Revision 2922403 of "Baribar.kz сайты" on kkwiki

{{Сайт
 |атауы       = Сұрақ және жауап сайты
 |логотипі        = Baribar.kz сайты.jpg
 |URL            = {{URL|http://www.surak-zhauap.kz/}} (2015 жылға дейін),<br /> {{URL|http://szh.kz}},<br />
{{URL|http://surak.baribar.kz}} (2016 жылдан бастап)
 |скриншоты       = 
 |скриншот ені    = 250px
 |тақырыбы        = Сұрақ және жауап сайтының басты беті
 |саудалық   = иә
 |түрі            = сұрақ және жауап форматы 
 |тіркелу    = міндетті емес
 |тілдері          = [[қазақ тілі|қазақша]]
 |кірушілер саны   = 13000
 |иесі       =Ербол Серікбай 
 |авторы          = Ербол Серікбай
 |ашылды         = [[10 қазан]] [[2010]] жылы
 |жабылды         = 
 |қазіргі статусы = белсенді
 |телефоны        = 
}}
'''Сұрақ және жауап сайты ('''2015 жылдың қараша айынан бастап surak.baribar.kz доменінде<ref>https://surak.baribar.kz/610403/</ref>''')''' — қолданушылар түрлі тақырыпта сұрақ қойып,жауап алатын [[Қазақ тілі|қазақша]] веб-сервистік [[сайт]].  Әлемнің көптеген елдерінде осындай форматтағы танымал сұрақ-жауап форматындағы сайттар бар.

Сайттың жұмыс істеу принципінің бір ерекшелігі — бұл жерде қойылған сұрақтарға компьютер емес, шынайы адамдардан, яғни қарапайым қолданушылардан жауап алуға болатындығында. Қолданушылар қалаған сұрағын қояды, жауап та береді немесе берілген жауапқа байланысты өз ойын білдіре алады. Сайт негізін қалаушы және сонымен қатар сайт әкімшісі Ербол Серікбай.<ref name="nurastana">{{cite web
 |url         = http://nurastana.kz/?p=2908
 |title       = Ербол Серікбай, «Сұрақ-Жауап» сайтының авторы: Қазақтілді әлеуметтік желі жасаудың қажеті жоқ
 |author      = Абай Асанкелдіұлы
 |date        = 2011-09-22
 |work        = «Нұр Астана» газеті
 |publisher   = 
 |accessdate  = 2012-07-27
 |lang        = kk
}}</ref> 

Zero.kz сайтының мәліметі бойынша сайтқа күніне 13000-ға жуық интернет қолданушылары кіреді. <ref>[http://zero.kz/rating/?u=38978&start_row=75 Zero.kz сайтындағы рейтингі] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20110919114802/http://zero.kz/rating/?u=38978&start_row=75 |date=2011-09-19 }}</ref>

== Тарихы ==
[[2010 жыл]]ы қазан айының 10 күні сайт өз жұмысын бастады. Сайт негізін қалаушы Ербол Серікбай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығына берген сұхбатында былай деген болатын<ref name="nurastana" />: 

{{quotation|«Бір күні ақпарат іздеп mail.ru-дың жауап бөліміне кірдім. Бір қарындасымыз сұрақ қойған екен. Орыс тілінде қойылған сұрақтарға жауап бар да, ал қазақша қойылғаны жетімнің күйін кешіпті. Осы келеңсіздікті көргенде басыма «неге таза қазақ тілінде сұрақ-жауап сайтын ашпасқа» деген ой келді.»}}

Сайт ең алғашында жұмысын 15-20 қолданушымен бастап, [[2013 жыл]]ы желтоқсан айының 18 күнгі дерек бойынша 27885 қолданушыға жетті.  Сонымен бірге сайтта осы уақытқа дейін 68107 сұрақ  қойылып, 166309 жауап алынды.<ref>[http://www.surak-zhauap.kz/ Сұрақ және жауап сайты]</ref>

[[2015 жыл]]ы [http://szh.kz СЖ сайты] сұрақтар бөлімін http://surak.szh.kz {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20160126200152/http://surak.szh.kz/ |date=2016-01-26 }} етіп, жеке отауға шығарды. Сондай-ақ, қолданушылардың жеке [http://surak.szh.kz/blogs блогын] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20160127141214/http://surak.szh.kz/blogs |date=2016-01-27 }} жазуларына арналған жаңа мүмкіндік қосылды. [[2016 жыл]]ы сайтты дамыту мақсатында [http://szh.kz/category/zhanalyktar/ Жаңалықтар] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20160112104350/http://szh.kz/category/zhanalyktar/ |date=2016-01-12 }} бөлімін енгізді. Негізгі домен baribar.kz сайтына ауысып сұрақ-жауап форматы қосымша домен ретінде қосылды.

== Жұмыс істеу принципі == 
Сұрақ қоюға немесе жауап беруге стимул болу үшін сайтта балл жинау және жиналған балына қарай атақ-дәреже беру жүйесі қалыптасқан. Тек тіркелген қолданушылар ғана сұрақ қойып, жауап беруге және жоғары немесе төмен дауыс беруге құқығы бар. Сұрақ қоюшы сұрағына жауаптар ғана алып қана қоймай алынған жауаптар арасынан жақсы жауапты таңдай алады.

== Сын ==
Сұрақ және жауаптың тіркелген бетте ақпарат алмасу мүмкіндігі зор болғанымен, теріс жақтары да аз емес. Мысалы: мағынасыз сұрақтар қойылып немесе мәнсіз, адасқан жауаптардың алынуы.Сайтта кей кездері  қолданушылар санының артуына байланысты техникалық ақаулықтардың туындауы.<ref>http://surak-zhauap.kz/266521/</ref> Сондай-ақ сайтқа бірнеше мәрте электронды поштаны міндетті түрде растамай-ақ сайтқа тіркеле алу мүмкіндігі.  Сайтқа жарияланған сұрақ болсын, жауап болсын, мейлі пікір болсын алдын ала модерациядан өтпейді. Мұның бәрі [[спам|спамдарға]], флудтауға және троллиннгке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.<ref name="nurastana" />
== Дереккөздер ==
{{reflist}}

[[Санат:Қазақ тілді сайттар]]