Revision 94020 of "ауыл шаруашылығы" on kkwiktionary==Ауыл шаруашылығы== ==Қой шаруашылығы== ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, қой өсіру – мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орт. Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған. Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал ш-на қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі Қ. ш-н берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғ-дың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 ж. – 8,8 млн.), елдегі мал ш-на үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал ш-ның ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал ш-н, оның ішінде Қ. ш-н да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі Қ. ш-ның қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта Қ. ш-ның кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 ж. республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 ж. 99,99%-ы, 1980 ж. 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 ж. уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың т, 1981 – 83 ж. – 493,3 мың т-ға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, т.б. шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қ. ш., әсіресе, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, т. б. пайдаланылды. Қазақстанда Қ. ш-ның дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биол. ерекшеліктері, т.б. байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңт. таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңт. және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі Қ. ш-тары болды. Алайда экономиканың өзге салалары секілді Қ. ш. да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 млн-ға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру, т.б. мәселелер кенже қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экон. дағдарыстар мен а. ш-ндағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде Қ. ш. елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 млн. уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада Қ. ш. саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, т.б. айналысады. ==Бақташылық== Бақташылық — шаруашылықтың бір түрі, мал өсірудің жалпылама атауы. Бақташылық, егіншілік, балық аулау кәсібімен қатар, ертедегі неолит дәуірінен мәлім. Бұдан бұрын, мезолит дәуірінде ит қолға үйретілген болатын. Бақташылықтың маңызы энеолит дәуірінде арта түсті. Бұл дәуірде ұсақ мал мен ірі қараның, шошқаның қолда ұсталғаны дәлелденді. Жылқы мен түйе энеолит дәуірінің аяқ шенінде қолға үйретілді. Бірте-бірте Бақташылық аң аулау кәсібінен бөлініп шықты. Ол тамақ пен киім табудың аң аулаудан гөрі неғұрлым тиімді жолы болды, мал көлік ретінде, ал қола дәуірінде оның күші егіншілік жұмыстары үшін пайдаланыла бастады. Бақташылық пайда болғаннан кейін, малды күтуді еркектер өз міндетіне алды. Қола дәуірінде еркектер малдың күшімен жер айдайтын болды. Одан бұрын кетпенді егіншілікпен, негізінен, әйелдер шұғылданатын. Бақташылықты кәсіп еткен тайпалар басы артық азық-түлікті басқа тайпалармен айырбастауға мүмкіндік алды. Малмен сауда жасау байлық қорын молайтып, қоғамның мүліктік және әлеуметтік жікке бөлінуіне жағдай жасады. Жерорта теңізі бойында қола дәуірінің аяқ шенінде мыс құйманы өгіздің терісі іспеттес етіп жасаған, бұған дейін тері ақшаның орнына жүрген. Бақташылықтың тарихи даму жолы түрліше болған. Үй малын өсірудің негізгі ошағы Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі жағалауында пайда болды. Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында жайылымда қой өсіріле бастады. Неолит дәуіріндегі Еуропаның орманды жерлерінде Бақташылық жабайы шошқа мен жабайы өгізді қолға үйретуден басталды. Қола дәуірінің аяғынан бастап мұнда қой өсіру басты орын алды. Қиыр Шығыста тундралық бұғы үйретілді. Мал алғашқыда, ашық жерде, неолит дәуірінде кейде үңгірде, ал қола дәуірінен бастап қоршау мен жабық қорада ұсталды. Тұрақты егіншілік өріс алған тұста мал қолда ұсталып бағылды да, қиы жиналып, тыңайтқыш үшін пайдаланылды. Американың тұрғылықты халқы тек лама өсірді. Темір ғасырының бас кезінде далалық жерде Бақташылық өріс алған шақта бүкіл халық жайылым іздеп, көшіп-қона бастады (қ. Көшпелілік). Өрістік-жайылымдық Бақташылық кең тараған тұста малды тек бақташы бақты. Алғашқыда Бақташылық адамды етпен қамтамасыз ету мақсатын көздеді, қолға үйретілген малдың сүті аз болды. Малдың сүті көбейіп, адам сүттен түрлі азық (айран, ірімшік, май, т.б.) жасап үйренген кезде сүт малының маңызы күшейді. Терісі киім үшін пайдаланылды. Орта Азияның көшпелі халықтары бұл үшін киіз бен жүн матаны да қолданған, былғарыдан әбзел, ыдыс, қап, т.б. жасаған. Кейбір Шығыс елдерінде үрленген былғары торсық судан өту үшін де пайдаланылған. Мүйізден ішімдік құятын ыдыс, музыкалық аспаптар, түрлі заттар жасалған. Үй малы күш — көлік қажетіне де жаратылған. Экстенсивті Бақташылық кең көлемді жайылымға, интенсивті Бақташылық шабындыққа, шөп қорын жасап, малды қолда ұстап бағуға, түрлі зоотехникалық шараларды қолдануға негізделген. 19 ғасыр және 20 ғасырдың басында Бақташылық егіншілікпен байланысты өрістік — отырықшы, (Оңтүстік Африкада) отарлы жайылымдық (Кавказда, Альпіде, Солтүстік Африкада), көшпелі (Азияның көптеген облыстарында), қолда бағу болып бірнеше түрге бөлінеді. Жайылымдық жыртылып, егіншіліктің өріс алуына байланысты көшпелі малшылар отырықшылыққа ауысты. Қазақ даласындағы Бақташылық та неолит дәуірінен бастау алады. Мал шаруашығы дәстүрлі қазақ қоғамының экономикалық негізін құраған; қазіргі Мал шаруашылығы. ==Балық аулау== Балық аулау - тіршілік қамымен немесе емдік дәру ушін балық ұстау. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар ертеде балық аулауды арнайы кәсіпке айналдырмағанымен үлкендария мен теңіз, көл жағасындағылар қарапайым тәсілдермен балық аулағандығы туралы бізге жеткен деректерде айтылады. Олар қарапайым құрал түрлерімен, шанышқымен, қармақ сапу, найзамен түйреу, ілме салу, тоспа, сүзу сияқты тәсілдермен аулаған. Балық аулауға сере, шанышқы, тартпа (шаппа) сияқты шаншып аулау құралдарын, қармақты пайдапанған. Сонымен қатар ұзын таяққа аттың құйрық қылын бекітіп жасаған ілмені суға салып, балық түсуін асықпай күтіп, ілме қозғалғанда оны тартып алып ұстайтын болған. Қармақтың түрі көп, соған орай құраушы бөлшектері де сан алуан: ине қармақ, әттік, жебе, темелек, жұтпа, шортан қармақ, жалтырауық, топтап салған бір етек қармақ, шаппа қармақ, салма қармақ т.б. Қазақтар орыс қоныстанушыларынан ау құрудың, көл ортасына «ыспамен» жетудің жолдарын үйренген. Балықшылық кәсібіне үйренген қазақтар малға айырбастап қайық сатып ала бастады. Ташкент темір жолы жүргізілген соң балық аулау одан әрі дами түсті. Балық аулауға сәуір мен маусым аралығы және қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы ыңғайлы деп есептелген. Балықтың уылдырық шашар кезі су жылып, өзен тасыған маусым-шілде айларында болады. Өзендер тасып арнасынан асқан кезде, жайылма суларға да уылдырық шашады. Бұл кезде балық ауланбайды. Балық мәселесін арнайы зерттеген Л.С. Бергтің жазуына қарағанда 1930 жылдары Аралда көктем мен күзде құрма, тоспа аулармен, бекіре мен аққайран, сазан, торта, шортан, көксерке, ақмарқа, жайын ауланған. Қаяз бен бекіреге ақан аулар салады. Сүзгі аулармен өзен суларынан ұсақ қаяз, тісті және ақмарқа аулайды. Қазақтар итбалықты еті мен майы үшін қыстыгүні аулаған. Балық аулаудың күрделі түрі желі қармақпен балық аулау әдісі. Желі қармақ ұзындығы 50-60 м кендір арқанның бойына 2 м сайын 20-30 қармақ, бір жерге 40- 60 желі қатарынан жалғастырылып құрылатын құрылғы. Жүз елудей қармақ байланған алты кішкене желінің қосындысын балықшылар «сүре» деп атайды. Сүрелердің аралығына байлап, су түбіне тасталатын салмағы 20 кг-дай ауыртпалық желілерді бір орында қозғалтпай ұстап тұрады. Су бетінде жиырма шақты қалтқыдан тұратын көтергі оны батырмай көтеріп тұрады. Ертедегі қарапайым желінің ұзындығы 11-13 құлаш, желі аралары 18 см етіп байланған, бауы қысқалау бір қарыс қана кендірден жасалған. Бекіре, шоқыр, қорытпа аулаудың бір әдісі - қарашағырмаққа кендірден желі жасап, жіптің бойына 8-10 см сайын қара қармақтар байлау. Қамап аулау Балықты қамап аулау - судың арнасын жырып жасаған жасанды айырықтан бөгеу (қарабура) жасап, айырықтың соңына тоғанша істеп, қамалған балықты аулау әдісі. Сондай-ақ иірімдегі балықты атпен, құрал көмегімен таяз қайраңға қаумалап айдап, жондары көрініп қашқан балықты таяқ, сабау, серемен соғып алады. Қыстыгүні аулау Балықты қыстыгүні аулау - қыстыгүні балық жиналатын орынды - балық қазанын тауып, самал деп аталатын құралмен мұзын ойып, «үкіжасап», жылымды су түбіне салады. Ойылған «үкінің» біріншісінен екіншісіне қарай жылымның қанатын нәрелмен (ұзын сырықпен) айдап отырады. Егер кішілеу ay болса, үкі аралығын сегіз метрдей етіп ояды да, астаумен байланыстырып қойып, ауды бір ойықтан салып, екінші жағынан түскен балықтарды майлық ыдысқа тоғытып ала береді. Мұз ойып, аумен балық сүзіп алуды «үкі сүзу» деп атайды. Жылымды қыстыгүні мұз астына құлақ / жетек арқанмен тартып жылжытып отырады да, мұз бетіне шығарар кезде айыр ағаш тәпекпен оның екі қанатын қосып, арасынан балық шығып кетуін бөгейді. Аудың қатқан мұзын шаулап қайтадан суға салып отырады. Жылымды тек қыста ғана салып отыратын болса, алты-жеті жылға, ұдайы қолданса екі жыл ғана қолдануға жарайды. ==Балықшылық== Балықшылық - озен-судың бойын мекендейтін елдің айналысатын кэсібі. Б. ертеде қазақтар арасында кең тарамаған, тек балығы мол су бойына жүт не болмаса басқа себептермен көшіп, тіршілік қамымен түрақтап калган жүрттың гана айналысатын тіршілігі болган. Балык аулау ерте кезеңце карапайым түрде болды. Әуелі балықты түйық жерге қуып қамап, колмен жэне шанышқы түйреп үстаса, соңынан қайык пайдаланып, кармақпен аулады. Балықшылар балық аулауға қажет жабдық, аспаптарды жасап алуды үйренді, балық аулаудың тиімді мезгілдерін, орындарын, әдіс-тәсілдерін меңгерді. Қазақ жерінде орыс қоныстанушылары санының өсуіне және Ресеймен сауда-экономикалық байланыстардың кеңінен өрістеуіне байланысты балық жэне балық өнімдеріне сүраныс осе бастады, сол себепті балықшылық XIX г.-дың аягы XX г.-дың бас кезінде коптеген адамдардың күнкөріс кәсібіне айналды. Каспий теңізі жагалауында, Шалқар, Имантау, Щучье, Чебачье, Зайсан, Алакөл, Балқаш көлі, Арал теңізі, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс, Іле, Шу озендері жагалауында Б.-ты кәсіп еткен қазақ қауымдары пайда болды. Б.-пен негізінен ер адамдар айналысты. Б.-пен қазақтар қосалқы кәсіп ретінде айналысты десек те, Сырдың төменгі ағысы бойында XIX г.-дың екінші жартысы XX ғ.-дың бас кезінде кәсіптің бір түрі ретінде дамып, Сырдың Арал теңізіне қүяр түсында балықшы ауылдары қалыптасып, өңірде Б. кэсібі қазақтардың тіршілігінде айтарлықтар мэнге ие бола бастады. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы Арал теңізі жэне Сыр өңірінде балық шаруашылығының одан эрі дамуына эсер етті. Арал теңізінде балықты «аханша» деп аталатын тормен жэне ширатылган жіппен тоқылган аумен аулады. Аханшаның үз. 9 сажын, ені 1 сажын, ал аудың үз. 3 сажын болды. Бүл жерде балық түсімі балық аулаумен айналысатын қауымдастықтар бойынша есептелінді. XIX г.-дың аяғында Аралда балық аулаумен айналысатын 20 кауымдастықгың әрқайсысында 80-нен аханша болган, ягни Арал теңізінің шыгыс бөлігінде күніне 800-ге жуық аханша қүрылган. Торлар мен аулар бір жіптің бойына керіліп, сырғауылга бекітілді. Балықты күніне үш мезгіл: таңертең, түсқайта, кешке жинап отырган. ¥сталган балыкты түздап, мата үстіне жайып қойып әбден суы агып болғаннан кейін сатады. Ірі балықтьің арқа сіңірін белек алып, сығып, күнге кептіреді. Балықшылар баспанасы шалаш деп аталды. Шалаш дарбазалары қамыстан соғылды. Top, ay, қайықты көбінесе балыкшылар өздері даярлады. Бальщты кейде орыс көпестеріне ұн, түз сияқты тағамдарға да айырбастап отырды. Ертедегі қазақтар мал шаруашылығымен катар қосымша кіріс көзі ретінде тіршілік қамы үшін Б.-пен де айналыса бастаған. Н.Гаврилов: «Переселенческое дело в Туркестанском крае» аттъі еңбегінде Перовск уезіндегі Б. жайында былай деп эісазды: «бальщ шаруашылыгы цазацтар үшін де, орыстар үшін де маңызды кәсіптің бірі болды. Бальщ көлдерде мүз цатцан кезде ауланады. Бальщ сату ісімен алыпсатарлар айналысады. Бальщ кәсібімен айналысатын отбасылар бір цыста 200-450 сомнан пайда табады». Б.-ты кәсіп етуге көшкен қазақтар қыстауларын Сырдария, Қуаңдария өзендерінің жағасына сала бастады. Балықшы қазақтар негізінен Қазалы уезінің Шыбынды болысында коптеп кездесті. Статистердің зерттеуі бойынша 1910 жылы Қазалы түргындарының 34,4%-ы Б.-ты кәсіп еткен, жалпы саны 5010 балықшы тіркелген. Қазалы уезінде Перовск уезіне қарағанда Б. кәсібі жоғары дамыған, бүл жерде Б.-тың өркендеуі Арал теңізінің жақын болуы, теміржол бекетінің болуы, эрі Орынбор жэне Ырғыз жақтан балық оніміне сүраныстың коп болуы да эсер етті. Қазалы қазақтары балықты сүзекі, ау, қармақпен аулаған. Сүзекі үзын ағашқа бекітіліп жасалды, үстауға ыңғайлы жеңіл, шортанға салуға ыңғайлы болды. Сүзекімен күз, қыс кезінде де балық аулаған. Балық аулау кезеңі Сырдария суының көтерілуіне де байланысты болды. Дарияның суы көбейсе, өзенге су көп кұйылып, балық та көлге көп гүседі. Дариядан балык аулау кезеңі сэуірдің соңынан кыркүйекке дейінгі кезде жүзеге асты. Күзгі кезең қазан айынан басталған. Теңізден балық аулауға ау қолданылды. Аханша, тор, қармақ теңізге өте сирек салынған. Теңізден балық аулау сэуір мен маусым аралығында тиімді болды. Көлден балық аулауға қыркүйек пен казан айының бірінші жартысы тиімді кез саналды. Жаз мезгіліне қарағанда, қыста ауланган балық табысты көбірек әкелген. Қыста балықты мүзда сақтап, түздап, түтінге ыстаған. Балық қыс пен жазда екі түрлі бағаланған. Балық кәсіпшілігінің бағзыдан дамығандығы фольклор пүсқалары мен сенім-нанымға қатысты паремаларда сақталған. Сырдария жағасында түратын қазақтардың арасында Б.-тың кәсіп ретінде дамығандығын балықшы пірі Қармақшы атаның мазары сол өңірде болғандығы дэлелдейді. Ноғайлы заманы жырларындағы «балыгы тайдай тулаган» немесе «балыгының көптігі суга жылцы жаптырмас» деп келетін жыр жолдарынан Арал, Сыр, Жайық бойын мекендеген отырықшы қазақтар арасында ертеден-ақ балық еті мен сорпасы «жеңсік асқа» саналғандығын аңғарамыз. Балық өнімдерін дайындау, үқсагу. Қызыл балықтың ішінен шығатын жарамсыз калдыгын жалцаяцца араластырмай уылдырығын боліп алады. Лл коксерке тәрізді жыртқыш балықтардың жүтқыныі іда (карі.ш І.І ) уса к балықтар болса айырып алады. Қазақтароны уақы і оіс м'нг үн өнімдерімен араластырып, царма жасаған. Жайын тэрізді ірі балықтардың семіз, майлы жои СІІІІ болек кесіп алады, оны «жаңса» деп, бекірспіц жоп СІІІІ «белкеспе» деп бөлек сақтайды. «Балықтың патшасы» саналатын бекіренің еті өте дэмді, эрі кесімі дс үлісен. Кейбір ірі бекірелерді (Ертісте) түйеге теңдегенде оныц басы мен қүйрығы түйенің шом ағашынан асып түрады деседі. Қазақтар «бальщтың алтыны - цаяз» деп қаяз етін ерекше әспеттеген. Ірі балыктардың жүлын жүйесін - «безегесін» түтынар алдында алып тастап отырған. Балық аулау кең өрістеген шақта үлттық тагам түрлеріне балықты бітеу пісіру, цацтау (көктал), қайнатқан соң етіне араластырып бөкпен, бөрек, цалцы, мипалау, «түйір» (оның цос цайырма, үш қайьірма түйір (двойная, тройная уха) деп аталатын жаңаша дэм, тагам түрлері қосыла бастады. Қуырып дайындайтын царма, майкуырдац сияқты тамақтар орын алды. Балықты түзды суга салып, салқын жерде бір күн қалдырады. Түздалған балықты шала тобарсыған соң дымқыл бүта-шілік, қарагай, емен, жаңғақ жаңқаларын бықсытып жагып, оның түтініне исі сіңгенше ыстайды. Онан соң кептіреді. Кептіру үшін көлденең орнатылган соре немесе арса агашца іледі немесе жайып қақтайды. Түз сіңген ірі балықтарды алып арасы жел кағатындай етіп, ал торталарды екі-үштен бір-біріне қосып, балыкты желбезегінен сыммен тесіп откізіп қояды. Күннің жылуына кепкен балықтың майы бүкіл денесіне тарап, дэмі кіреді. Онан көлеңкеге сақтап айырбас саудаға немесе үлкен қалалардагы жэрмеңкеге апарган. Балықты тоңазыту тэеілі көп таралмаган. Айталық, 1925 жылы Арал теңізі бекетінен 0,9 пайыз балық тоңазытылган, қалган 99,1 пайызы түздалган күйде жонелтілген. Аққайран мен тортаның қарнын тілмей түздап сегіз күн шаңга салып кояды. Егер кептіру қажет болса 6-8 сагат суга салып шыгарып, 6-8 талдан байлап 12-15 күн кептіреді. Ыстау (агаш мүгінінің түтініне) қажет болса үш күн гана кептіреді, ондай да салмагының жартысын жогалтады. Көктемдс балыққатүзды аз салады. Өңделген балықтарды қанар, ағаш ыдыс, түйеқанар, жәшіктерге салып жөнелтеді. Ертеде түрікмендер орыстардан балықшылықтың түрлі қыр-сырын үйренгенге дейін балықты өз майына қуырып, ішегіне сақтаган «гаурдацты» Хиуага сатуга апарган. Екі жылга дейін сақталатын мүндай өнімді (А.Джикисв) қазақтардың жасағандығы туралы мэлімет жоқ. Әуслі бүрыннан эмпирикалық практикасынан белгілі балық майын емшілікке (күйік, жара, сынық, денені сылау, ысқылау, ем дэрітүрлеріне араластыру) пайдалана бастайды. Кейін келе балық майын жинап шыжгырып, бауырсақ, тамақ қуыруга пайдаланган. Бір футқаяз балыгынап 4-5 фунт май алынады екен, оны Хиуаның сабын, тері зауыттарына жіберіп тұрған. I Іілмай (шип) балықтан ағаш желім алынады, ол өте қымбат бағаланған. All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wiktionary.org/w/index.php?oldid=94020.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|