Difference between revisions 940512 and 940517 on kkwiki{{Факультет | атауы = Философия және саясаттану факультеті | университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]] | суреті = [[File:21743рауеу.jpg|100px]] | халықаралық атауы = | ұраны = | құрылған жылы = 1949 | деканы = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы (contracted; show full) Орталықтың келешек дамуының зерттеу арналары: Әл-Фарабидің посткеңестік кеңістікке белгісіз еңбектерін қазақ және орыс тілдеріне аудару; Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу; Шығыс пен Батыстағы компаративистік зерттеулердің дамуына байланысты фарабитанудағы жаңа талдау нысандары мен мәндік құрылымдарды айқындау; Жаһандану дәуірі мен нарықтық қатынастарды игеру жағдайында ғылыми іс-әрекеттің териясы мен тәжірибесіне посткласикалық әдіснаманы енгізу '''Оқу-әдістемелік қызмет''' Әлеуметтік философия кафедрасы жоғары білім жүйесінде 050201 - Философия (бакалавриат), и 6N0201 – Философия (магистратура) мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасаушы болып табылады. ҚР БҒМ Бұйрығына орай кафедра меңгерушісі, профессор Ж.А. Алтаевтың басшылығымен кафедра оқытушылары «Философия» мамандығы бойынша Болон процесі негізіндегі еуропалық білім кеңістігі талаптарына сай мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар негізінде PhD докторларын дярлау бағдарламасын жасап, жүзеге асырды. Мамандық бойынша үш мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар (ГОСО), соның негізінде жасалған оқу жоспарлары бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да философия және саясаттану факультетінде «Философия» мамандығы бойынша оқыту халықаралық талаптарға сай 3 сатылы деңгейде жүзеге асырылады: Бакалавриат – 5В020100 – Философия Магистратура – 6N020100 – Философия Докторантура PhD -6D020100 - Философия Философия (бакалавр) мамандығы бойынша оқу бағдарламасы 1996 жылдан бастап, бұрынғы дәстүрлі моделдің ізбасары болып келеді. Әлемдік және қазақстандық философиялық ғылымдағы жаңа тенденцияларға бейімделу, мамандықтағы жүйелі қайта құруларды іске асыру мақсатында 2010 жылы білім кеңістігіне тәжірибе түрінде 5В010200– Философия (бакалавриат) және 6М020100 - Философия (магистратура) мамандықтары бойынша ГОСО жасалынды. «Философия» мамандығы бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру үшін мындай механизмдер жүзеге асырылуда: - «Философия» мамандығы бойынша білім стандартын, оқу жұмыс жоспарларын және бітіру жұмыстарының тақырыбын жасау барысында жұмыс берушілердің үлесі арттып, еңбек нарығына мониторинг жасалынуда; - 2010-2011 оқу жылдарында жүзеге асырылған «Философия» - 5В010200 мамандығы бойынша оқу бағдарламасы мен «Философия» - 6М010200 мамандығы бойынша элективті пәндердің көлемі артты; - әлуметтік философия кафедрасында «Әл-Фараби» ғылыми орталығы жұмыс жасайды. Ол 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың азиялық зерттеулер ҒЗИ құрамына енді. Бұл «Философия» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерді, магистранттар мен докторанттарды тәжірбиелік ғылыми зерттеулерге деген белсенділіктерін арттыра түсері анық. '''Ғылыми-зерттеу қызметі''' Әлеуметтік философия кафедрасы қазіргі замандық әлеуметтік философия, саяси философия, құқық философиясы, білім философиясы, ғылым мен эпистемология философиясы, ислам философиясы, қазақ философиясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ғылыми-зерттеу іс-шараларының түрлері мен формалары әртүрлі. Әлеуметтік философия кафедрасының ғылыми-зерттеу шараларының ерекшелігі бірнеше ғылыми бағыттарды синтездеу: А.Х. Қасымжановтың философиялық мұраларын зерттеу. Қоғам мен адамның рухани өзін-өзі анықтау мәселелерін зертте. Әл-Фараби мұраларын зерттеу Қазіргі әлеуметтік философия мәселелерін және әлеуметтік эпистемология мен компаративистік зерттеу әдістерін қарастыру. Әл-Фараби идеяларының методологиялық-жалпыгуманитарлық мәнін қарастыру және оның шығармашылығын түрлі ғылыми зерттеулер мен инновациялық білім процесстерінде қолдану деңгейін қадағалау. Жаһандану дәуіріндегі қазақ ұлттық идеялары мен отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру. Әл-Фараби мұраларын қазіргі замандық ғылыми-әлеуметтік жағынан зерттеу. 2008 жылдан бастап әлеуметтік философия кафедрасында әл-Фараби орталығы жұмыс жасап келе жатыр. Орталық жетекшісі – профессор Алтаев Ж.А. Орталықтың негізгі жұмыс жасау бағыты әл-Фараби идеяларын қазіргі уақытта толығымен зерттеу т.б. '''Ғылыми бағыттар''' Әлеуметтік философия кафедрасының ғылыми зерттеу жұмыстарының басты ерекшелігі бірнеше ғылыми бағыттарды синтездеу: А.Х. Қасымжановтың философиялық мұраларын зерттеу. Қоғам мен адамның рухани өзін-өзі анықтау мәселелерін зерттеу. Әл-Фараби мұраларын зерттеу Қазіргі әлеуметтік философия мәселелерін және әлеуметтік эпистемология мен компаративистік зерттеу әдістерін қарастыру. Әлеуметтік танымның әдістерін зерттеу. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: Фарабилік онтологиялық және теориалық-танымдық аспектілердің аксилогиялық, методологиялық, идеологиялық қырына ауысуына сараптама жасау. Әл-Фараби идеяларының методологиялық және жалпыгуманитарлық мағыналарын қалыптастыру және оның шығармаларын қазіргі таңдағы негізгі ғылыми зерттеулер мен инновациялық білім процесстеріде қолдану. Әл-Фарабидің философиялық мұраларын зерттеу барысында жаһандану заманындағы қазақ ұлтының идеологиясы мен отан сүйгіштік сезімдерінің қалыптастыру мақсатында ғылыми-тәжірибелік әдістемелер жасау. Докторанттарға, аспиранттарға, магистранттарға арнап оқу құралын шығару «Қазіргі ғылым мен әлеуметтік ойлардағы әл-Фараби». - 10 п.л. (2011ж.). Әлеуметтік философия кафедрасының ғылыми зерттеулер жүргізу барысындағы жеткен ғылыми жетістіктері. Кафедра мынадай ғылыми жетістіктерге қол жеткізді: Фарабитанудың методологиялық-тарихи мәселелері барысында тарихи-мәдени, философиялық-методологиялық, әлеуметтік-философиялық, антропологиялық негізгі заңдылықтары зерттелді, қазіргі таңда зерттеліп жүрген араб-мұсылман философиясына, қазіргі салыстырмалы философия, сонымен қатар, А.Х. Қасымжанов мұраларына шығыс философиясы мен фарабилік интерпретациялар жасау. Қазіргі қазақстан қоғамының рухани әлемінің қалыптсауы мен дамуына жан-жақты тарихи және әлемдік көзқараста сараптама жасау. Мәдени-философиялық, өркендеу, білім жобалары мен араб-мұсылман философиясынан мәдени тепе-теңдікті, философиялық жүйені, әлеуметтік ұйымдар, адамзат болмысының негізін іздеу барысында салыстырмалы заңдылықтарды көрсету. Ұлттық менталитеттің мәні мен қоғамдық бірлікті түсіну ге бағытталған концептуалды идеяларды қалыптастыру. Қазіргі тарихи-философиялық процессте араб-мұсылмандық философиясы мен әл-фараби мұраларына мәнді интерпретация жасау үшін мәдениеттің түріктік моделіне сай теңдік анықтамасын іздеу (мәдениеттің әмбебаптылығы, қоғамды реформалау, әлемді құрудың идеялық негізі, ислам мәдениеті, исламдық әлем тану, гуманистік идеалдар, адам сүйгіштік идеялар, азаматтылық, интеллектуалды сапа мен философиялық зерттеулер, саяси философия, білімді реформалау, ғылымның бастауы). Фарабилік эволюцияның аясында мәдениетті салыстырмалы зерттеудің рухани эволюциясы мәселелерінің мағынасы құрылды. Әлеуметтік философия кафедрасында жүргізілген зерттеулердің ғылыми маңыздылығы жоспарланған зерттеулерді жаңа білім технодогиялары мен социогуманитарлық, философиялық зерттеулердің жаңа әдістерімен, рухани, мәдени, аксиология, сферасындағы жаңа эпистемологиялық жолдармен зерттеу. '''Ғылыми жобалар мен зерттеулер''' 2009 жылдың басында профессор Ж.А. Алтаевың жетекшілігімен әлеуметтік философия және әл-Фараби Орталығының ұжымы жасаған «әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті» ғылыми жобасымен ҚР БҒМ-нің 2009-2011 жылдар аралығында жүргізілетін іргелі зерттеулерге жариялаған конкурсында грантқа ие болды. Жаһандану заманы талабына сәйкес жаңа интегралды дүниетанымды қалыптастыру аясында халықтар мен мәдениеттердің бірлігі мен өзара түсіністігіне бағытталған әл-Фараби мұрасын жан-жақты зерттеу қазіргі кездегі Орталық қызметінің басым бағыттары болып табылады. Қазақ мәдениеті мен философиясындағы зерттеудің негізгі нысаны адамның рухани болмысын тану, өмірдің мәнін іздеу, өзінің басқа жанға, әлемге деген қатынасын анықтауға қатысты болып келеді. Адамның шын мәніндегі рухани жаңғыруы оның өзіне және әлемге деген толыққанды көзқарасының қалыптасуын талап етеді, саналы тіршілік иесінің дүниетанымдық ұстанымдарын өзгертпей бұл үрдістің жүзеге асуы неғайбыл болып қалатындығы анық. Қазіргі таңда адамның көкірегіне сенім ұялататын, ар ілімін жетекшілікке алатын мұндай дүниетанымдық тұжырымдамалар мен ілімдерді қалыптастырудың қажеттілігі айқын көрініп отыр. Адамның рухани жаңғыруы, оның адамгершілік-этикалық құндылықтары қазақ ойшылдарының шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан. Рухани құндылықтар мәселесі қазақ философиясы мен мәдениеті тарихының негізгі ұстыны болып табылады. Фарабитану саласындағы зерттеулердің өзектілігі мәдениетаралық және дінаралық сұхбаттың қажеттілігінен туындап отыр. Аталған ғылыми-зерттеу жобасындағы әл-Фараби идеялары мен жаһандану үрдісіндегі Қазақстан халықтарының рухани мәдениетін және олардың рухани даму кеңмәтінінде іргелі және стратегиялық мәселелерді шешудегі келісім, ынтымақтастық және өзара түсіністік философиясын қалыптастырудағы рөлін жан-жақты зерттеудің әдіснамасы әлемдік, отандық және шетелдік ғылымда әлі де болса толықтай зерделене қойған жоқ. «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті» жобасы аясында келесідегідей ғылыми мәселелер зерделенді: Фарабитану тарихы мен әдіснамасы мәселесі аясында шығыс философиясы мен Фараби мұрасын байыптауда батыстық көзқарастағы түсіндірмелерден тарихи-мәдени және философиялық-әдіснамалық тұрғыда бас тартудың көріністері А.Х. Қасымжанов және т.б. белгілі ғалымдардың еңбектері негізінде көрсетілді. Мәдениеттердің, философиялық жүйелердің, әлеуметтік ұйымдар мен адам мәнінің өзіндік бірегейлігінің негіздерін іздеу саласындағы салыстырмалы ұстындардың заңдылықтары айқындалды. Философиялық өзіндік сана ретінде көрінетін рухани бірегейліктің болмыстық және танымдық бастаулары анықталды. Қазіргі заманғы тарихи-философиялық үдеріс аясында (мәдениеттердің әмбебаптығы, қоғамды реформалау, адамзат қоғамының идеялық негіздері, ислам мәдениеті, ислам дүниетанымы, гуманистік мұраттар, адамға деген құрмет пен сүйіспеншілік идеясы, азаматтық парыз, рухани кемелдену, интеллектуалдық сапа мен философиялық зерттеулердің жоғарғы деңгейі, саяси философия, білім саласын реформалау, ғылым негіздері)әл-Фараби мұрасы мен ислам философиясын зерделеуде маңызы зор ұғымдық құрылымдардың семантикалық мән-мағынасы көрсетілді. Мәдениеттерді өзара салыстырып талдауда және соның ішінде, фарабитанудың эволюциясы кеңмәтінінде рухани эволюция мәселесінің мәні анықталынды. === Мәдениеттану және дінтану кафедрасы === === Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы === === Жалпы және этникалық психология кафедрасы === === Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы === === Саясаттану кафедрасы === All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=940517.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|