Revision 2948363 of "Бейбарыс Жамақұлы" on kkwiki{{Mergeto|Сұлтан Бейбарыс}}
[[Сурет:Бейбарыс Жамақұлы.jpg|340px|нобай|оңға|Бейбарыс Жамақұлы]]
( 1223 – 1277ж). '''Бейбарыс Жамақұлы''' – [[түркі]] әулеті [[Бахри]]ден шыққан [[мамлюк]]тердің [[Египет]]ті билеген төртінші [[сұлтан]]ы.
Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды.
Оның шыққан тегі – [[қыпшақ]].
Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – [[Хорезм]], [[Дербент]] қыпшақтарынан десе, екіншілері [[маңғыстау]]лық еді дегенді айтады.
Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының [[Беріш руы]]нан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді.
[[Араб]] елдерінің «[[Мың бір түн]]мен» қатар қоятын халық [[роман]]ы – «Бейбарыста» оның әкесі [[Жамақ]], шешесі [[Әйек]] деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен.
Бейбарыс өмір бойы [[қыпшақ тілі]]нде сөйлеген, алдыңғы [[Азия]]дағы [[араб тілдес халықтар]]мен тілмәш арқылы түсініскен.
Бейбарыс [[Дамаск]]інің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен '''әл-Бундукдари''' деген есімге ие болды.
Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған [[Айюби әулеті]]нің сұлтаны [[Салих Нажумиддин]] оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады.
Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды.
Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді.
Египеттің жаңа сұлтаны [[Муиззәддин Айбек]] Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас сауғалап, [[Сирия]]ға қашып кетеді.
Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады.
Мұнда таққа жаңа отырған [[Мұзаффар Сайфуддин Құтұз]] сұлтан оны әскеріне басшы етіп, Сирия жеріне ішкерлей кірген [[моңғолдар]]ға қарсы күреске аттанады.
[[Айн-Жалут]] түбіндегі шайқаста мамлюк қолы моңғолдардың тас-талқанын шығарады.
Осы соғыста Бейбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі.
Бірақ Құтұз, неге екені белгісіз, басқаларға сый-сияпат жасап, Бейбарысты елеусіз қалдырады. Осыған өкпелеген Бейбарыс өзіне ниеттес адамдармен келісіп, Каирға қайтар жолда Құтұзды өлтіреді.
Жақтастары Бейбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялайды.
Сөйтіп ол әд-Мәлік әз-Заһир Руки-әд-Дүние вә-д-Дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихи деген есіммен Египеттің тағына отырады.
Билік басына келісімен Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына қарсы шабуылға жұмсайды. Негізгі шабуыл 1265 жылы басталып, крест тағушы франктердің қамалдары бірінен кейін бірі алынады.
Бұдан кейін [[Кіші армения патшалығы]]на (1267 ж.) [[Кіші Азия]] [[селжұқтар]]ына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады.
Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді.
[[Каир қаласы]]нда ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады.
Бейбарыс Хулагу әулетіне қарсы күресу мақсатымен Алтын Орда ханы Беркеге елші жібереді. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталады.
Өйткені бұл байланыстың осыншалық ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуының негізінде египет елін билеген Бейбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман тілегі жатқан еді.
Бұл, сайып келгенде, [[Мысыр елі]]н «Қыпшақ Египеті» атандырған мамлюк-қыпшақтардың ортақ мүддесі болатын.
Сондықтан олар Бейбарыстан кейін де, қашан мамлюк қыпшақ әулетінен күш кеткенше «Алтын Орда» атанған қыпшақ елінен, өздерінің ата мекенінен қол үзбеуге ұмтылады.
Қатал тағдыр тағы да олардың жолын кесті. Египетте мамлюк-қыпшақтар билік басынан қуылды, Қыпшақ даласында Алытн Орда ыдырап кетті.
Кезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды.
Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – [[Жайық өзені]]нің атырауында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.
== Дереккөздер ==
<references/>
1. М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б.
2. ↑http://ardaktylar.kz/ {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20140329122517/http://www.ardaktylar.kz/ |date=2014-03-29 }}
[[Санат: Тарих]]All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=2948363.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|