Revision 940926 of "Құйрықты Жұлдыз" on kkwiki

[[Сурет:Comet Hale Bopp.jpg|thumb|300px| Хейл Боп кометасы]]
'''Құйрықты жұлдыз, комета''' – [[Күн]] жүйесінің кіші денесі; [[аспан|аспанда]] оқтатекте  тұманданған  нысан  түрінде  байқалып, [[жұлдыз|жұлдыздарға]] қатысты орын ауыстыратын, центрінде [[ядро|ядросы]] бар аспан денесі. Комета (грекше kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге  қарама-қарсы жаққа  шұбатылған  бір  не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады. Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде [[Жер|Жерден]] [[телескоп]] арқылы, кейде көзбен көруге болады. [[Тихо Браге]] жарық құйрықты жұлдыздың  [[параллакс|параллаксын]] анықтап ([[1577]]), құйрықты жұлдыз да өзге [[планета|планеталар]] тәрізді аспан шырағы деп дәлелдеген. [[Тартылыс заңы]] ашылғаннан кейін құйрықты жұлдыздың [[орбита|орбитасын]] анықтау тәсілі жетіліп ([[Эдмунд Галлей]], т.б.), олардың физикалық табиғаты, әсіресе, ішкі құрылысы зерттеле бастады. [[Феодор Бредихин]] құйрықты жұлдыз пішіндерінің механикалық теориясын жасады. [[1910]] жылдан құйрықты жұлдызды зерттеуде фотографиялық және [[спектроскопия|спектроскопиялық]] бақылау тәсілдері қолданылуда. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Халықаралық келісім бойынша құйрықты жұлдыздар оны алғаш ашқан адамның атымен белгіленеді (мысалы, [[Эдмунд Галлей]], [[Иоганн Энке – Оскар Баклунда]], [[Девид Морхауза]], т.б.). Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі. Ядросының массасы 1011 – 1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн. км-ге жетуі мүмкін. Құйрықты жұлдыздар Күн айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады. Мысалы, периоды 75 жыл шамалас – Галлей, қысқа периодты Энке – Баклунда құйрықты жұлдыздарын (периоды – 3 жыл) айтуға болады. Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, [[Юпитер]] көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. <ref name=source1>Балалар энциклопедиясы</ref>

==Ішкі сілтемелер==
*[[Астрономия]]
*[[Аспан]]

==Сыртқы сілтемелер==
*[http://malimetter.org/?p=6861 Құйрықты жұлдыз (Комета)]
*[http://www.daywe.kz/kz/event/70/ Астрономия оқиғалары]
*[http://ru.wikipedia.org/wiki/Комета Комета] {{ru icon}}
*[http://en.wikipedia.org/wiki/Comet Comet] {{en icon}}
* [http://astronomy.net.ua/4files/details.php?image_id=4 Коитиро Томита / Беседы о кометах] {{ru icon}}
* [http://www.vokrugsveta.ru/publishing/vs/archives/?item_id=1761 Популярная статья о кометах] {{ru icon}}
* [http://planetarium-kharkov.org/?q=komety Статья «Кометы — странницы космических трасс»] {{ru icon}}

== Пайдаланған әдебиет<span/>==
<references/>

{{stub}}

{{wikify}}

[[Санат:Астрономия]]
[[Санат:Күн жүйесі]]
{{Link FA|ja}}
{{Link FA|sk}}
{{Link FA|sv}}
{{Link FA|th}}
{{Link FA|de}}


[[lez:Комета]]