Revision 2956338 of "Жаңа химиялық технология мен материалдар ғылыми-зерттеу институты" on kkwiki

[[Сурет:Halogene Chemistry in the Atmosphere.png|200px|thumb|right]]Жаңа химияляқ технология мен материалдар ғылым-зерттеу инстуты – Қазақстанда жаңа, [[экология]] таза химиялық технологиялар мен материалдарды өңдеудің теория және практикалық негіздерін жасаумен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы. [[1992]] ж. Алматы қаласындағы ҚазҰУ-дың жанынан ашылған. Өнеркәсіптіктәжірибелік базасы «[[Машина құрастыру зауыты]]» акционерлік қоғамында орналасқан. Институт құрылымында ҚазҰУ-дың [[химия]] фаультеті кафедраларының эксперименттік базалары қамтылған. Зерттеулерінің негізгі бағыты – Қазақстанның [[мұнай]]-[[газ]] кен орындарындағы көмірсутекті шикізаттарды өңдеудің жаңа технологияларын жасау және шағын өндірістердің (шағын зауыттар, қондырғылар, т.б.) технология жобаларын дайындау. Иститут [[1999]] жылдан бастап «[[Отандық шикізаттар негізінде технологиялық байланысқан химиялық және мұнай-химиялық өндірістерді дамыту]]» атты кешенді ғылыми-технология бағдарламаның орындаушысы болып табылады. Соңғы жылдары институтта Қазақстан кен орындарындағы мұнайдың ерекшеліктері ескеріле отырып, оларды өңдеуге арналған қондырғылар жасалып, шағын [[зауыт]] құрылды (Алматы қаласындағы алғашқы қондырғы, Ақтау қаласындағы шағын зауыт). Қазақстандағы қоры мол қоңыр көмірден [[сұйық отын]], [[битум]], асфальттік жабын, т.б. алудың технологиялары жасалды. Институт орыс тілінде шығатын «[[Мұнай және газ]]», ағылшын тілінде шығатын «[[Еуразия химия-технологиялық журналы]]» атты ғылыми басылымдардың құрылтайшысы болып табылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

== Дереккөздер==
<references/>

==Сілтемелер==
[http://kaznu.kz/kz/994 Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ҒЗИ ] {{Webarchive|url=https://web.archive.org/web/20110923011151/http://kaznu.kz/kz/994 |date=2011-09-23 }}

[[Санат:Хмиия]]
[[Санат:Ғылым]]