Revision 939300 of "Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі" on kkwiki{{Факультет
| атауы = Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
| университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті = [[File:Экономика факультеті.jpg|100px]]
| халықаралық атауы =
| ұраны =
| құрылған жылы = 1949
| деканы = э.ғ.к., Ермекбаева Баян Жундибаевна
| орналасқан жері = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты = www.kaznu.kz
| e-mail =
}}
'''Экономика және Бизнес Жоғары мектебі''' — [[Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті]] факультеті. 1949 жылы негізі қаланды.
== Тарихы ==
Экономика және бизнес жоғары мектебі спорт, мәдениет және өнер саласында елеулі табыстарға жетті. Экономика және бизнес факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқара бастаған кезден бастап студенттер, магистранттар және аспиранттармен тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес және студенттер мен жекелеген кафедралардың ұсыныстары бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Жыл сайын факультетте тәрбие жұмысының жоспары жасалып, Тілдер мен тәрбие ісі жөніндегі проректордың бекітуіне ұсынылады. Студенттер, магистранттар және аспиранттармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын атқару факультеттің кафедраларына жүктелген. Тәрбие жұмысы кафедра мүшелері мен академиялық топ кураторларының студенттермен тығыз байланыста болуын міндеттейді. Бұл ретте кафедраның міндеті оқу үдерісінің барысына талдау жасау, студенттер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, шығармашылық белсенділікті арттыруға, салауатты өмір салтының, тіл мен мәдениеттің насихатталуына атсалысып, қолдау көрсету. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес факультет келесі үлгідегі тәрбие жұмыстарын өткізуді қолданады:
- студенттердің басшылықпен, кафедра оқытушыларымен кездесуін ұйымдастыру;
- оқу үдерісі мен студенттер үлгерімінің барысына жедел бақылау жүргізіп отыру;
- студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, жиналыстар өткізіп, студенттермен жеке әңгіме жүргізу;
- студенттер мен магистранттарды университет, факультет көлемінде өткізілетін сауықтыру шараларына тарту;
- студенттердің тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруына қажетті көмек көрсету.
== Кафедралары ==
Факультетте 4 кафедра қызмет істейді.
=== Есеп және аудит кафедрасы ===
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасы 2004 жылдың 27 сәуірінде құрылған. Бұған дейін факультеттің бухгалтерлік есеп мамандары «Маркетинг және жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының, ал 2001 жылдың мамырынан бастап «Қаржы және аудит» кафедрасының құрамында жұмыс істеді. «Маркетинг және жалпы экономикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нысанбаев Султан Нысанбаевичтің басшылығымен бухгалтерлік есеп және аудит пәндерінен э.ғ.к., доцент Абдыкалыков Тулеген Абдыкалыкович, э.ғ.к., доцент Баймуханова Сария Баймухановна қызмет етті.
=== Экономика кафедрасы ===
=== Қаржы кафедрасы ===
«Қаржы және несие» кафедрасы 2001 жылдың сәуірінде «Қаржы және несие» және «Бухгалтерлік есеп және аудит» деген екі мамандық бойынша халықаралық стандарттарға сай жоғары білімді мамандарды даярлау мақсатында құрылған еді. Кафедрасы меңгерушісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаева баян Жүндібайқызы тағайындалды.
Ермекбаева Б. Ж. білімді және жоғары білікті маман әрі ұйымдастырушы ретінде Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ден шақырылды.
'''Ғылыми бағыттары'''
Кафедра маман даярлауда екі бағытта жұмыс жасады:
1. «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Қаржы менеджменті» мамандықтарына даярлау жүзеге асады және банктерге, сақтандыру компаниялары мен инвестициялық қорларға жоғары білікті мамандар даярланады. Қаржы министрлігіне, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Салық комитетіне, Кедендік комитетке, Қаржылық бақылау комитетіне мемлекеттік қызметкерлерді және түрлі иелік етуші субъектілердің қаржылық қызметіне мамандарды даярлау жүзеге асады.
2.«Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша иелік етуші субъектілердің түрлі қалыптары бойынша экономист-бухгалтерлерді дайындайды.
Кафедра мынадай бағыттарда мамандар даярлайды: 050509-Қаржы (бакалавриат), 6М050900-Қаржы (магистратура), МВА «Қаржыны басқару».
«Қаржы» кафедрасы банк, салық жүйелерінде, сақтандыру компанияларында және түрлі иелік етуші субъектілерде жұмыс жасайтын жоғары білікті мамандарды даярлайтын бітіртуші кафедра болып табылады.
Осылайша кафедра жыл сайын жас мамандарды (магистранттарды) дайындау арқылы кафедра мен өз елі үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға өз үлесін қосып келеді. Алғашқы түлектер банктерде, фирмалар мен компанияларда жұмыс істейді, жоғары оқу орындарында сабақ береді.
'''Ғылыми жобалар мен зерттеулер'''
«Қаржы» кафедрасы факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға үлкен үлес қосты. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жыл сайын халықаралық, республикалық, аймақтық және ғылыми-зерттеушілік конференцияларда талқыланып, түрлі басылымдар арқылы жарық көріп отырады.
«Қаржы» кафедрасы ҚР БҒМ ұйымдастырған 2007-2009жж. «Экономиканың нақты секторын қамтамасыз ететін фактор ретіндегі бәсекеге қабілеттілік аясында жаһандану жағдайындағы ҚР ұлттық экономикасының тұрақты дамуы» конкурсына қатысып, тендер ұтып алды. Бұл жобаның ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор Қазбеков Б. К. болып табылады. «Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономиканың тұрақты дамуы» ғылыми жобасының бірнеше түйткілдері зерттелген. Зерттеудің негізгі нәтижелері: қаржылық, несие-экономикалық категориялардың жетілдірілуі, салық жүйесін дамыту, ҚР несиелік жүйесінің жағдайы және оның алдағы уақыттағы дамуы, бюджеттік және бюджеттік емес қарым-қатынастарды жетілдіру, ҚР тұрақты экономикасын дамытудағы қаржы нарығының рөлін арттыру және т.б. Жаһандану және бәсекеге қабілеттілік жағдайында салық тетігін күшейтудің маңызы зор. Ғылыми жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 7,5 млн. Теңгені құрайды.
'''Ғылыми лабораториялар мен орталықтар'''
Кафедрада аға оқытушылар Купешова Б.К. және Бекмурзаева Ж.А. басшылығымен студенттерге арналған "Қаржыгер" ғылым үйірмесі жұмыс істейді, онда әр түрлі ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек столдар және пікірталастарға қатысып көзге түскен, сондай-ақ үлгерімі жақсы және дарынды студенттер қатыса алады.
«Қаржыгер» үйірмесінің мақсаты, міндеттері, жұмыс мазмұны:
- Зерттелетін аймақтың ғылыми мәселесі бойынша өзіндік жұмыстың негізін үйрету.
- Әртүрлі экономикалық құбылыстарды сараптау және материалды таңдау негізінде ақпараттық технологияларды қолдана білу. Әдебиеттермен жұмыс істей білу, теориялық білім деңгейін жоғарылату мүмкіндігін беру.
- Өзіндік ғылыми-шығармашылық шешім қабылдауды және тану белсенділігін қалыптастыру.
- Зерттелетін тақырып бағытында студенттік басылымдар. баяндамалар, мақалалар дайындау.
- Ғылыми студенттік конференциялардың өткізілуіне қатысу.
=== Менеджмент және маркетинг кафедрасы ===All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=939300.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|