Revision 940647 of "Шығыстану факультеті" on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Шығыстану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = 
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1989
| деканы            = филология ғылымдарының докторы, доцент Жұбатова Баян Нурсултанқызы 
| орналасқан жері   = ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71
| сайты             = www.kaznu.kz
| e-mail            = 
}}

== Тарихы ==
[[File:Востфааак.jpg|thumb|right|300px|Шығыстану факультетінің ұстаздары]]
Егемен Қазақстан - бүгінде өзінің шынайы тарихын қалпына  келтіріп, аймақтық көсбасшы ретінде әлемнің басқа елдерімен белсенді түрде қарым-қатынасын орнатып отырған Орталық Азиядағы ірі мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанның басқа Шығыс елдерімен қарым-қатынасын, олардың  тарихы мен экономикасын және мәдениетін, сонымен қатар қазақтардың өз тарихын да зерттеу үшін,    шығыстанушы мамандарға деген қажеттілік бұрыннан да өте жоғары болып отыр. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың республикалық ірі орталыққа айналды. Шығыс тілдерін үйрену (соның ішінде араб тілі) университет қабырғасында ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. 1989 жылы  Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы мен араб тілі кафедрасының негізінде ашылған шығыстану факультеті   шығыс елдерінің тілі мен тарихын оқытудың 40 жылдан астам қалыптасқан дәстүріне сүйенеді.

Қазақстандық шығыстануды ғылымның әрі көне, әрі жас саласы деуге болады. Себебі ежелгі Қазақстан жерінде ықылым замандарда әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари сияқты Шығыстың ұлы ойшылдары  өмір сүріп, өз туындыларын жазған. Кейін бұл дәстүрлерді Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде жалғастырды. 

== Басшылық ==
Факультет деканы Жұбатова Баян Нурсултанқызы 1961 жылы 28 қыркүйек күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 1980-1985 жылдары филология факультетінің араб бөлімінде оқып, 1985 жылы аяқтаған. Университетті аяқтаған соң, Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеген. 1989 жылдын бастап әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-те жұмыс істей бастайды. [[File:Шыгыстанудекан.jpg|thumb|left|250px|факультет деканы Жұбатова Баян Нурсултанқызы]]

Қызметінің негізгі бағыттары: лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша жоғарғы білікті маман, оқу үрдісінде кең қолданылатын шамамен 30-ға жуық оқу-әдістемелік кешенннің, оқулықтар мен оқу құралдарының құрастырушысы. Көптеген халықаралық және республикалық конференцияларға баяндамалар дайындап, әрдайым бітіру жұмыстарына, магистрлік, докторлық диссертацияларға жетекшілік етеді.  Бірнеше мемлекеттік білім беру стандартын жасауға атсалысты, атап айтқанда «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтарының білім беру стандарттарының авторларының бірі. Ғылыми кеңес беруші және оппонент ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білім Институты мен университетте  кандидаттық және докторлық диссертацияларды талқылауға, экспертиза және қорғауға қатысады. Еліміздегі баспадан шығатын монографияларға, оқулықтар мен оқу әдістемелеріне сын пікір  береді, "Шығыстану" мамандығы бойынша Республикалық оқу әдістемелік кеңесті  басқарады.

2001 жылы «Қазақ қиссадастандарындағы араб, парсы сөздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, ал 2010 жылы  «Қазақ тіліндегі араб, парсылық фразеологизмдер» атты тақырыптағы докторлық диссертациясын қорғаған. 
Мемлекттік бағдарлама «Мәдени мұра» аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білім Институтындағы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (15 томдық)  атты жобаға қатысып, «Түрік әлемі және Шығыс: тілдік-мәдени байланыстар (диахрониялық аспект)»  атты ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады.

== Халықаралық қызмет ==
Шығыстану факультеті Шығыс елдерінің ірі университеттерімен, ғылыми және оқу орталықтарымен, Қазақстандағы Шығыс елдерінің халықаралық қорларымен және дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз қарым- қатынас орнатқан.Бүгінігі күнге дейін Шығыс елдерінің жетекші 15 университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
 
Сонымен қатар, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде студенттер мен оқытушылардың шетелдік стажировкалары жүзеге асырылады: 
-Араб елдері: Сауд «Arabic for All» ұйымының халықаралық семинары, әл-Бабтин халықаралық қоры; «Әл-Вакф әл-Ислами» қайырымдылық қоры (Сауд Аравия корольдігі).
-Үндістан: ISSR ( мәдени байланыстар бойынша үнді кеңесі) бағдарламасы, ITEC (халықаралық техника-экономикалық ынтымақтастық) бағдарламасы;
-Қытай ШЫҰ/ ШОС (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) бағдарламасы;
-Корея: POSKO TJ Park Foundation халықаралық ұымы; Korea Foundation қоры; Кореяның KOIC; халықаралық -ынтымақстастық агенттігі.
-Түркия: TIKA.түркі халықтарының ынтымақтастығы мен даму агенттігі.




[[File:Сонгюнгван университеті.jpg|thumb|240px|left|Сонгюнгван университеті  (Оңтүстік Корея)]]




[[File:Пекин университеті.jpg|thumb|left|250px|Пекин университеті]]


Факультетте елшілік өкілдерімен, шетелдік ұйымдармен және Шығыс елдерінен келген әр түрлі делегациялармен жиі кездесу өтіп тұрады. Факультет Шығыс елдерінің елшіліктері мен мәдени орталықтары ұйымдастырған әр түрлі мәдени шараларға белсенді түрде қатысып тұрады.
 
'''Студенттер мен оқытушылар Шетелдік Шығыстың мынадай белді университетттерінде стажировка өтеді:'''

1. Жапония: Цукуба университеті, Сайтама университеті, Итикава қаласындағы шет тілдері институты, Мирзухо университеті, Асахи университеті, Жапон тілін оқытудың халықаралық орталығы (Кансай қ.), Хиросима университеті, Жапон тілін оқытудың халықаралық орталығы (Урава қ.), Киото университеті.

2. Араб елдері: «Нил» араб тілі орталығы (Каир қ.), Каир университеті, Кувейт университеті

3. Қытай: Шанхай финанс-экономикалық университеті, Синьцзян университеті, Орталық экономика және бизнес университеті (Пекин), Қытай мұнай және газ университеті, Пекин технологиялық университеті, Ланьчжоу университеті, Пекин тіл және мәдениет университеті, Пекин шет тілдері университеті , Тяньцзин университеті, Циньхуан университеті, Нанкин университеті, Сычуан университеті.

4. Индия: Хинди тілі орталық институты (Дели)

5. Иран: Тегеран университеті

6. Корея Республикасы: Пайчай университеті, Корей тіл институты (Сеул), Хангук университеті, Ихва университеті, Каннам университеті, Пусан университеті

7. Түркия: Анкара университеті

'''Шығыстану факультетінде сабақ беретін шетелдік мамандар:'''

-Suzuki Eri – Japan Foundation, Токио, Жапония 

-Hussein Navin - Университет Ардавиль, Иран 

-Abdelaziz El-Huli –al-Azhar университет, Каир, Египет 

-Chan Beng Sun –Ханъянг университеті, Сеул, Корея Республикасы 

-Meyng Sun Ok - Ханъянг университеті, Сеул, Корея Республикасы

== Кафедралар ==

=== Арабтану және ирантану кафедрасы ===

Ирантанушы және арабтанушы оқытушылардың негізгі ғылыми бағыты – Иран, Араб елдерінің тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен тілінің қазақ елімен байланыстары. Кафедра ұстаздары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар халықаралық, республикалық, ғылыми-теориялық конференцияларға қатысады, баяндамалар жасайды. Республикалық ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ирантану және үндітану кафедрасы Қазақстан мен ТМД елдерінің ғылыми орталықтары және университеттерімен ғылыми байланыста: Ташкент Мемлекеттік университеті, Өзбекстан Республикасы ҒА-ның шығыстану институты, Л.И. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, ҚР ҒА-ның шығыстану институты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері тарихы институты, Қарақалпақ ҒА жанындағы тарих институты.

Кафедра профессоры Ө.Күмісбаев әрдайым ғылыми, публицистикалық, танымдық мақалалар жазады. Ғылыми-зерттеу мақалалары әдебиетші, тілші, тарихшы, шығыстанушыларға игі ықпалын тигізіп, жақсы бағаланып, ғылыми жинақтарға енген. Профессор, шығыстанушы ақын Ө.Күмісбаевтың шығармалар жинағы кітап болып, «Иранбақтың бұлбұлдары», «Иран әдебиеті», «Шәкәрімтану мәселелері» атты 3 томдық кітапта, «Шәкәрімтану» энциклопедиясында, «Қазақ әдебиетінің тарихы» 10 томдығында жарық көрді. Хорезмидің «Мухаббатнамасындағы» парсы тілінде жазылған лирикалық хаттарды тұңғыш рет қазақ тіліне аударды. Ө.Күмісбаевтың ғылыми еңбектері, кітаптары, монографиялары үшін 2000 жылы Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігінен «Білім беру ісінің үздігі» атағы, 2008 жылы Ахмет Байтұрсынов медалі мен «Саңлақ автор» деген атақ берілді.

Кафедра меңгерушісі Жумадилова Ғайни «Қазақстанның мәдени мұралары» бағдарламасы бойынша Орталық музейдің ежелгі деректер мен қолжазбалар бөлімінің ғылыми жобасында жұмыс істеді. Аға оқытушы Құдайбергенова Г.Қ. «Шәкәрім және парсы әдебиеті» тақырыбы аясында ғылыми ізденіс үстінде. Жақында «Грамматика персидского языка» оқулығы жарыққа шығады. Аға оқытушы Боранбаева А.Ж. «Иран филологиясына кіріспе» атты лекциялар жинағын жазды. А.Боранбаева парсы тілінің әртүрлі мәселелері бойынша мақалалар топтамасын жарыққа шығарды. Кафедраның аға оқытушысы Ф.Ахметова 2007-2008 оқу жылында Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени орталықтың жолдамасымен Тегеран университетіне екі айлық білімін көтеру курсына қатысты. Ф.Ахметова «Қазіргі Қазақстан мен Иранның қатынастары» деп аталатын ғылыми тақырып бағытында жұмыс істеп жүр. Т.Н. Махмутов пен Е.Қ. Қасабекова парсы әдебиетінің қазіргі даму кезеңдері мен Иран тарихының қалыптасу алғышарттары тақырыбында зерттеулер жүргізуде.
Аға оқытушы З.Искакованың ғылыми ізденіс шеңбері: түрік-үнді тілдерінің байланысы, хинди тілін оқыту әдістемесі, хинди тілі мен әдебиеті және Үндістандағы гендерлік мәселелер. Мынандай оқу құралдары: «Древнеиндийская мифология и истоки индийских религий», «Введение в индийскую филологию», «Методика преподавания языка хинди», «Индийская литература: древность и современность», сондай-ақ 20-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Филос.ғ.к., аға оқытушы Д.М. Кокеева мен т.ғ.к., аға оқытушы Д. Таубалдиева, кафедра докторанты К. Габдуллин, С.Н. Досова шығыс философиясы, мәдениеті, діні, тарихы мен саясаты, экономикасы тақырыбы төңірегінде ғылыми зерттеулер жасау үстінде.


=== Қытайтану кафедрасы ===



Қытайтану кафедрасы – білікті мамандар шоғырланған, оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысы жақсы жолға қойылған, қызықты әрі шығармашылыққа толы студенттік өмірі бар қазақстан шығыстануының  басты орталығы.
Кафедраның қызметі – жоғары санаттағы, терең теориялық білімді меңгерген, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту барысында қытай тілінен, тарихы мен мәдениетінен, саясаты мен экономикасынан жоғары деңгейде білім көрсете білетін кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. 
 
Қытайтану кафедрасы төмендегідей мамандықтарды  дайындайды:
-«5В020900-Шығыстану»
-«5В020700-Аударма ісі (қыт.тілі)
-«5В021000-Шетел фидологиясы» 
 
Шығыстанушы  ( қытайтанушы ) - бұл маман, кем дегенде шығыстың бір тілін,  бірнеше батыс тілдерін, ауызша және жазбаша аударманың дағдыларын игерген, оқитын аймақтың дінін, доктринасын, құқығын, әдебиетін, дәстүрлі мәдениетін толық және жан-жақты меңгерген маман иесі.
 
'''«Аударма ісі (қытай тілі)»'''
«Аударма ісі мамандығы» студенттерге барлық салалардағы ауызша және жазбаша аударманың аудару шеберлігің және аудару дағдыларын жан-жақты жетік меңгеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар, студенттер жоғары білімді, әрі кәсіби мамандардан  дәріс алып, аударма саласындағы білімдерін одан әрі кеңейтіп,  аудару әдістерінің қазіргі заман сай талаптарын үйренеді. Бұл мамандықта оқитын студенттерде студенттердің алмасу бағдарламасы арқылы Қытайдың университетінде тілдік тәжірибеден өтеді. Бұл тәжірибеде студенттер ауызша аудару әдісін, тыңдап түсіну дағдысын меңгереді.
 
'''«Шетел филологиясы (қытай тілі)»'''
«Шетел филологиясы» Кафедра қызметінің негізгі бағыты еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайына аса қажетті мамандарды халықаралық деңгейде дайындауға бағытталған. Шетел филологиясы мамандығының студенттері екі шетел тілін меңгеріп ғана қоймай, тілдерді оқыту теориясын жете меңгеріп,  әлеуметтік өмірдің әр саласында қолданып, тәжірибе жасай алады.

=== Корейтану және жапонтану кафедрасы ===

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмысы оқу үдерісімен тікелей байланысты, яғни оқу барысы, ғылым мен тәжірибенің тығыз қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етіп, корей, жапон тіл білімі мамандарын даярлауда жоғары сапаға қол жеткізуге, профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған. 
   
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

- корей және жапон тіл білімі ғылымдарының өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу;  

- жоғарғы оқу орындары педагогикасы мәселелерін зерттеуді ұйымдастыру;

- келешектегі ізденіс зерттеулерін жүзеге асыру;

- оқу үдерісін ғылым мен тәжірибенің заманауи жетістіктерімен байыту;

- оқу үдерісінің тиімділігі мен студенттерді оқыту сапасын көтеру;

- студенттердің ғылыми шығармашылығын дамытып, оларды зерттеу жұмыстарына машықтандыру; 
 
- аяқталған ғылыми зерттеулерді оқу үдерісіне енгізу;          

- ғылыми қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру мен көтеру.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және университетаралық дәрежедегі ғылыми конференциялар, жобалар, бағдарламалар мен зерттемелерге қатыса отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Балақаева Л.Т. жапон тарихының жаңа және қазіргі кезеңінің мәселелері аясында зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Т.ғ.к. Ашинова Ж.Е. қазіргі кезеңдегі жапон сыртқы саясатының бағыттарын зерттеуде. Т.ғ.д. Ким Г.Н. депортациялау тарихы, Кореяның   тарихы сияқты зерттеу аясы кең мәселелермен айналысады. Т.ғ.к. Алимбаева Ж.Н. корей   мәдениетінің тарихи өзгерістері мәселелерін зерттейді.  Т.ғ.к. Чан Бенг Сунн Қазақстан  Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы мемлекетаралық қарым- қатынастардың даму мәселелерін зерттеумен айналысады. Кафедраның қалған оқытушылары үш сатылы білім беру аясында еңбек етуде: бакалавриат – магистратура – Ph(D).  

Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық жапон қоры мен Жапонияның Білім және Ғылым Министрлігінің гранты бойынша тілдік тәжірибеге жіберіледі. Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның алдыңғы қатарлы университеттері арасында жасалған келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Тілдік тәжірибеден өту барысында оқытушылар  Жапония университеттері мен ірі халықаралық тілдік орталықтарда жапон тілі бойынша кәсіптік біліктілігін шындайды, сондай-ақ ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша деректер жинаумен айналысады. Тілдік тәжірибенің аяқталысымен сертификаттар беріледі. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі (университетаралық,  республикалық, халықаралық) дәрежедегі ғылыми конференцияларға қатысады.  

=== Түркітану және үндітану кафедрасы  ===

Студенттерді дайындау келесі бағыттарда жүргізіледі:

'''Бакалавриат'''

050209-Шығыстану 

Академиялық деңгей және квалификация: шығыстанушы-филолог, шығыс тілдері мен әдебиеттерінің оқытушысы, аудармашы-референт мамандықтары бойынша шығыстану бакалавры; шығыстанушы тарихшы, тарих оқытушысы, аудармашы-референт.

050207- Аударма ісі

Академиялық деңгей және квалификация: аударма ісі бакалавры.

050210- Шет тілдер филологиясы

Академиялық деңгей және квалификация: шет тілдер филологиясының бакалавры.

5В021200 – Түркітану

Академиялық деңгей және квалификация:  түркітану  бакалавры.

'''Магистратура'''

6N0209-Шығыстану

Академиялық деңгей және квалификация: шығыстану магистрі.

6N0505-Аймақтану

Академиялық деңгей және квалификация: аймақтану магистрі.

6N0207-Аударма ісі

Академиялық деңгей және квалификация: аударма ісі магистрі.

'''PhD'''

6D020900 - Востоковедение

6D021200 - Тюркология

== Бүгінгі жағдайы ==

Бүгінгі шығыстану факультеті - құрамында жоғары білікті педагог мамандар қызмет ететін, оқу тәрбие- жұмыстары мен ғылыми зерттеулері қызықты да шығармашылықпен жүргізілетін, студенттер өмірі қайнап тұрған қазақстандық танымал ориенталистика орталығы. Факультеттің серіктестерінің қатарында Қазақстандағы Шығыс елдерінің елшіліктері, сондай-ақ факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми тәжірибеден өтетін Қытайдың, Кореяның, Түркияның, Иранның, Үндістанның, Жапонияның, Египеттің және т.б. елдердің ірі университеттерін айтуға болады. Шығыс елдерінің елшіліктері  шығыстану факультетіне үлкен көмегін көрсетіп келеді. Оқу құралдары мен көркем әдебиеттерден басқа, факультеттің тіл кабинеттерін қажетті құралдармен аудио және бейне жабдықтармен, компьютерлермен, тілін үйренетін елдің хабарын тарататын спутниктік құрылғысы бар телевизорлармен жабдықталған. Факультетте 2 мультимедиялық, 3 компьютерлік сынып және 2 лингофон кабинеті жұмыс істейді, бұл бөлмелерде өткізілетін сабақтар шығыс тілін үйрену деңгейін айтарлықтай көтереді.  Интернет, заманауи білім беретін технология, тілдік  аудио-бейнекурстар шығыстану факультетінің оқу үдерісінің ажырамас бөлігі саналады.  Шығыстанушы саласы бойынша зерттеулер мен білім беруді компьютерлендіру қазақстандық шығыстану ғылымын дамытудың маңызды стратегиялық мақсаты болып табылады.

== Сыртқы сілтемелер ==
* [http://www.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты]
* [http://pps.kaznu.kz Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт]