Revision 954964 of "Публий Теренцийді" on kkwiki

[[Сурет:Terenz2.gif|thumb|]]
'''Публий Теренцийді''' (б.з.д. 195—159) бәрі Афр деп атаған, өйткені оның туған жері [[Африка]], оның ішінде [[Карфаген]] еді. Құл болып туған ол, жас кезінде сенатор [[Теренций Лука|Теренций Луканың]] қолына түседі. Иесі ақылды әрі көрікті құлына білім және өзінің есімін беріп, бостандыққа жібереді. Теренций өз заманының бетке ұстар білімді ақсүйектерімен жақсы қарым-қатынаста болған. Теренций өмірбаянынан акынның [[Грекия|Грекияға]] барып, қайтар жолында қаза тапқанын білеміз. 
==Комедиялар ==
Теренций ''6 [[комедия]]'' жазған және оның бәрі де бізге жетті. Солармен катар комедиялардың жазылған және қойылған уақыты көрсетілген қысқаша баяндамалар да қаз-қалпында жетті.
Теренцийдің бірінші комедиясы — ''"Андриянка"'' б.з.д. 166 жылы қойылды, екіншісі — ''"Ене"'' бірінші рет б.з.д. 165 жылы қойылды, бірақ көрермендер қол күресін көру үшін пьеса ортасынан кетіп қалғандықтан қойылым аяқталмай калған. Екінші рет бұл комедияны Теренций б.з.д.160 жылы қояды, бірақ көрермендер қайтадан бірінші актіден кейін [[гладиаторлар]] ойынына кетіп қалады. Басынан аяғына дейін бұл комедияны Теренций сол 160 жылдың екінші жартысында көрсетеді. "Өзін-өзі азаптаушы" атты үшінші комедиясын Теренций б.з.д. 163 жылы,''"Евнух атты"'' төртінші комедиясын б.з.д. 161 жылы, бесінші ''"Формионды"'' да 161 жылы және алтыншы ''"Аеайыидылар"'' комедиясын б.з.д. 160 жылы кояды.
==Пьесалар==
Теренций [[пьеса|пьесаларында]] отбасы, тұрмыс, тәрбие, әйелді, ананы кұрметтеу мәселелерін көтерді. Теренций комедияларындағы конфликт — бұл әке мен бала, әйел мен күйеу арасындағы [[конфликт]] болып келеді. Замандастарының арасында [[Плавт|Плавттың]] комедияларымен салыстырғанда, Теренцийдің пьесалары аса үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. Тек орта ғасырлар мен [[Қайта өрлеу дәуірі|Қайта өрлеу дәуірінде]] антика авторларының ішінде Теренций үлкен табысқа ие болды. [[Драматург]] өз шығармаларының оқиғасын [[Менандр|Менандрдан]] алып, саналы түрде грек колоритінің сақталуына мән берді.
[[Сурет:Masks pushkin.jpg|thumb|left|]]
==Шығармалар==
Теренций шығармаларында Плавттікіндей динамика мен интригалардың дамуы жоқ, ол театрлық амалдар мен ателлан тәсілдерінен де бойын аулақ салды. Оның есесіне Теренций кейіпкерлерге терең психологиялық мінездер бере отырып, өмірлік бейнелер тудырды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 
11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. 
ISBN 9965-33-998-8</ref>
==Пайдаланған әдебиет==
<references/>
{{stub}}
{{wikify}}

[[Санат:Өнер]]

[[an:Terencio]]
[[ar:ترنتيوس]]
[[be:Тэрэнцый]]
[[bg:Теренций]]
[[br:Terentius]]
[[ca:Terenci]]
[[cs:Publius Terentius Afer]]
[[da:Terents]]
[[de:Terenz]]
[[diq:Publius Terentius Afer]]
[[el:Τερέντιος]]
[[en:Terence]]
[[eo:Terentio]]
[[es:Publio Terencio Africano]]
[[eu:Terentzio]]
[[fi:Terentius]]
[[fr:Térence]]
[[gl:Terencio]]
[[he:פובליוס טרנטיוס אפר]]
[[hr:Terencije]]
[[hy:Տերենտիուս]]
[[io:Publius Terentius Afer]]
[[is:Terentius]]
[[it:Publio Terenzio Afro]]
[[ja:プビリウス・テレンティウス・アフェル]]
[[ka:პუბლიუს ტერენციუსი]]
[[ko:푸블리우스 테렌티우스 아페르]]
[[la:Publius Terentius Afer]]
[[mk:Теренциј]]
[[ml:ടെറൻസ്]]
[[nl:Publius Terentius Afer]]
[[no:Terents]]
[[pl:Terencjusz]]
[[pt:Terêncio]]
[[ro:Terențiu]]
[[ru:Публий Теренций Афр]]
[[scn:Pubbliu Tirenziu Afru]]
[[sh:Publije Terencije Afer]]
[[sk:Terentius]]
[[sl:Terencij]]
[[sr:Публије Теренције Афер]]
[[sv:Terentius]]
[[tr:Terentius]]
[[uk:Теренцій]]
[[zh:泰伦提乌斯]]