, Кембридж бағдарламасы бойынша жоғары білім алып жатқан оқушылардың алдында үлкен талаптар қойылып жатыр<ref>[http://nis.edu.kz/kz/schools/nis-aktobe// НЗМ-ның ресми сайты]</ref>.

==Галерея==
<gallery mode="traditional" widths="px" heights="px">
Сурет:НЗМ Ақтөбе Бюст.jpg| НЗМ Ақтөбе Бюст
Сурет:3-қабат НЗМ Ақтөбе.jpg|3-қабат
Сурет:Мектептің жанынан.jpg|Мектептің жанынан
Сурет:Мектептің алды.jpg|Мектептің алды
Сурет:Шкафтар НЗМ Ақтөбе.jpg|Шкафтар
Сурет:Әкімшілік бөлім НЗМ Ақтөбе.jpg|Әкімшілік бөлім
Сурет:Галерея НЗМ Ақтөбе.jpg|Галерея
Сурет:Кітапхана НЗМ Ақтөбе.jpg|Кітапхана
</gallery>

==Дереккөздер==
{{дереккөздер}}

[[Санат:Назарбаев Зияткерлік мектептері]]