Difference between revisions 940517 and 940528 on kkwiki{{Факультет | атауы = Философия және саясаттану факультеті | университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]] | суреті = [[File:21743рауеу.jpg|100px]] | халықаралық атауы = | ұраны = | құрылған жылы = 1949 | деканы = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы (contracted; show full) Жаһандану дәуіріндегі қазақ ұлттық идеялары мен отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру. Әл-Фараби мұраларын қазіргі замандық ғылыми-әлеуметтік жағынан зерттеу. 2008 жылдан бастап әлеуметтік философия кафедрасында әл-Фараби орталығы жұмыс жасап келе жатыр. Орталық жетекшісі – профессор Алтаев Ж.А. Орталықтың негізгі жұмыс жасау бағыты әл-Фараби идеяларын қазіргі уақытта толығымен зерттеу т.б. '''Ғылыми бағыттар''' ⏎ {|class="graytable" style="text-align:center" |+ |width="25%"|[[File:13438reytrez.jpg|center|220px]] |width="25%"|[[File:13437gfhdf.jpg|center|220px]] |- |2010 жылы ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен Бүкіләлемдік философия күні әл-Фарабидің еуропа мәдениетіне қосқан үлесі тақырыбында дөңгелек үстел |О.О. Сүлейменов пен әлеуметтік философия кафедрасының профессоры, әл-Фараби орталығының жетекшісі Ж.А. Алтаев оқыды. |} Әлеуметтік философия кафедрасының ғылыми зерттеу жұмыстарының басты ерекшелігі бірнеше ғылыми бағыттарды синтездеу: А.Х. Қасымжановтың философиялық мұраларын зерттеу. Қоғам мен адамның рухани өзін-өзі анықтау мәселелерін зерттеу. Әл-Фараби мұраларын зерттеу Қазіргі әлеуметтік философия мәселелерін және әлеуметтік эпистемология мен компаративистік зерттеу әдістерін қарастыру. Әлеуметтік танымның әдістерін зерттеу. (contracted; show full) Мәдениеттерді өзара салыстырып талдауда және соның ішінде, фарабитанудың эволюциясы кеңмәтінінде рухани эволюция мәселесінің мәні анықталынды. === Мәдениеттану және дінтану кафедрасы === ⏎ [[File:21754кнукпнцу.jpg|thumb|220px|right|Мәдениеттану және дінтану кафедрасының оқытушылары]] Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі - Философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы Дінтану және мәдениеттану кафедрасы – заманауи жоғары сұраныстар мен қызығушылық ие, еліміздің тәуелсіздігімен қатар жаңа ғасыр мамандықтары болып табылады. Дінтану және мәдениеттану елімізде жаңа ашылған мамандықтар. Бұл мамандықтардың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген. Дінтану – республикамыздағы жас және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда осы мамандық бойынша жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті дінтанушы мамандар дайындалады. Сіз осы бағдарлама аясында: «Діндер тарихы», «Ислам теологиясы», «Христиан теологиясы»; «Кұран және құрантану»; «Дін философияси»; «Дін әлеуметтануы»; «Дін психологиясы»; «Діни антропология»; «Діни этика және аксиология»; «Дін және өнер»; «Дін және мәдениет» секілді қызықты пәндермен танысасыз. Мәдениеттану – мәдениет және оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. Мәдениеттану мамандығы оқу үрдісіңе 1994 жылан бастап ене отырып, Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне міндетті пән ретінде кірді. Кафедрасының тарихы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің тарихымен және Қазастан мен Орталық Азиядағы философияның пайда болуымен тығыз байланысты. Кафедраның қызметкерлері мен түлектері қазақстандық философиялық ойдың қалыптасуында маңызды рөл атқарды. 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-да философия және экономика факультеті ашылып, алғашқы маркстік лениндік философия кафедрасы пайда болды. Философия факультеті мен кафедраның ұйымдастырушысы ОК ЖКП (б) жанындағы Қызыл профессура институтының түлегі доцент, философия факультетінің алғашқы деканы Дардыкин Н.П. болды. 1951 жылы философия мен экономика факультеті біріктіріліп, философия-экономика факультеті болды және оның жетекшісі ретінде экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жеребятьев Ф.А. тағайындалды. Философия-экономика факультеті 1954 жылға дейін қызмет етті және КОКП ОК шешімімен философиялық кадрлар кеңестер одағының жетекші жоғары оқу орындарында (Мәскеу, Ленинград, Киев мемлекеттік университеттері) тағайындалуы қажет деп табылып, жабылады. Кафедра университетте тек қана философия пәнін жүргізуге ғана жауапты болмады, сонымен қатар барлық факультеттерде этика, атеизм, эстетика, логика пәндерін оқытумен және аспиранттарды философиялық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруға да жауапты болды. Жалпыуниверситеттік кафедраның ауқымы оның кеңеюін қажет етті, бұрынғы философия факультетінің 1954-1955 жж. Түлектері Сегизбаев О.А., Гильман М.И., Шустова В.П., Икенов А.И., Яковлев В.Г. және т.б. келіп, кафедраның профессор оқытушылар құрамы 30 адамды құрады. Философия кафедрасы маман щығарушы кафедраға айналды. Біздің түлектер қазіргі таңда ҚР және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарындағы философия кафедраларын басқаруда. ҚР ҰҒА, Философия және саясаттану факультетінің негізін құрайды. Сол түлектердің ішіндегі ерекше атап, еске ала кететін бір тұлға, өмірден ерте кеткен дарынды ғалым, ол – Кельбуганов А.Ж. 70-90 жж. біздің кафедра шын мәнінде ҚР ЖОО арасында өте күшті және білікті философия кафедрасы болды. Ол республикадағы философия кафдераларының ғылыми және әдіснамалық ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік қызметті атқарды. Профессор Рахматуллин Қ.Х. Жоғары Білім министрлігінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Кеңесінің төрағасы, республикалық деңгейдегі 9 рет қана жарық көрген «Философиялық ғылымдар» атты жинақтың жауапты редакторы болуы, облыстық жоғары оқу орындарының оқытушыларының ғылыми жарияланымдарын шығаруда ерекше көмек болды. Ерекше атап көрсететін жәйт, кафедраның қызметіне жаңа серпін әкелген М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, философия факультетінің түлектері болды. Бұл ең әуелі аталған оқу ордасында 1973 жылы аспирантурасын тәмамдаған профессор Хасанов М.Ш кафедраға шақырылуымен басталды. Ол аға оқытушылықтан бастап, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі жолдарынан өтті. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тағы бір түлегі Орынбеков М.С., 1995 жылдан 2003 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болды. Кафедраға меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сонымен бірге кафедраға Мәскеу университетінің басқа бір түлегі, Қалмақ мемлекеттік университетінің проректоры, профессор Құдайбергенов Б.Қ. шақырылды. Оның «Социально-философские поиски духовности: историко-философские истоки и современные проблемы» (1997 ж.) атты докторлық диссертациясы Диссертациялық кеңес пен ғылыми қауымдастық тарапынан үлкен бағасын алды. Б.Қ. Құдайергенов ҚР жетекші дінтанушы болды. Соның арқасында 1999 жылы факультетте «Дінтану» бөлімі ашылды. Алдымен бакалавриат, сосын магистратура ашылды. «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты, типтік бағдарламалар, дінтанулық пәндер бойынша ПОӘК жасалды. Біздің кафедра аталған мамандық бойынша түлектер шығарушы кафедраға айналды және Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында дінтанушы мамандарды дайындауда жетекші орынға ие. Бұрынғы кафедра меңгерушісі профессор Орынбеков М.С. пен профессор Б.Қ. Құдайбергенов бастатқан дәстүр дінтанушы мамандарды дайындауда қазіргі кафедра меңгерушісі профессор Байтенова Н.Ж. тарапынан сәтті жалғасын табуда. Жаңа мамандық «Теология» және PhD докторларын дайындау бағытында маңызды жұмыстар жасалуда. Кафедра дінтану мамандығы бойынша оқу әдістемелік орталықтың секциясы болып табылады және ол секция профессор .Байтенова Н.Ж. тарапынан басқарылады. Оның ғалым хатшысы доцент Рысбекова Ш.С. 2003 жылдан бастап, қазіргі күнге кафедраны философия ғылымдарының докторы, профессор Байтенова Н.Ж. басқарып келеді. Жоғары білім беру саласында 1975 жылдан бері жұмыс істеуде және 36 жылдан астам ғылыми-педогогикалық, оның 31 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы еңбек өтіліне ие. Осы уақыт ішінде ҚР ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау ісіне орасан еңбек сіңіріп келеді. Профессор Байтенова Н.Ж. «Үздік оқытушы 2006 ж.», ҚР БжҒМ «үздік ғалым» номинациясы бойынша грант иегері (2009-2010). «ҚР ғылымын дамыту жолындағы еңбегі үшін» (2008) төсбелгісімен марапатталған. Факультетіміздегі осы мамандықты бітірген түлектер түрлі салаларда – әділет министрлігінде, құқық қорғау органдарында, діни істер жөніндегі комитетте, облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктердің ішкі саясат бөлімінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында, жоғарғы және орта оқу орындарында жемісті еңбек етуде. Магистратураны үздік аяқтаған түлектер өз білімдерін шет елдерде білімдерін жетілдіруде. Біздің түлектеріміздің бірқатарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыстық және аудандық мешіттерге имам етіп тағайындады. Бұл кафедра ұжымының Университет қабырғасында зайырлы және діни білімді терең игеріп, жетік ұштастырған мұсылман зиялы қауымын қалыптастыруға да өзіндік үлес қосып отырғандығын көрсетеді. Профессор Н.Ж. Байтенованың кафедраға басшылыққа келумен кафедра тарихының жаңа кезеңі басталды. Оның жетекшілігімен кафедра ғылыми зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізе бастады. Ғылыми зерттеудің басым бағыты заманауи діни жағдайдың өзекті мәселелерімен байланысты. Соңғы 5 жылда ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім және профессор Н.Ж. Байтенованың жетекшілігімен авторлық ұжым Қ.А. Затов, Ш.С. Рысбекова, Қ.М. Борбасова, Б.К. Бейсенов, Б.Б. Мейірбаев, С.У. Абжаловтар тарапынан Білім және ғылым министрлігінің бірнеше гранттары ұтып алынды. Дінтанудың маңызды мәселелері бойынша кітаптар баспаға шықты: «Қысқаша діндер тарихы», «Дінтану негіздері», «Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ұйымдар», «Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтер». Атап айтсақ, «жаһандану жағдайындағы Қазақстандық өркениет және мәдени сәйкестілік жолдарын іздеу» (2003-2005ж); «Әл-Фараби-Абай: сабақтастық мәселесі» 2005-2008 ж. «Ұлттық қауіпсіздік арасындағы діни сәйкестілік мәселесі» 2007-2009; «Қазақстандағы дін» 2008 жобасы. 2005 жылы осы құрамда Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алып, ҚР жоғары білім беру орындары үшін жаңа буын оқулықтары «философия», «дінтану негіздері», «мәдениет және өркениет» «ғылым философиясы мен тарихы» жарыққа шықты. ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім және профессор Н.Ж. Байтенова жетекшілігімен кафедра Алматы қаласының әкімдігі және Әділет Департаментімен бірге Қазақстандағы заманауи діни жағдайдың практикалық мәселелерімен (семинарлар, дөңгелек үстелдер, діни сенім бостандығына қатысты жаңа заң жобасын талқылау және т.б.) байланысты іс-шаралар өткізді, философия және діннің өзекті мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін теориялық семинарларды ұйымдастыру және өткізумен айналысты. Кафедра бастамасымен ғылыми симпозиумдар мен конференциялар - өткізіледі. Бұл үш халықаралық симпозиум «Шығыс-Батыс: мәдениеттер сұхбаты» 1992, 1996, 1998 жж, халықаралық ғылыми конференция «Жан ізденісіндегі заманауи адам» (2006 ж.), халықаралық ғылыми конференция әл-Фараби, Абай; рухани сабақтастық мәселесі (2007 ж.) Азия философиялық ассоциациясының (ICAPA 2008 ж.) үшінші халықаралық конференциясы, халықаралық ғылыми конференция «Діни сәйкестілік және ұлттық қауіпсіздік мәселесі» (2008 ж) және т.б. Кафедра ұжымы ғылыми зерттеу нәтижелерін практикалық қолданысқа енгізу мәселесіне де үлкен назар аударады. Соңғы екі жылда Профессор Н.Ж. Байтенованың жетекшілігімен кафедра ұжымы «Қазақстандағы діндер» (2008), «Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер» (2009), «Қысқаша діндер тарихы» (2009) оқулықтарын жарыққа шығарды. Сонымен қатар, кафедра дінтану мамандығы бойынша республикалық оқу әдістемелік орталықтың секциясы болып табылады. Кафедра оқытушылары еліміздің басқа да оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, мамандықты жетілдірулеріне қолдау көрсетіп келеді. '''Оқу-әдістемелік қызмет''' Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мамандар дайындау бойынша жетекіш кафедра. Дінтану және мәдениеттану мамандығы оқу үрдісіңе 1994 жылан бастап ене отырып, Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне міндетті пән ретінде кірді. Оқу қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Мәдениеттану – мәдениет және оның институттарын тұтас феномен ретінде зерттейтін ғылым саласы. Сонымен қатар адамзат іс-әрекетінің барлық саласын қамтитын гуманитарлық ғылым болып табылады. Мәдениет пен өркениет мәселесіне қызығушылық қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Себебі, мәдениеттану маңыздылығы өркениеттер интеграциясы үрдісімен түсіндіріледі. «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының жетекшілігімен ҚР БҒМ бұрығына орай Болон үрдісі негізінде білім беру мен мамандар даярлау жүзеге асырылуда. Осыған орай кафедрада білім берудің барлық академиялық сатысы бойынша дайындалады: 1)бакалавр, 2) магистратура, 3) Ph.D докторантура . '''Ғылыми-зерттеу қызметі''' «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының жетекшілігімен бірнеше дін және мәдениет саласы бойынша бірнеше іс-шаралар атқарылуда. ● «Қазақтану» мектебі – жетекшісі профессор, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жахан Жанболұлы ● «Нұр» клубы - жетекшісі профессор, философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қайбылдайұлы «Қазақтану» мектебі ұлттық мәдениет жанашырларының – жас ғалымдар мен мамандардың басын қосып, елдің еңсесін және оның инттелектуалды сипатын көтеретін өзекті мәселелерді талқылайтын ашық ғылыми ұйымдастық. «Қазақтану» мектебі (кейін – мектеп) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің жас ғалымдарының, магистранттары мен студенттерінің негізінде жұмыс істейді әрі осы мектеп мақсат-міндеттерін өздеріне жақын тұтатын басқа факультеттер мен жоғары оқу орындарының талаптыларын пікірталасқа тартуды мақсат тұтады. Мектептің мақсаты – қазақты тану, қазақты құрметтеу, қазақ болу, қазақты таныту идеясын насихаттау, зерттеу және осы дәстүрге қатысты жобаларға қатысу. Мақсаттан туындайтын міндеттер: - Қазақстанды тұтас тарихи және әлеуметтік-мәдени реалдылық тұрғысынан қарастырып, қазақ тарихына, тағдырына, мәдениеті мен болашағына қатысты көзқарастар мен ілімдерді салыстырып сабақтау; - Ұлттық мүдде мен ұлттық идеяның өзекті мәселелерін талдау; - Елдік пен ұлттық болмыс жетілуінің дәстүрлі, әлеуметтік және инновациялық жолдарын бір-бірімен үйлестіретін тетіктер мен бағдардың мән-мағынасын ашу; - Рухани үйлестікті және әлеуметтік бірлікті баптайтын әрі ынтымақ жолын үйрететін мәдени мұра мен жасампаз гуманитарлық қызметтің рөлін көтермелеу; - Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен қазақстандық патриотизмді жетілдіру түрлері мен тәжірибелерін жинақтау, ондағы Президенттік саясаттың тарихи маңызын ашып көрсету; - Жастардың рухани белсенділігін жетілдіру арқылы олардың өзін-өзі басқару қабілеттерін, Отанға және кәсіби қызметке деген сүйіспеншілігін арттыруға лайықты іс-шараларды жүзеге асыру. Мектеп негізінде жастармен жұмыс істейді, ұсынысын жастарға арнайды, осы тұрғыдан тәрбиелік мәселелерді саралайды. Мектеп факультет пен университеттегі әкімшілікпен және тиісті қоғамдық ұжымдармен тікелей байланыста жұмыс істейді. Мектептің күн тәртібі, жұмыс істеу стильдері мен оны өткізу мерзімдері мектеп мүшелерінің шешімімен анықталады. 2010 жылдың бірінші жартысында мына проблемалар талқылауға ұсынылмақ: 1. Ұлттық рух – елдік пен ерлік сауыты. 2. Қазақ тарихы, тағдыры, мұраты. 3. Тағдырлы елім, табанды елім. Мектептің жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Жахан Жанболұлы Молдабеков. «Нұр» клубы. Дінтану бөлімінің студенттері мен магистранттарының ой-танымдық және ағартушылық бағыттағы - «Нұр» клубы – діндер тарихы мен теориямен, мәдениет жүйесіндегі діннің орны мен қазіргі діни жағдай, дінге қатысты еркін ойшылдық, діни және діни емес дүниетаным сұхбаты туралы ой бөлісу мен пікір-сайыстарды өткізеді. Бұл клубтың мақсаты – болашақ дінтанушы мамандардың кәсіби тұрғыдан мамандану үшін олардың білімін жетілдіру және қайырлы қоғамдағы дін және діни төзімділік туралы пікір алмасу болып табылады. Қазақстандық патриотизм және жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтардың жастар бойында қалыптастыру зайырлылық ұстанымы негізінде айқындалып, студенттер дінтанулық зерттеулер жүргізуге дайындалды. === Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы === === Жалпы және этникалық психология кафедрасы === === Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы === === Саясаттану кафедрасы === All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=940528.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|