Revision 939863 of "Механика-математика факультеті" on kkwiki{{Факультет
| атауы = механика-математика факультеті
| университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті = [[Сурет:Mehmat.jpg|100px]]
| халықаралық атауы =
| ұраны = Математика - ғылымдар патшасы
| құрылған жылы = 1934
| деканы = техника ғылымдарының докторы, доцент Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы
| орналасқан жері = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты = www.kaznu.kz
| e-mail =
}}
== Факультет тарихы ==
1934 жылдары Қазақстан аумағында ҚазҰУ-дың физика-математика факультеті ұлттық білім беру және ғылыми орталықтарының бірі болды. Факультетіміз барлық сынақтардан өтіп жатыр және ең үздік ғылыми зерттеу орталығы болып қала береді. Сонымен қатар мемелекетіміздегі метематика, механика, информатика мамандықтарынан кадрлар дайындау жолында ең алда.
Соңғы жылдары факультетте білім алатын студенттер саны арта түсуде. Сондай-ақ ғылыми зерттеу бағдарламаларының саны көбейіп, арнайы мамандар дайындау жолында көптеген жаңа курстар ашылып, факультетіміздің материалдық базасы үлкеюде. Студенттеріміз сапалы білім алып және математика, механика, информатика пәндерінің жаңа бағыттарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
== Басшылық ==
'''Механика-математика факультетінің деканы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы''' – техника ғылымдарының докторы, доцент, 1981 жылы туылған, қазақ, 2002 жылы «қолданбалы математика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетін үздік бітірді және сол жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика және математика факультетінің магистратурасына түсті. 2004 жылы магистратураны үздік бітіргеннен кейін қараша айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетіне аспирантураға түсті. 2006 жылы аспирантураны бітірді және өзінің ғылыми жұмыстарының нәтижелері бойынша ғылым мен техниканың дамуына үлкен ықпал еткен ғалымдар және мамандарға (немесе талантты жас ғалымдарға) арналған мемлекеттік ғылыми степендияның лауреаты болды. 2007 жылы «Мұнай ығысуына және қабаттардың электромагниттік зерттеуіне температуралық эффектерінің әсері» тақырыбында кандидаттық диссертацияны, 2010 жылы 05.13.18 – математикалық пішіндеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені мамандығы бойынша докторлық диссертацияны «Кеуек ортадағы жылу және массаалмасу үрдістерін компьютерлік моделдеу» тақырыбында қорғады.
2004 жылдан 2009 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің компьютерлік және есептеу технологиясы кафедрасында ассистент, оқытушы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетінде деканның оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2009 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың наурыз айы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика және математика факультеті информатика кафедрасының кафедра меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ахмед-Заки Д.Ж. кафедрада жұмыс істеу кезінде өзін білікті маман және педагог екенін көрсетті.
2002 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің математика және механика ҒЗИ ЕМК-да ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. ТЕМПУС бағдарламасында, халықаралық байланыстарда, ҚР БҒМ-нің іргелі және қолданбалы бағдарламаларында жауапты орындаушы, сонымен қатар, «Эмбамұнайгаз» өндірістік филиалмен, «ҚазМұнайгаз» АҚ-мен шаруашылықты келісім жұмыстарын жүргізді.
Ахмед-Заки Д.Ж. – алыс шетелдiң және Қазақстан Республикасының бастаушы журналдарында жарияланған 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Ғылыми зерттеулері бағдарламалар верификациясымен және кеуекті ортадағы сығылмайтын сұйықтықтарды жылулық фильтрлеудiң теорияларымен байланысты. Республикалық және халықаралық конференциялар мен семинарларда баяндама жасады.
== Оқу-әдістемелік жұмыс ==
Оқу-әдістемелік жұмыстың ең маңызды аспектісі факультет оқытушылары, кафедра жұмыстарын әдістемелік тәжірибесін жалпылау және бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үдерісін басқару және ұйымдастыру :
-оқу жоспарлары және бағдарламаларын құру;
-жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізу;
-оқытудың дистанциялық және инновациялық жүйесін дамыту;
-профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін жоғарылату жүйесін арттыру және нарықтық қоғамға болашақ мамандарды даярлау.
Оқу-әдістемелік жұмыстың құрамдас бөлігінің бірі университеттегі ғылыми-әдістемелік конференцияларды ұйымдастыру және өткізу. Конференция барысында оқытушылар өзара тәжірибелерімен, сабақ жүргізудің жаңа формаларымен, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа технологиялары және аспектілерімен пікір алмасады. Іргелі және арнайы курстарды оқыту барысында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады.
Қазіргі кезде студенттерді дайындау үшін әлемдік стандарттарға сәйкестендірілген эксперименталдық оқу бағдарламалары құрылып, келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылуда: 5B060100-математика, 5B060200-информатика, 5B060300-механика, 5B070300-ақпараттық жүйелер, 5B070500-математикалық және компьютерлік пішіндеу және 5B074600-ғарыштық техника және технологиялар, 050704 - есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Факультет жанындағы магистратура 6M0601-математика, 6M0602-информатика, 6M0603-механика, 6M0703-ақпараттық жүйелер, 6M0705-математикалық және компьютерлік пішіндеу атты бес мамандық бойынша мамандарды дайындап келеді.
Осы уақытқа дейін факультет жанындағы Ph.D докторантура “қолданбалы математика”, “информатика”, “газдар мен сұйықтар механикасы” мамандықтары бойынша жасалған эксперименталдық бағдарлама арқылы жүзеге асырылып келген. Ал, 2010-шы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап келесі бес мамандықтар бойынша лицензиялар алынды. Олар - “6D060100-Математика”, “6D060200-Информатика”, “6D060300-Механика”, “6D070300-Ақпараттық жүйелер”, “6D070500-Математикалық және компьютерлік пішіндеу”.
Факультеттің күшімен қамтамасыздандырылатын барлық міндетті негізгі және кәсіби пәндер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қабылданған ережелерге сәйкес оқу-әдістемелік құжаттармен толық қамтамасыз етілген. Факультетке тиесілі барлық пәндер бойынша силлабустар (жұмыстық бағдарламалары) ҚР БҒМ бекіткен типтік оқу бағдарламалары негізінде жасалып, ҚазҰУ-да белгіленген талаптарға сәйкес бекітілді. Барлық пәндер бойынша аралық, межелік және қорытындылық бақылауларға арналған тест сұрақтары жаңартылды немесе жаңадан жасалынды. Мемлекеттік аралық бақылауларға және қалдық білімді тексеруге арналған тестік тапсырмалар базалары жаңартылып, толықтырылды. Дайындалған тесттер университеттің мониторинг және тест бөліміне тапсырылды. Кафедралардың мамандандырулары бойынша оқытылатын пәндердің тізіміне өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа силлабустары, жұмыстық бағдарламалары т.с.с. түгел қайта жасалынды. Жаңа арнайы курстарды анықтау барысында олардың құрамына қазіргі заман ағымына сай пәндер енгізілді. Факультет мұғалімдері студенттер мен магистрлерді қажетті оқу-әдістемелік материалдардың қағаз жүзіндегі және электрондық нұсқаларымен алдын-ала қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырған.
Факультет оқытушыларының жүргізетін ғылыми-тәжірибелік зерттеулер арнайы курстардың арқауы және негізі болып табылады, барлық кафедралардың арнаулы курстары ғылыми-зерттеу тақырыптарымен тығыз байланысты. Қазақстанға белгілі ғалымдар арнайы курстар бойынша дәрістер оқиды: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясынын академиктері, профессорлар Б.Т.Жұмағұлов, Қ.Ә.Қасымов, Н.Қ.Білиев, Ш.Ә. Ершін; ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, физика-математика ғылымдарының докторы Н.Т.Данаев; физика-математика және техника ғылымдарының докторлары, профессорлар У.С. Әбдібеков, А.Қалтаев, С.А.Бадаев, У.Ә. Төкеев, С.Е.Темірболат, Ж.М.Мырзалиев, С.Ә. Айсағалиев, Ш.С.Сахаев, Ғ.Б.Шеріязданов, М.Қ.Орынханов, Ә.Ы.Ысқақбаев, С.Я.Серовайский, М.Н.Қалимолдаев, В.С.Неронов, Ю.Нужнов, М.Менглибаев педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар К.Қабдықайырұлы, Ж.С.Сүлейменов және т.б. (барлығы 42 адам).
Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «спектралдық әдістер», «мұнайды құбыр арқылы жіберудегі ақпараттық жүйелер», «физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік пішіндеу» (профессор Б.Т. Жұмағұлов), «химика-технологиялық физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік пішіндеу», «математикалық пішіндеудің жаңа әдістері» (профессор У.С. Әбдібеков) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Есептеу математикасы кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Прямые методы решения разностных уравнений»(профессор Н.Т.Данаев), «Применение методов Монте-Карло в финансовой математике»(профессор Қ.Қ.Шакенов) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Механика кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Modeling hydrodynamics problems with the physical and chemical transformations», «Моделирование течений реагирующих смесей» (профессор Қалтаев А.Ж.) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Геометрия, алгебра және математикалық логика кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Вычислимость в иерархиях», «Теория нумераций» , «Теория Галуа» (профессор Бадаев С.А.) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Ақпараттық жүйелер кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Project Management software Systems» (профессор У.Ә. Төкеев) пәні арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Математикалық талдау кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Избранные главы теории функций», «Геометрические методы математической физики» (профессор Б.Е. Қанғужин) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Басқару теориясы кафедрасында ҒЗЖ нәтижелері «Тиімді басқару теориясы», «Реттелінетін жүйелер теориясы», «Фазалық жүйелер теориясы» (профессор С.Ә. Айсағалиев) пәндері арқылы оқу үдерісіне енгізілген.
Факультеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары студенттер мен магистранттардың курстық және бітіру жұмыстарының тақырыптарының көзі болып табылады. Сәйкесінше, осы ғылыми зерттеу жұмысы студенттердің курстық, одан әрі дипломдық жұмыстарының арқауы бола алады.
Механика-математика факультеті Републикалық 020-111 бағдарламасы «жоғарғы кәсіби және ЖОО кейінгі мамандарды дайындау үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына шет ел мамандарын (оқытушыларын, профессорларын) тарту» келісімімен және PhD докторантурада бойынша атқарылатын жұмыстар бойынша Ұлыбритания(University of Manchester, University of Newcastle upon Tyne, University of Leeds), Италия(Сиена университеті, University of Rome "La Sapienza",), Франция(Institut National Polytechnique de Lorraine – INPL, Лион-1 университеті), Ресей(Институт вычислительных технологий СО РАН, Институт вычислительной математики и математической геофизики СО РАН, Новосибирский государственный университет, Башкирский госуниверситет) Германия(Universitate Heidelberg, Institute of Aerodynamics RWTH Aachen, University of Karlsruhe, Institut of Applied Analysis TU Bergakademie Freiberg), Польша(С.Сташица атындағы Тау-металлургиялық академиясы, AGH University of Science and Technology), Жапония(Токио университеті, Нагоя Университеті, Aoyama Gaukuin Univercity), АҚШ(University of Pittsburgh, Louisiana State University, University of Illinois at Chicago, University of Virginia, University of North Dame, University of Delaware), Үндістан(National Institute of Technology Calicut), Қытай(Beijing University), Оңтүстік Корея(Сеул қаласы Information and Communications University), Голландия(Delft University of Technology), Түркия(Косаели Институты), Испания(Centre de Recerca Matematica) мемлекеттерінің ғалымдарымен тығыз қарым-қатынаста.
== Ғылыми-зерттеу қызметі ==
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми зерттеу институты әл Фрарби атындағы ҚазМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен 1994 жылғы 13 қазандағы №167 бұйрықпен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық «әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Математика және механика ғылыми зерттеу институты» еншілес мемлекеттік мекемесіне айналды.
Факультеттегі ізденістерді ұйымдастыру жұмыстарының негізгі қағидасы болып әлемдік ғылыми қоғамды қызықтыратын зерттеулер табылады. Механика-математика факультетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының өзіне тән ерекшілігі әрі артықшылық бағыты «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты» (ММ ҒЗИ) еншілес мемлекеттік кәсіпорны шеңберінде құрылады. ММ ҒЗИ факультеттегі 10 кафедраның интеллект күштері мен ғылыми-өндірістік базасын біріктіреді, одан басқа оның 7 зертханасы бар. Институтта негізінен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PhD докторлар, PhD докторанттар, магистранттар және студенттер жұмыс істейді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары іргелі және қолданбалы зерттеулердің бағдарламалары және келісім шарттар бойынша жүргізіледі.
Профессор Данаев Н.Т. – ММҒЗИ директоры, факультеттегі және институттағы ғылыми жұмыстарды ұйымдастырады және қадағалайды, программа бойынша ғылыми жетекші: «Изучить проблемы вычислительной математики и математического моделирования физических процессов», «Актуальные проблемы физики, математики, механики и информатики», іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша, ТЕМПУС (2010-2012ж.ж.) жобасына Қазақстан атынан координатор болып табылады. Ғылыми жұмыстарда ақпараттық білім жүйесін жасауда ММ ҒЗИ басшылық етеді. Үш бюджеттiк программалардың шеңберiнде жасалған өнiм: ҚР БҒМ тапсырысы бойынша 600 «Ақпараттық білім жүйесін жасау», 022 «Информатизация білім жүйесі» Халықаралық және Республикалық көрмелерге бірнеше рет қатысып, жоғары баға алды.
Механика кафедрасының бір топ ғалымдары сұйықтар мен газдар механикасы және механизмдер мен машина теориялары салалары бойынша халықаралық және республикалық жоба бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын белсене: академик Ершин Ш.А., проф. Қалтаев А.Ж., проф. Ысқақбаев А.Ы., доц. Қыдырбекұлы А.Б.
Профессор Ершин Ш.А. іргелі зерттеулер бағдарламасы тақырыбы бойынша ғылыми жетекші болып табылады, ветроэнер құрылымын құру жұмысын жоғарғы техника-экономикалық сапамен басқарады.
Профессор Калтаев А.Ж. іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша ҒЗЖ (2009-2011 г.г.) жобасының жетекшісі, 2007-2009 жылдарда білім саласында Халықаралық бірлестік жобасымен доктор Драммондоммен (ғылыми орталық Лэнгли НАСА АҚШ), проф. К. Хайяшимен (Айома университеті, Жапония), проф. Т. Фудживарамен (Fujiwara Toshi) (ATES Corporation) (Япония) бірге бірлесіп, ғылыми жұмыстар жүргізді, Жылуфизикасының экстремальды күй институтымен(ЖЭКИ) Ресей ғылым академиясының жоғарғы біріккен температура институтымен (РҒА ЖТИ) бірлесіп жұмыс атқаруда.
Дифференциалдық теңдеулер кафедрасының профессорлары Қасымов К.А., Орынбасаров М.О., Сахаев Ш.С., Темирболат С.Е. іргелі зерттеулер бойынша 3 жобаның жетекшілері. Проф. Қасымов К.А. сингулярлы ауытқыған интегралды дифференциалдық теңдеулерді зерттеу ғылыми жұмысы бойынша басқарады.
Профессор Айсагалиев С.А. – іргелі және қолданбалы бағдарлама аумағында 2 жобаның жетекшісі, тиімділеу әдісі және басқару теориясы бойынша кафедраның ғылыми жұмысын атқарады.
Профессор Бадаев С.А. іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша 3 жобаның жетекшісі. 05.03.2010 ж. PhD-докторант Т.И. Бакибаев Германияда, Гейдельберг Университетінде докторлық диссертациясын қорғады, (бірлескен жетекші – проф. K. Ambos-Spies (University of Heidelberg, Germany) жетекшісі Бадаев С.А..
Профессор Абдибеков У.С. – іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша 4 жобаның жетекшісі және 2 шаруашылық келісім шартпен, математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының ғылыми жұмыстарын басқарады.
Факультетте 15 ғылыми семинарлар жұмыс жасайды, олардың ішінде: республикалық «Вычислительные и информационные технологии» семинары (жетекшісі– ХИА академигі Н.Т. Данаев), 7 қалалық (жетекшілері ҚР ҰҒА академигі, проф. Қ.А. Қасымов, проф. С.Ә. Айсағалиев, проф. С.А. Бадаев; ҚР ҰҒА академигі, проф. Н.Қ. Білиев; ҚР ҰҒА академигі, проф. Ш.Ә.Ершін; проф. Дженалиев М.Т.; проф. Кангужин Б.И.), екі кафедрааралық, 5 кафедралық семинарлар бар.
Институт ғалымдары АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франции, Жапон, Қытай және басқа шет елдік серіктестермен бірлесіп МНТЦ, ИНТАС, ТАСИС, Евро Одақ, ЮНЕСКО т.б. қаржыландыратын халықаралық қомақты проектілерін іске асырып жүр.
Профессорлар У.А. Жолдасбеков, Г.У.Уалиев, А.А.Ермолов 1982 жылы Қазақ ССР-нің ғылым және білім саласында Мемлекеттік сыйлығының, профессорлар Б.Т.Жұмағұлов, Ш.С.Смағұлов, Н.Т. Данаев. 1994 жылы Қазақстан Республикасының техника, ғылым және білім саласында Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
2004 жылы профессорлар Ш.А. Ершин және У.А. Жапбасбаев, 2005 жылы профессор С.А.Айсагалиев Қ.И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаты атағын алды.
2010 жылы профессор Данаев Н.Т. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер атағын алды.
Профессорлар Ш.А. Ершин, У.А. Жапбасбаев, А.Қалтаев, С. Бадаев, У.Абдибеков, доц. Д.К.Ким, PhD- докторанттар М.Тунгатарова, Ж.Уалиев, Б.Бекбауов МНТЦ-нің, INTAS-тың, DAAD-тың, ЮНЕСКО-ның гранттарының иегерлері. Жас мұғалымдар Таласбаева Ж.Т., Тунгатарова М., Оршубеков Н.А. Қазақстан республикасы Тұңғыш президентінің қорының сыйлығының лауреаттары.
Жыл сайын факультет және ММ ҒЗИ бірлесіп келесі шараларды өткізуде:
-Студенттер арасында программалау бойынша ACM International Collegiate Programming Contest (ICPC) әлем Чемпионатының -Қазақстандық студенттік командалар арасындағы ширек финалы;
-ҚазҰУ-ің механика-математика факультеті мен "Дарын" Республикалық ғылыми- практикалық орталығы бірлесе өткізетін -XXI Азия-Тынық мұхит (АТММО) және IX «Жібек Жолы» (ЖЖМО) математикалық олимпиадалары;
-ЖОО студенттердің ҒЗЖ бойынша Республикалық сайыс;
-Республикалық олимпиада INFORM;
-«Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конгрессі;
-Республикалық студенттік пәндік олимпиада (мамандықтар: математика, механика, математикалық және компьютерлік пішіндеу, информатика) ;
-Мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы MechMathOpen программалаудан ашық олимпиада.
Факультетте студенттердің ғылыми-зерттеулік жұмысына көп көңіл бөлінеді. Студенттердің ғылыми-зерттеулік жұмысы механико-математика факультетінің СҒЗЖ бойынша Кеңесінің ұйымдастырылуымен жоспар бойынша жүргізіледі. Факультеттің барлық кафедраларының өкілдері – студенттер мен магистранттары кіретін Ғылыми студенттік ұйым жұмысын ойдағыдай атқаруда.
== Халықаралық қызметі ==
Факультет шет елдердің (Ресей, Белоруссия, АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Испания, Франция, Италия, Польша, Түркия, Мысыр, т.с.с.) келесі жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыс орнатқан: University of Manchester, University of Newcastle upon Tyne, University of Leeds, Сиена университеті, University of Rome "La Sapienza", Institut National Polytechnique de Lorraine – INPL, Лион-1 университеті, РҒА СБ Есептеу технологиялар институты, РҒА СБ Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты, Новосибирск мемлекеттік университеті, Башқұрт мемлекеттік университет, Universitate Heidelberg, Institute of Aerodynamics RWTH Aachen, University of Karlsruhe, Institut of Applied Analysis TU Bergakademie Freiberg, С.Сташица атындағы Тау-металлургиялық академиясы, AGH University of Science and Technology, Токио университеті, Нагоя Университеті, Aoyama Gaukuin Univercity, University of Pittsburgh, Louisiana State University, University of Illinois at Chicago, University of Virginia, University of North Dame, University of Delaware, National Institute of Technology Calicut, Beijing University, Information and Communications University, Delft University of Technology, Косаели Институты, Centre de Recerca Matematica.All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=939863.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|