Revision 940519 of "Шығыстану факультеті" on kkwiki{{Факультет
| атауы = Шығыстану факультеті
| университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті = [[Сурет:Vostfak.gif|100px]]
| халықаралық атауы =
| ұраны =
| құрылған жылы = 1989
| деканы = филология ғылымдарының докторы, доцент Жұбатова Баян Нурсултанқызы
| орналасқан жері = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты = www.kaznu.kz
| e-mail =
}}
== Тарихы ==
[[File:Востфааак.jpg|thumb|right|300px|Шығыстану факультетінің ұстаздары]]
Егемен Қазақстан - бүгінде өзінің шынайы тарихын қалпына келтіріп, аймақтық көсбасшы ретінде әлемнің басқа елдерімен белсенді түрде қарым-қатынасын орнатып отырған Орталық Азиядағы ірі мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанның басқа Шығыс елдерімен қарым-қатынасын, олардың тарихы мен экономикасын және мәдениетін, сонымен қатар қазақтардың өз тарихын да зерттеу үшін, шығыстанушы мамандарға деген қажеттілік бұрыннан да өте жоғары болып отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың республикалық ірі орталыққа айналды. Шығыс тілдерін үйрену (соның ішінде араб тілі) университет қабырғасында ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. 1989 жылы Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы мен араб тілі кафедрасының негізінде ашылған шығыстану факультеті шығыс елдерінің тілі мен тарихын оқытудың 40 жылдан астам қалыптасқан дәстүріне сүйенеді.
Қазақстандық шығыстануды ғылымның әрі көне, әрі жас саласы деуге болады. Себебі ежелгі Қазақстан жерінде ықылым замандарда әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари сияқты Шығыстың ұлы ойшылдары өмір сүріп, өз туындыларын жазған. Кейін бұл дәстүрлерді Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде жалғастырды.
== Басшылық ==
Факультет деканы Жұбатова Баян Нурсултанқызы 1961 жылы 28 қыркүйек күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 1980-1985 жылдары филология факультетінің араб бөлімінде оқып, 1985 жылы аяқтаған. Университетті аяқтаған соң, Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген. 1989 жылдын бастап әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-те жұмыс істей бастайды. [[File:Шыгыстанудекан.jpg|thumb|left|250px|факультет деканы Жұбатова Баян Нурсултанқызы]]
Қызметінің негізгі бағыттары: лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша жоғарғы білікті маман, оқу үрдісінде кең қолданылатын шамамен 30-ға жуық оқу-әдістемелік кешенннің, оқулықтар мен оқу құралдарының құрастырушысы. Көптеген халықаралық және республикалық конференцияларға баяндамалар дайындап, әрдайым бітіру жұмыстарына, магистрлік, докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді. Бірнеше мемлекеттік білім беру стандартын жасауға атсалысты, атап айтқанда «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтарының білім беру стандарттарының авторларының бірі. Ғылыми кеңес беруші және оппонент ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білім Институты мен университетте кандидаттық және докторлық диссертацияларды талқылауға, экспертиза және қорғауға қатысады. Еліміздегі баспадан шығатын монографияларға, оқулықтар мен оқу әдістемелеріне сын пікір береді, "Шығыстану" мамандығы бойынша Республикалық оқу әдістемелік кеңесті басқарады.
2001 жылы «Қазақ қиссадастандарындағы араб, парсы сөздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, ал 2010 жылы «Қазақ тіліндегі араб, парсылық фразеологизмдер» атты тақырыптағы докторлық диссертациясын қорғаған.
Мемлекттік бағдарлама «Мәдени мұра» аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білім Институтындағы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (15 томдық) атты жобаға қатысып, «Түрік әлемі және Шығыс: тілдік-мәдени байланыстар (диахрониялық аспект)» атты ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады.
== Халықаралық қызмет ==
Шығыстану факультеті Шығыс елдерінің ірі университеттерімен, ғылыми және оқу орталықтарымен, Қазақстандағы Шығыс елдерінің халықаралық қорларымен және дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз қарым- қатынас орнатқан.Бүгінігі күнге дейін Шығыс елдерінің жетекші 15 университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде студенттер мен оқытушылардың шетелдік стажировкалары жүзеге асырылады:
-Араб елдері: Сауд «Arabic for All» ұйымының халықаралық семинары, әл-Бабтин халықаралық қоры; «Әл-Вакф әл-Ислами» қайырымдылық қоры (Сауд Аравия корольдігі).
-Үндістан: ISSR ( мәдени байланыстар бойынша үнді кеңесі) бағдарламасы, ITEC (халықаралық техника-экономикалық ынтымақтастық) бағдарламасы;
-Қытай ШЫҰ/ ШОС (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) бағдарламасы;
-Корея: POSKO TJ Park Foundation халықаралық ұымы; Korea Foundation қоры; Кореяның KOIC; халықаралық -ынтымақстастық агенттігі.
-Түркия: TIKA.түркі халықтарының ынтымақтастығы мен даму агенттігі.
[[File:Нерууууу.jpg|thumb|left|222px|Дж.Неру атындағы университет, хинди тілінің Орталық институты (Дели, Үндістан)]]
[[File:Енсэ университеті.jpg|thumb|left|250px|Енсэ университеті (Оңтүстік Корея)]]
[[File:Сонгюнгван университеті.jpg|thumb|240px|left|Сонгюнгван университеті (Оңтүстік Корея)]]
[[File:Пусан университеті.jpg|thumb|right|250px|Пусан университеті (Оңтүстік Корея)]]
[[File:Сеул университеті.jpg|thumb|left|250px|Сеул университеті]]
[[File:Аль-Азхар, Каир, аин-Шамс, аль-Миния.jpg|thumb|right|240px|аль-Азхар, Каир, аин-Шамс, аль-Миния (Египет)]]
[[File:Стамбул және Анкара университеттері.jpg|thumb|right|250px|Стамбул және Анкара университеттері]]
[[File:Пекин университеті.jpg|thumb|left|250px|Пекин университеті]]
Факультетте елшілік өкілдерімен, шетелдік ұйымдармен және Шығыс елдерінен келген әр түрлі делегациялармен жиі кездесу өтіп тұрады. Факультет Шығыс елдерінің елшіліктері мен мәдени орталықтары ұйымдастырған әр түрлі мәдени шараларға белсенді түрде қатысып тұрады.
'''Студенттер мен оқытушылар Шетелдік Шығыстың мынадай белді университетттерінде стажировка өтеді:'''
1. Жапония: Цукуба университеті, Сайтама университеті, Итикава қаласындағы шет тілдері институты, Мирзухо университеті, Асахи университеті, Жапон тілін оқытудың халықаралық орталығы (Кансай қ.), Хиросима университеті, Жапон тілін оқытудың халықаралық орталығы (Урава қ.), Киото университеті.
2. Араб елдері: «Нил» араб тілі орталығы (Каир қ.), Каир университеті, Кувейт университеті
3. Қытай: Шанхай финанс-экономикалық университеті, Синьцзян университеті, Орталық экономика және бизнес университеті (Пекин), Қытай мұнай және газ университеті, Пекин технологиялық университеті, Ланьчжоу университеті, Пекин тіл және мәдениет университеті, Пекин шет тілдері университеті , Тяньцзин университеті, Циньхуан университеті, Нанкин университеті, Сычуан университеті.
4. Индия: Хинди тілі орталық институты (Дели)
5. Иран: Тегеран университеті
6. Корея Республикасы: Пайчай университеті, Корей тіл институты (Сеул), Хангук университеті, Ихва университеті, Каннам университеті, Пусан университеті
7. Түркия: Анкара университеті
'''Шығыстану факультетінде сабақ беретін шетелдік мамандар:'''
-Suzuki Eri – Japan Foundation, Токио, Жапония
-Hussein Navin - Университет Ардавиль, Иран
-Abdelaziz El-Huli –al-Azhar университет, Каир, Египет
-Chan Beng Sun –Ханъянг университеті, Сеул, Корея Республикасы
-Meyng Sun Ok - Ханъянг университеті, Сеул, Корея РеспубликасыAll content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=940519.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|