Revision 939296 of "Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі" on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[File:Экономика факультеті.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             = 
| құрылған жылы     = 1949
| деканы            = э.ғ.к., Ермекбаева Баян Жундибаевна
| орналасқан жері   = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты             = www.kaznu.kz
| e-mail            = 
}}
'''Экономика және Бизнес Жоғары мектебі'''  — [[Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті]] факультеті. 1949 жылы негізі қаланды.

== Тарихы ==

  




Экономика және бизнес жоғары мектебі спорт, мәдениет және өнер саласында елеулі табыстарға жетті. Экономика және бизнес факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқара бастаған кезден бастап студенттер, магистранттар және аспиранттармен тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес және студенттер мен жекелеген кафедралардың ұсыныстары бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Жыл сайын факультетте тәрбие жұмысының жоспары жасалып, Тілдер мен тәрбие ісі жөніндегі проректордың бекітуіне ұсынылады. Студенттер, магистранттар және аспиранттармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын атқару факультеттің кафедраларына жүктелген. Тәрбие жұмысы кафедра мүшелері мен академиялық топ кураторларының студенттермен тығыз байланыста болуын міндеттейді. Бұл ретте кафедраның міндеті оқу үдерісінің барысына талдау жасау, студенттер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, шығармашылық белсенділікті арттыруға, салауатты өмір салтының, тіл мен мәдениеттің насихатталуына атсалысып, қолдау көрсету. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес факультет келесі үлгідегі тәрбие жұмыстарын өткізуді қолданады:
 
- студенттердің  басшылықпен, кафедра оқытушыларымен кездесуін ұйымдастыру;


 
- оқу үдерісі мен студенттер үлгерімінің барысына жедел бақылау жүргізіп отыру;
 

- студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, жиналыстар өткізіп, студенттермен жеке әңгіме жүргізу;

 
- студенттер мен магистранттарды университет, факультет көлемінде өткізілетін сауықтыру шараларына тарту;


- студенттердің тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруына қажетті көмек көрсету.

== Кафедралары ==
Факультетте 4 кафедра қызмет істейді.

=== Есеп және аудит кафедрасы ===
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасы 2004 жылдың 27 сәуірінде құрылған. Бұған дейін факультеттің бухгалтерлік есеп мамандары «Маркетинг және жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының, ал 2001 жылдың мамырынан бастап «Қаржы және аудит» кафедрасының құрамында жұмыс істеді.   «Маркетинг және жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нысанбаев Султан Нысанбаевичтің басшылығымен бухгалтерлік есеп және аудит пәндерінен э.ғ.к., доцент Абдыкалыков Тулеген Абдыкалыкович, э.ғ.к., доцент Баймуханова Сария Баймухановна қызмет етті.

=== Экономика кафедрасы  ===
=== Қаржы кафедрасы  ===

«Қаржы және несие» кафедрасы 2001 жылдың сәуірінде «Қаржы және несие» және «Бухгалтерлік есеп және аудит» деген екі мамандық бойынша халықаралық стандарттарға сай жоғары білімді мамандарды даярлау мақсатында құрылған еді. Кафедрасы меңгерушісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаева баян Жүндібайқызы тағайындалды.
Ермекбаева Б. Ж. білімді және жоғары білікті маман әрі ұйымдастырушы ретінде Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ден шақырылды.



=== Менеджмент және маркетинг кафедрасы  ===