Revision 2947881 of "Балдәурен (лагерь)" on kkwiki

[[Сурет:Балдаурен.jpg|нобай]]
'''"Балдәурен"''' – қазақ тілінде   бақытты балалық шақ деген мағынаны білдіреді. Бұл атау текке берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы осы бақытты балалық шаққа сәйкес. Республикалық оқу–сауықтыру орталығы Балдәурен"- бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. "Балдәурен" РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында [[Щучье ауданы|Щучье]] көлінің жағасында орналасқан.
«Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» (Крым, Украина) Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды. 
[[Сурет:Балдәурен.jpg|нобай]]
Қазіргі таңда «Балдәурен» –ТМО және ОрталықАзия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден–бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын,сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу–сауықтыру орталығы. 
Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның   ұзақтығы жаз мезгілдерінде - 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды. 
Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар. Гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер. 
Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа. 
Орталықтың барлық жалпы аумағы ''8.62 га'', оның негізгі пайдалы құрылыс аймағы – ''15 288 кв.м.'' алады. Алты қабатты жайдың, 1 қабаты–мектеп, 2 -3 – 4 қабаттары жататын бөлмелер, 5 қабат әкімшілік-тұрмыстық, 6 қабат – ойын залдары. Бес қабатты медициналық кешен. Екі қабатты спрот кешені. Үш қабатты әкімшілік кешені. Жабық бассейн. Автотранспорттық, жылу және кір жуу шаруашылығы. 
Балалардың пайдалануы үшін емдік және сауқтыру процедуралары, электронды тақталарымен және ең соңғы оқу техникаларымен жабдықталған физика , химия, лингофон, , компьютер кабинеттері, 20000 дана оқу және әдеби кітаптармен жабдықталған библиотека,топ бөлмелері бар. Қыста аяқ асты сықырлаған аппақ қар,шаңғы жолдары, сырғанақтар. Спортық қысқы және жазғы арнайы төсегіш төселген алаңдар,шатырлы қала, топтық от алауын жағатын алаңдар, тренажер, спорт және ойын залдары Халықаралық стандартқа сай жабдықталған үлкен және жүзуді жаңа үйренушілерге арналған кіші жүзу бассейіндері бар. Балалар гидро – массаж душ кабиналарымен жабдықталған бөлмелерде тұрады. Бес рет дәрумендерге бай жас көкөністер мен жемістер және калориялы тағамдар беріледі. Диета сақтау столы бар.<ref>[http://www.baldauren.org/қаз/біздің-орталығымыз-жайлы/# Демалыс лагері] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20131130170956/http://www.baldauren.org/%D2%9B%D0%B0%D0%B7/%D0%B1%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%D0%BC%D1%8B%D0%B7-%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D1%8B/ |date=2013-11-30 }}</ref>
==Білім кешені==
[[Сурет:Білім.jpg ‎|нобай|Білім кешені]]
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 36 мұғалім еңбек етеді. Педагогтардың сапалық құрамы: жоғары санатты- 27%; бірінші- 32%; екінші- 29%; санаты жоғы - 12% құрайды. Бүкіл ұжым 5 әдістемелік бірлестіктерге бөлінген. Бұл мына бірлестіктер: 

1. [[физика]], [[математика]], [[информатика]] пәндерінің бірлестігі ; 

2. [[жаратылыстану]] пәндерінің бірлестігі; 

3. [[қазақ тілі]] және әдебиеті пәндерінің бірлестігі ;

4. [[орыс]] және шетел тілі пәндерінің бірлестігі ; 

5. денешынықтыру пәндерінің бірлестігі. 

Мұғалімдер арасынан екі шығармашылық топ құрылды: 
1.Этно мәдениеттің интегративті рөлі пәндері саласы; 
2.Оқытудың үшөлшемдік әдістемелік жүйесі. 
Кешеннің алға қойған міндеті-баланың ұлтық және жалпы адамзатық құндылықтарын, ғылым мен практиканың жетістіктерінің негізінде қалыптасуына,дамуына және кәсіби біліктілігінің артуына, оның бәсекелестікке қабілетті тұлға ретінде дамып, өсіп өркедеуіне әсер ететін сапалы білім алуы үшін барлық жағдайларды жасау.Ауысым сайын мектепте еліміздің барлық аймақтарынан келген –288 оқушы білім алады. Ауысымға келген балалар 14 сыныпқа бөлінеді. 
Білім бағдарламасында көрсетілген мектептің негізгі міндетін орындау үшін келесі жағдайлар жасалған: 
Оқу жоспары жасалған; 
Әдістемелік қызметінің құрлымы жасалған; 
Мектеп жұмысының тиімділігінің бірден- бір көрсеткіші-мектеп ішілік бақылау негізінде мониторинг енгізілген; 
Кабинеттер толық пән бағдарламалары бойынша қажетті құралдармен және интерактивті тақталармен жабдықталған; 
Кешен мұғалімдері белсенді түрде инновацияларды (іс-тәжірибелерді) уақытылы оқып үйреніп өз іс тәжірибелерінде қолдана біледі. 

Жыл бойына мұғалімдер үнемі АКТ ,үшөлшемдік деңгейлеп оқыту технологиясын ,ойын технологияларын,этнопедагогика элементтерін, молдульдеп оқыту технологияларын қолданып ашық сабақтар өткізіп отырады.Оқу үрдісінде модульдеп оқыту технолгиясын қолдану жүзеге асырылып келеді,бұл технологияны қолдану уақытша құрылған топтар үшін оқытудың ең тиімді және қолайлы түрі болып табылады. Сонымен қатар сабақтарды кіріктіріп өткізіу тәжірибесіде енгізілді. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауына қатысты интеллектуалды ұлтты дамыту 2011-2020 ж.ж арналған білім бағдарламасының негізінде біртіндеп 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге дайындық жасау және ауысымға қатысушы балалар инициативасын қолдау мақсатында2010 жылдың қараша айынан бастап білім кешенінің мұғалімдері ғылыми жобамен айналысушы дарынды балалардың арасында «Жас зертеушілердің ұлттық балалар академиясы» аты жобаны жүзеге асырып келеді. Бұл жоба бойынша оқушыларды қашықтан оқыту бағыт-бағдар беру жүзеге асырылады. 

Бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық аймақтарынан келген 29 оқушы әртүрлі тақырыптарда орталық мұғалімдерінің жетекшілік етуімен ғылыми жобамен айналысуда. Мұғалімдер авторлық бағдарламалар жасап әдістемелік жинақтар шығаруда мұғалімдердің авторлық бағдарламалары мен әдістемелік жинақтары:
*авторлық бағдарлама «Қазақ отбасы» атты 9-сынып оқушыларына арналған ағылшын, қазақ тілдері бойынша интегративті курс Бекетай Б.А., Қалиева С.С.;
*авторлық бағдарлама «Он саусақтан өнер тамған, қазағым» атты орыс мектептеріндегі 7-сынып оқушыларына қазақ тілі пәніне арналған Дәуленова Г.З., Бытишева А.Б.; 
*авторская программа и методическое пособие «Основы культуры речи» для учащихся 8-9 классов учителя Даулбаевой Г.Т., авторский педагогический проект «Ораторское искусство и риторика» для учащихся 5-6 классов Байбасуновой Г.А.;
*методическое пособие для учителей истории «Использование информационных технологий на уроках истории» Яковенко А.А. Авторлық бағдарлама «Модельдеу әдісі» 5-9 сыныпоқушыларына арналған Нұркеева М.Н. Мұқашева З.Қ 
Жыл сайын мұғалімдер тікілей және сырттай Халықаралық ғылыми практикалық конференцияларға белсенді қатысады.<ref>[http://www.baldauren.org/қаз/ Білім кешені] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20131127053537/http://www.baldauren.org/%D2%9B%D0%B0%D0%B7/ |date=2013-11-27 }}</ref>

==Тәрбие кешені==
Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қаматамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, қосымша білім беру бөлімі және «Жастар» педагогикалық отряды кіреді. 
Әдістемеліктермен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметі – әдістемелік,ақпараттық-сараптамалық,және көпшіліктік- ұйымдастырушылық секторларының жұмыстарын қамтиды*Осы бөлімнің қызметкерлері ауысымдар бағдарламасын және оның өту жоспарының мазмұнын және қойылған мақсаты мен міндеттерінің орындалу барысының терңдетілген педагогикалық сараптамасын жасайды. 
Тәрбие кешенінің негізгі жұмыс міндетерінің бірі - уақытша құрылған балалар бірлестіктері жағдайында – жағымды жағдайлар және психологиялых ахуал, шығармашылық атмосфера туғызу, қоғадық өмір құндылықтары : мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету. Әр жыл сайын ауысым тақырыптары өзгертіліп отырады, бірақ оның мағынасы, негізгі бағыттары біреу: өз тарихын тану, дәстүрін, салтын, тілін, мәдениетін білу және тұлғаның өзіне тән қадыр-қаситтерін қалыптастыру . 
Балдәуренге келетін балалар өздерінің әлеуметік экономикалық, әтникалық жағдайлары жөнінде өтебай географияны алдыңа тартады. Біздің тарихи үйіміз көпұлтты болып құрылған. Онда жүздеген ұлт өкілдері мен халықтары тұрады. Ол өзінің терезесін әтнографиның жұмбақ әлеміне айқара ашып, балаларды бір-бірімен бауырластырып, өздерінің тарихи тамырларын, аңыздары мен ертегілерін, ұлттық салт - дәстүрлерін білуге шақырады . 
*     2004-2005 жылдары Балалардың Өсу Акдемиясы және Балалардың Ұлы Жаңалық тарды Ашу Институты (Детская Академия Роста и Детский Институт Великих Открытий )бағдарламалары тәжірибеден өткізілдіп,жүргізілді. Бағдарлама авторлары орталық мамандары Е.Н Виговская және Д.В Лепешев. 
*      2002 жылдан 2011 жыл аралығында орталық кызметкерлері үлкен ғылыми-әдістемеліктерді жинап, тәжірибеден өткізіп жүйеледі. Басылымдардың жалпы көлемі 850. Балалар демалысын ұйымдастырушы ұстаздар мен олардың басшыларына арналған 29 ақпараттық – әдістемелік жинақ, тәрбие кешенінің қызметкерлері Халықаралық, Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми- практикалық конференция және семинар ларға қатысып, орталықтың жұмыс нәтижелерін көрсетті . 
*     Балдәурен РОСО тәрбиелеу жұмысының жүйесі – бұл тәрбиенің адамгершілік қағидаларына сәйкес педагогикалық мақсаты мен міндеттерін белгілеп, жасөспірімдердің қоғамдық маңызды шығармашылық іс-әрекетерін, балалардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ететін және олардың талаптарына сай ұйымдастырып басқару.
      Тәрбие кешенінің педагогикалық-ұйымдастырушылық жұмыстарының бағыттары келесі қағидаларға негізделген: 
*Жасөспірімдердің қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын педагогикалық бағдарламаларды құру және жүзеге асыру;   
*Педагогикалық жинақталған тәжірибені және өзіндік іс-тәжірибені және озық педагогикалық іс-тәжірибелерді ғылыми әдістемеліктерді жалпылау тарату; 
*Жасөспірімдердің қоғамда заманға сай әлеметтенуіне орталықта әсер ететін жағдайларды жасау; 
*Жасөспірімнің интеллектуалдық, психофизиологиялық, эмоционалдық, адамгершілік әлемін дамытудың ең тиімді инновациялық педагогикалық технолгияларын модельдеу және тәжірибеден өткізу; 
*Педагогикалық істің нәтижесін көтеру мақсатында «Балдәурен» тәрбие жұмысының іс-әректін сараптау әдістерін іздестіру және ізгілендіру; 
*Жасөспірімді кең көлемде табиғи-климаттық жағдайларды және ең тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланып сауықтыру дегеніміз-оның күш-жігерін психологиялық ахуалын адамгершілік қасиеттерін дамыту; 
*Уақытша балалар бірлестіктері жағдайында жұмыс істейтін, педагог кадрларды дайындау және қайта даярлықтан өткізу; 
[[Сурет:Тәрбие.jpg ‎|нобай|Тәрбие кешені]]
Әдістемелік, қарым-қатынастық, ғылымилық, озық іс-тәжірибені меңгеру және өзінің жеке іс –тәжірибесін тарату. 
Оның жан – дүниесі өмірдің қуанышын қалайтындай, 
Өз жүрегіңнің жылуын өзгелерге сыйла. 
Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы ұстаздар болып табылады. Брақ балалар оларды ерте кездердегідей жетекшілер – деп атайды. Вожатый – дегеніміз - ол өзінің соңынан ергендерді қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы. 
Ұйымдастырушы – ұстаз жетекші осы сөздің мәні мен мағынасын түсініп көріңіздеші. Ол жеті әріптен құрылған,ал жеті саны қасиетті сан . Ертеден жеті саны қасиеті және киелі деп саналған: Аптада жеті күн, Кемпірқосақтың түсі жеті түрлі, жеті нота, әлемнің жеті кереметі және т.б. 
Біреулер айтқандай ұйымдастырушы – ұстаз ол мәртебе емес ол жаныңның жақсы күйі, және де онымен келіспеуге болмайды. Түсіндіруге қиын әрине, ертемен 6-дан тұру, кешке түнжарымы ауғанда жату, ал күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындау, өзінің білімі мен біліктілігін қамқорлығындағыларға беру осыншама сарқылмайтын күш - қуатты қайдан алады десеңізші. 
Жыл сайын тәрбиеші жетекшілер (вожатыйлар) тәрбиешілер шеберлік курстарын өтеді. Өздерінің жеке авторлық жобаларын жасайды. Балалардың Өсу Акдемиясы және Балалардың Ұлы Жаңалық тарды Ашу Институты (Детская Академия Роста и Детский Институт Великих Открытий) бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізеді. Бағдарлама авторлары орталық мамандары Е.Н. Виговская және Д.В Лепешев. Бұл жұмыстар балалардың ғана емес, сонымен қатар ұйы мдастырушы ұстаздардыңда шығармашылық белсенділіктерін көтереді. Осы жұмыстардың нәтижесін балалардың үйлеріне қайтардағы сөздерінен байқауға болады. Олар кетерде осы жерге қайта келгілері келетіндіктерін және өз ұйымдастырушы ұстадарын сондай қатты жақсы көріп, ұнатып қалғандықтарын айтып, хат жазып хабарласып тұруларын өтінеді, қайтсе де қайта кездесу мүмкіндіктерін қалайтындықтарын айтып, қимай қоштасып жатады.<ref>[http://www.baldauren.org/қаз/ Тәрбие кешені] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20131127053537/http://www.baldauren.org/%D2%9B%D0%B0%D0%B7/ |date=2013-11-27 }}</ref>
== Дереккөздер ==
<references/>