Difference between revisions 940528 and 940543 on kkwiki{{Факультет | атауы = Философия және саясаттану факультеті | университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]] | суреті = [[File:21743рауеу.jpg|100px]] | халықаралық атауы = | ұраны = | құрылған жылы = 1949 | деканы = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы (contracted; show full) Философия және саясаттану факультетінің ұжымы жеткілікті түрде жоғарғы шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, өзінің кәсібіне және университетіне берілгендегімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта Философия және саясаттану факультетінің, жақын арадағы үш жылдықтағы дамуының және жаңаруының Стратегиясының басты мақсаты мамандарды дайындаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету болып табылады. [[File:8548fdgh.jpg|thumb|190px|right|Психология бөлімінің бірінші түлектeрі]] Философия және саясаттану факультеті - Қазақстан Республикасындағы философия және саясаттану факультеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ipi білім беру орталығы болып табылады. Факультет университеттің дамуымен бірге Қазақстандық, философиялық,. әлеуметтанулық, психология-педагогикалық, саясаттанулық ғылымдарымен, мәдениет және жалпы білім беру процесстеримен катар жүрді. Факультет өзінің бар болуына барлық уақытысында қоғамдық өміріндегі әр түрлі салаларға арналған ең жоғары кәсіби деңгейдегі мамаңдарды (contracted; show full) Философия және саясаттану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы - 148 оқытушыдан тұрады. Оньң iшiндe: ғылым докторлары, профессорлар -40: ғылым кандидаттары, доценттер. аға оқытушылар -69: ғылыми дәрежесі жоқ оқытушылар - 39. Профессорлық-оқытушылық кұрамының ғылыми дәрежесі – 75% құрайды. Ал, ғылыми дәрежесі және атақтарымен профессорлық-окытушылык құрамының орта жасы 45 жас. == Оқу-әдістемелік қызмет == ⏎ [[File:8548fdgh.jpg|thumb|190px|right|Психология бөлімінің бірінші түлектeрі]] Философия және саясаттану факультетінің әдістемелік жұмысы Философия және политология факультетінің оқу- әдістемелік жұмысы деканаттың және әдістемелік бюроның жоспарларына сәйкес атқарылады. Нәтижелі жұмыстардың көрсеткіштері ретінде келесі жұмыстарды атап өтуге болады: 1. 2006 жылы БжҒМ жариялаған байқауда бакалавриат 6 мамандық, магистатура 8 мамандық бойынша МЖБС даярлауға авторлық құқыққа ие болды. (contracted; show full) Бұл клубтың мақсаты – болашақ дінтанушы мамандардың кәсіби тұрғыдан мамандану үшін олардың білімін жетілдіру және қайырлы қоғамдағы дін және діни төзімділік туралы пікір алмасу болып табылады. Қазақстандық патриотизм және жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтардың жастар бойында қалыптастыру зайырлылық ұстанымы негізінде айқындалып, студенттер дінтанулық зерттеулер жүргізуге дайындалды. === Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы === === Жалпы және этникалық психология кафедрасы ===Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың социология кафедрасының 20 жылдық өзіндік тарихы бар. Социологиялық білімнің институционализациясы 1988 жылы университетте социология бөлімінің ашылуымен және социология кафедрасының құрылуымен тікелей байланысты. Кафедра меңгерушісі социология ғылымының докторы, профессор Әбдірайымова Гүлмира Серікқызы. Кафедра құрамында біліктілігі жоғары оқытушы-профессорлар қызмет атқаруда. Оқытушылардың негізгі құрамы, социологиялық базалық білімі бар, социология және әлеуметтік жұмыс бөлімінің бітіруші түлектері. Қазіргі уақытта кафедраның жалпы санының 36% ғылым докторлары, 22% ғылым кандидаттары құрайды. Социология кафедрасы көп сатылы дайындау жүйесімен социология мамандығы бойынша бакалавр, магистр, докторанттарды дайындайды. Студенттерге білім беру екі мамандық бойынша жүзеге асады: Социология және әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс мамандығының ашылуы кафедра үшін өте маңызды болып отыр. Әлеуметтік жұмыс – казіргі кезеңдегі алға дамып келе жатқан гуманитарлық пән аралық сала. Өзектілігі, жаңа әлеуметтік жұмыскер мамандығына қызығушылықтың аса өсуінен сипатталады. Кафедраның ғылыми жұмыстарының қатарына кафедра профиліне сай халықаралық, қазақстандық, аймақтық немесе университеттік ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобалары, сонымен бірге гранттар негізінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізу жатады. Социология кафедрасының ғылыми жұмысының тақырыбы – «Қазіргі Қазақстан қоғамы дамуының әлеуметтік мәселелері мен азаматтық қоғам». Қазіргі тұжырымдардың модернизацияның, жаһанданудың, тұрақты дамудың және адам құқығы негізінде әлеуметтік ұйымдар мен институттар, әлеуметтік стратификация процесінің және Қазақстан қоғамының модернизация жағдайындағы дифференциациясы, Қазақстан қоғамының әлеуметтік, саяси, мәдени және экономикалық мәселелерінің кең спектрде қалыптасуын зерттейді. Кафедра мүшелері Қазақстан социологтары Ассоциациясының (ҚӘА) жұмысына белсене қатысады. «Социология лабораториясы» негізінде 2010 жылы «Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы» құрылды. '''Оқу-әдістемелік қызмет''' Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы 1. Кафедраның педагогикалық мәдениетінің, кәсіби, әдістемелік және әдіснамалық деңгейін жоғарылатуға бағытталған оқу-әдістемелік жұмыстар; 2. Социология мен әлеуметтік жұмыс саласында жүргізілетін жаңа зерттеулермен танысу жұмыстары; 3. Тәжірибе жүзінде студенттерді оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізуде, сонымен бірге болашақ мамандардың тұлғалық дамуының өзекті мәселелерін зерттеу жұмыстары; 4. 2010-2011 жж. кафедра оқытушылары жаңа 40 оқу пәндерін енгізді, 10 оқу-әдістемелік құралдар, сонымен бірге студенттерге арналған бір әдістемелік құрал шығарылды. 5. Кафедраның негізгі әдістемелік міндеті бітіру жұмыстары мен магистрлік зерттеулерді жоғары және сапалы деңгейге көтеру, студенттердің білім сапасын бағалаудың жаңа бағыттарын қарастыру, сонымен бірге дифференциация мен интеграция принципін есепке ала отырып объективті критерийлерін дайындау. '''Ғылыми-зерттеу қызметі''' Кафедра шеңберінде Халықаралық, аймақтық және университеттік деңгейде ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобалары және гранттық негізде ғылыми жұмыстарды ұйымдастырады. БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР: 1. Cоциология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақстан және оның шеңберінен тыс елдердегі социологиялық қауымдастық ретінде танылған маңызды ғылыми-зерттеу орталығы болып саналады. 2. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары заманауи ғылымның басым бағыттарымен толық сәйкес: Әлемдік социологиялық ойлауды қарастыру. Қазіргі заманғы жаһандық процестер социологиясы. Негізгі социологиялық институттарды зерттеу – мәдениет, БАҚ, білім беру, дін, отбасы және т.б. 3. кафедра оқытушылары социологиялық зерттеулерді жүргізуге үздіксіз қатысып, мемлекеттік және халықаралық гранттарды иеленіп отырады. 4. елдегі барлық маңызды ғылыми-әлеметтанулық іс-шаралар – Социологтар Конгрестері, конференциялар, форумдар және т.б. – социология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы өкілдерінің белсенді қатысуларымен жүзеге асырылады. '''Ғылыми жобалар мен зерттеулер''' Кафедра ғылыми-зертеу жұмыстарын ғылыми бағыт бойынша фундаменталдық зерттеулер жобасы бойынша жүргізеді: Заманауи жастардың құндылықтық бағдарлары. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры. 2010 ж.қаңтар. ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы:жастар көзқарасында. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры. 2010 ж.қазан-қараша. «Студент жастардың құндылықтық бағдарлары» мемлекетаралық әлеуметтік зерттеу жұмысы. РУДН (Ресей) жобасына қатысушылар, Н.Гумилев атындағы ЕҰУ(Қазақстан) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ(Қазақстан). 2010 ж.сәуір-шілде. Қазақстан этностарының бірегейлілігі қалыптасуының аспектілерін зерттеу. ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі жанындағы этносаралық қатынастарды зерттеу орталығы. Басталуы ақпан 2009ж (2009-2011). Этносаралық қатынастарды тұрақтандыруда азаматтық институттардың рөлі. ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі жанындағы этносаралық қатынастарды зерттеу орталығы. Басталуы 6 қазан 2009ж. (2009-2011) Жаһандану және мәдени бірегейлену жолдарын іздеу контексіндегі қазақстандық өркениет. Басталуы: CARTI бағдарламасы «Орталық Азияның зерттеулері және білім инициативалары» жоғарғы білімді қолдау мақсатында «Гендерлік бірегейлікті қалыптастырудың этноәлеуметтанулық факторы» атты зерттеуді HESP Ашық Қоғам Институтының шеңберінде Шығыс Мичиган Университетінің (АҚШ) социология факультетінің доценті Е.И. Гапованың жетекшілігімен жүргізуде. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жобасы – «Нұрсұлтан Назарбаев және заманауи Қазақстан қоғамының трансформациялануы» (2009 -2011 жж.) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010-2011жылдар аралығында оқу әдебиетін шығаруға арналған гранты. '''Ғылыми зертханалар''' 2010 жылдың желтоқсан айында философия және саясаттану факультетінің социология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанынан социологиялық зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығы ашылды. Әлеуметтік зерттеу орталығы - бұл ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға бағыт алған жас оқытушылар, доктаранттар, магистранттар мен студенттерге арналған ресурстық орталық. Көпқырлы толыққанды зерттеу компаниялары талабына сай келетін орталық құрудағы мақсат бірінші кезекте академиялық зерттеулерді ұйымдастыру. Ол бір мезгілде тек қана сұраунама орталығы болып табылмайды, ол жас зерттеуші ғалымдарды даярлайтын көп салалы зерттеу компаниясы ретінде орталықты құру. Ал оның қызметкерлері әлемдік социологиялық қауымдастыққа бірігуге мақсат қоюға міндетті. Орталықтың басты қызметі теориялық және қолданбалы социологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. Орталықтың міндеттері: жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша социологиялық мұрағат пен эмпирикалық мәліметтер банкін қалыптастыру; университет басшылығы мен Орталық бекіткен жұмыс жоспары аясында ғылыми зерттеулер жүргізу; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттерін жоба жұмыстарына тарту; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу процесіндегі ғылыми қызметке қажетті ақпараттар базасын құру. Орталықтың жетекшісі - Абдирайымова Г.С. === Жалпы және этникалық психология кафедрасы === Қазақстандағы психология ғылымының дамуында ерекше орын алатын жоғары оқу орны - ол еліміздің тұңғыш әрі көп уақыт бойы жалғыз университеті болып келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Осы университеттің қабырғасында алғаш рет психологиядан ұлттық кадрларды даярлау ісі қолға алынды. 1947 жылы университет ректоры әрі психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, ҚазССР ҒА академигі, психология ғылымдарының докторы Төлеген Тәжібаевтің үлкен ұйымдастырушылық жұмысының арқасында филология факультетінде психология мен логика бөлімі ашылды. Бұл бөлім бірнеше жыл қызмет етіп республика үшін жүзден астам психолог мамандарын даярлап шығарды. Ол мамандар орта мектептерде оқу пәні ретінде енген психология мен логикадан сабақ беру үшін әзірленген еді. Сол кездегі Бүкілодақтық коммунистік партия Орталық комитетінің (БКП (б) ОК-нің) 1946 жылғы "Логика мен психологияны орта мектепте оқыту туралы" қаулысына орай Кеңес Одағының барлық мектептерінде психология пән ретінде оқытылуы тиіс болды. Алайда мектептегі оқыту бағдарламаларынан бұл пәндер алынып тасталғаннан кейін психолог мамандардың бір бөлігі еліміздің жоғары және орта арнаулы оқу орындарында психология және педагогика кафедраларында оқытушылық қызмет атқара бастады. Сөйтіп, республикада ұлттық психологтардың шоғыры пайда болды. Қазақстандағы психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жандануына ХХ ғ. 40-жылдардың аяғында жүргізілген ғылыми-ұйымдастыру шаралары игі әсерін тигізді. Мәселен, 1948 жылы КСРО жоғары білім министрлігі жанындағы Бүкілодақтық аттестациялау комиссиясы республикада педагогика және психология ғылымдары бойынша диссертация қабылдауға рұқсат берді. Соған сәйкес 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде психология ғылымы бойынша аспирантура ашылып, ғылыми мамандар дайындауға нақты мүмкіндік туған еді. Қазақстанда тұңғыш рет психология саласындағы кандидаттық диссертация 1952 жылы ҚазМУ-дің ғылыми кеңесінде қорғалды. Онда Елеш Суфиевтің “Қазақ мектептерінің бастауыш класс оқушыларында орыс тілінде сөйлеуді қалыптастыру психологиясы туралы" атты ғылыми диссертациясы қаралды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі психология кафедрасы тарихына зер сала қарасақ, ол педагогика кафедрасымен ажырамас байланыста болды. Тарихи дерек бойынша, университетте 1940 жылы ашылған педагогика кафедрасы (тұңғыш меңгерушісі - Ш.Қоқымбаев) 1948 жылдан бастап "педагогика және психология" деп аталына бастайды. 1948-1954 жылдары бұл кафедраның меңгерушісі болып Төлеген Тәжібаев (1910-1964) қызмет істеді. Ол 1949 жылы профессор атағын алды, ал 1954 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. 1956-1961 жылдары кафедраны белгілі педагог-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, КСРО Педагогика Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбдіхамит Ібінейұлы Сембаев (1905-1989) басқарды. 1961-1964 жылы аралығында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып қайтадан біраз жыл жауапты қоғамдық-мемлекеттік қызметте болған Т. Тәжібаев тағайындалады. 1967-1976 жылдары ҚазМУ-дің педагогика және психология кафедрасын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бержанов (1924-1976) басқарды. Ал, 1976 жылдан 1980 жылға дейін бірлескен кафедраны белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хасен Қуандықұлы Арғынов (1926-1990) басқарды. 1980 жылы педагогика және психология кафедрасы жалпы университеттік сипаттағы жеке кафедраларға айналады. Алғашқы дербес психология кафедрасының меңгерушісі болып Қ.Б. Жарықбаев бекітіледі. Сегіз жыл (1980-1988) жеке кафедра ретінде өмір сүрген психология кафедрасы түрлі себептерге байланысты ҚазМУ-дің №3-2843 Бұйрығына сәйкес 1988 жылдың 28 маусым айынан бастап жойылып, орнына жалпыуниверситеттік "педагогика және психология" кафедрасы құрылады. Оның жаңа меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының докторы, профессор Х.К. Арғынов тағайындалады. Біріккен кафедрада 25 штатық бірлік болған. Психологтарымыз осы кафедрада жұмыс істеді. Оқу жылының екінші жартысында психологтарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында университет ректорының жаңа бұйрығымен "социология және психология" кафедрасы қызмет істейді. Оның меңгерушісі болып экономика ғылымдарының докторы, профессор А.А. Рогачев бекітіледі. Көп жылдар бойы психология бөлімі педагогика кафедрасының құрамында болған. Тек 1980 жылдың қыркүйегінде ғана қазіргі педагогикалық ғылымдардың докторы К.Б. Жарықбаевтың басшылығымен жеке жалпыуниверситеттік кафедра қалыптастырылған болатын. 1985 жылы Хамзин Б.М. университет тарихында алғаш рет «Оқушылардың конструктивті-техникалық іс-әрекетінің қалыптасуындағы операционалды және тұлғалық компоненттердің өзара әсерің атты докторлық диссертация қорғады. 1988 жылдан бастап, ҚазМУде психолог-мамандарды даярлау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Философия-экономика факультетінде психология бөлімі ашылып, оған алғаш рет студенттер қабылданды. Алғашқы түлектер 1993 жылы (5 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша) шығарылды. 1991 жылдан бері, психология бөлімінде қазақ тілінде оқыту іске аса бастады. Психология ғылымдарының докторы Б.М. Хамзиннің басшылығымен кафедрада 12 қызметкер жұмыс істеген; олардың арасында 2 ғылым докторы, 3 доцент, 3 аға оқытушы және 3 ассистент еңбек еткен. Сонымен қатар, кафедраға Мәскеу Мемлекеттік Университеті мен Ленинград Мемлекеттік Университетінің жас психолог-мамандары келген. Олардың арасында қазіргі кезде танымал А.С. Нурадинов, Е.Г. Хоменчук, Ш.Б. Алиева, Р.Ж. Жанабекова, М.М. Мұқанов, Ш.С. Байтикова, және басқалары болды. Қосымша қызметте Н.А. Логинова (ЛМУ түлегі) және В.К. Шабельников (ММУді бітірген) еңбек еткен. 1996 жылдан бастап, ҚазМУ мамандарды екісатылы даярлау жүйесіне көшті. Психологтарды баклавриат және магистратурада дайындау басталды. Әл-Фараби ат. Қазақ Мемлекеттік Университетінің Ғылыми Кеңесінің 22.02.2000 жылғы шешімі бойынша психология кафедрасы жеке кафедраларға бөлінген: олар жалпы психология, кафедра меңгерушісі – психология ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Логинова мен этникалық және педагогикалық психология, кафедра меңгерушісі – психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов кафедралары болып атанды. әр жылдары жалпы психология кафедрасын басқарғандар: 1988- кафедра меңгерушісі, психол. ғылымының канд., доцент М.М.Муканов. 1989- кафедра меңгерушісі, пед.ғылым. д., проф. Х.К.Аргынов. 1990- кафедра меңгерушісі, ФЭФ социология және психология, экон. ғылым. д., проф.А.А.Рогачев. 1991- кафедра меңгерушісі, ФЭФ психология, психол. ғылымының канд., доцент Д.Д.Дуйсенбеков. 1992- кафедра меңгерушісі, .псих. ғылым.д., проф.Б.М.Хамзин. 1992-1995- кафедра меңгерушісі, ФФиП психология, психол. ғылымының канд., доцент Д.Д.Дуйсенбеков. 1995-1996- кафедра меңгерушісі, психол. ғылымының канд., доцент А.К.Байшукурова. 1996-1997- кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы, канд.психол.наук,доцент А.М.Ким. 1997-2004 - жалпы психология кафедрасының меңгерушісі, психол.ғылым.д. профессор Н.А.Логинова. 2004-2005- кафедра меңгерушісі, психол. ғылымының канд., доцент Ф.С. Ташимова 2005-2006 – кафедра меңгерушісі, психол. ғылымының канд., доцент М.П. Кабакова 2006-2007- кафедра меңгерушісі, психол. ғылымының канд., доцент А.К.Байшукурова. 2007-2008- қазіргі кезде кафедра меңгерушісі, - социол.ғылым. д. профессор З.Ж.Жаназарова 1988 жылы Қазақстандағы психология ғылымы тарихындағы маңызды оқиға орын алды. Тұңғыш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де базалық психолог мамандарды даярлау басталды. Қайта түлеген психология бөлімі университеттің философия және экономика факультеті құрамында (ФЭФ) ашылды. Психология бөліміне - 31 адам қабылданды. Психология бөлімінің алғашқы түлектері 1993 жылы университетті бітіріп шықты. Сол түлектердің бірі М.Н. Сейітханова (Құнанбаева) бүгінде университеттің этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасында қызмет етуде. Ал, психологиядан қазақ бөлімі түрлі себептерге байланысты кешірек ашылуына орай (1991 жылы) қазақ тілді психолог мамандардың алғашқы тобы тек 1996 жылы өмірге жолдама алды. Қазақ тобындағы алғашқы түлектер Ж. Сейітнұр, Э.К. Қалымбетова этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасында доцент қызметін атқаруда. Екеуі де психология ғылымдарының кандидаттары. Бүгінде философия және саясаттану факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ретінде Э.К. Қалымбетова үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Ол университет түлектерінің арасында 2005 жылы тұңғыш рет «Кәсіпке беімделу және кәсіби маңызды құндылықтарды қалыптастыру» атты кандидадттық диссертация қорғады. 1996 жылдан бері ҚазҰУ психологтарды даярлаудың көпсатылы жүйесіне көшуді бастады. Бакалавриат пен магистратура және бес жылдық жүйе қатар қызмет етті. 1998 жылы алғашқы психолог магистрлері университетті бітіріп шықты. Бұл мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы білім стандарттары мен типтік оқу жоспарлары жасалынды. 2000 жылы психология кафедрасы: этнопсихология және педагогикалық психология және жалпы психология болып екіге бөлінеді. Кафедраның ашылу кезінде оның құрамында 12 оқытушы жұмыс істеген еді. Кафедраның жалпы ғылыми дәрежесінің деңгейі 40% құрады. Сандық құрамы 1 психология ғылымдарының докторы, 1 педагогика ғылымдарының докторы, 2 психология ғылымдарының кандидаты, 2 педагогика ғылымдарының кандидаты және 1 биология ғылымдарының кандидатынан тұрды. Қазіргі таңда кафедрада 19 адам, соның ішінде 4 психология ғылымдарының докторы, 10 психология ғылымдарының кандидаттары жұмыс істеуде. Жалпы ғылыми дәрежесінің деңгейі 74% құрайды. Кафедра таза психология мамандығы бойынша түлектер шығарады. Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау үшін магистратура, аспирантура, докторантура, машықтану (стажировка) және PhD докторантура бар. Жоғары сапалы дәрежедегі оқытушылардың құрамын ұйымдастыруға барлық мүмкіндіктерді пайдаланған психология ғылымдарының докторы, профессор Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов кафедраның ашылуынан бүгінгі күнге дейін меңгерушісі қызметін атқаруда. Егеменді Қазақстанның психология саласындағы тұңғыш психология ғылымдарының докторы С.М. Жақыпов болды. 1999 жылы Мәскеу психологиялық институты, Ресей білім академиясында «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» тақырыбында қорғаған докторлық диссертациясының нәтижесінде оған бір мезгілде екі мамандықтың: 19.00.01 – жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихоолгия және 19.00.07 – педагогикалық психология шифрындағы доктор дәрежесі берілді. Ол 300-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 3 монография, 18 оқу құралы және 30 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Қазіргі уақытқа дейін 40-тан астам психология мамандығының кандидаттарын, 2 PһD және 5 психология мамандығының докторларын дайындады. Профессор С.М. Жақыпов Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің құрметті еңбеккері, 2007 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие, Қазақ психологтары қауымдастығының президенті. Қауымдастықтың негізгі мақсаты – психологияның қолданбалы аспектісін дамыту болып табылады. Оның редакциялық алқасында Қазақстанда алғашқы және әзірге жалғыз ғылыми-практикалық психологиялық журнал «НАПК Хабаршысы» басылып шығуда. Сонымен қатар, ҚазҰУ Хабаршысы психология және социология сериясының ғылыми редакторы. Профессор С.М. Жақыпов Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының шынайы мүшесі. 2008-2010 жылдарға ғылыми жетістіктер бойынша тағайындалған стипендияның иегері. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасының күшімен алғаш рет Қазақстан тарихында Д14А 02.32 психология бойынша докторлық диссертация қорғауға мамандандырылған диссертациялық кеңес құрылады. Бұл докторлық кеңестің бірінші төрағасы профессор С.М. Жақыпов болды. 4-5 жыл аралығында диссертациялық кеңесте 19.00.01 – жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы және этнопсихология, 19.00.07 – педагогикалық психология мамандығы бойынша 3 докторлық диссертация: (ҚазҰУ оқытушылары А.М. Ким, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Бердібаева) және 40-қа жуық еліміздің әр түпкір-түпкірінен келген ізденушілердің кандидаттық диссертациялары қорғалды. Республикадағы психология бойынша жалғыз докторлық кеңес төрағасының ұсынысы бойынша психологиялық ғылымдар тізбесіне ғылым тарихында тұңғыш рет 19.00.01 шифры берілетін жаңа мамандық – этнопсихология енгізілді. Бұл жайт тіпті эксперименттік психологияның негізін қалаған В. Вундтың өзі күмәнмен қараған эксперименттік этнопсихологияның Қазақстан территориясында туындауына игі әсер еткен маңызды факторлардың бірі болып табылады. Кафедрада бүгінгі таңда жоғары білікті оқытушылар жұмыс істеуде. Олар: педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев, психология ғылымдарының докторы, профессор С.Қ. Бердібаева, психология ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Аймағанбетова, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Т. Түркпен-ұлы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қ. Тоқсанбаева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент В.В. Агеев, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.С. Жұбаназарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.С. Ахтаева, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К. Сатыбалдина, биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.М. Құстубаева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Э.К. Қалымбетова, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Қабылғазы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Сейітнұр. Сонымен қатар, оқытушылық жұмысты аға оқытушылар: М.Н. Құнанбаева, Н.М. Садықова, А.А. Лиясова, оқытушылар: Л.О. Баймолдина, М.К. Жолдасова, кафедра менеджері: аға лаборант Э.Т. Әділова жүргізеді. Этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасының жұмыстарында, доктарантурада оқи жүріп үлкен көлемдегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін, PһD докторанттарды дайындауда және гранттық жобаларда шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеуде PһD докторанттар А.А. Төлегенова мен А.Т. Камзанова маңызды рөл атқарады. Этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасының сабақ беру күші өзіндегі толық емес он жыл өмір сүруінде Қазақстанда алғаш рет жалпы психология мен психология ғылымының барлық негізгі ғылымдары жайлы алғашқы қазақ тілінде оқулықтар мен кітаптар басып шығарады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шегінде кафедра психология ғылымының өзекті мәселелеріне қатысты он томдық кітаптың бесеуін дайындап шығарды. Оларды «Психология: Адамзат ақыл-ой қазынасы» атты жалпы тақырыпқа біріктірді. Жалпы 2000 жылдан бастап республикада психологиядан түгел дерлік білім берудің мемлекеттік стандарттары мен әр түрлі құжаттар, сонымен қатар қазақ және орыс тілдерінде негізгі психологиялық пәндердің типтік бағдарламаларын этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасының оқытушылары күшімен жасалынды. Университеттік білім беру жүйесінде кафедра қызметінің маңызды көрсеткіштері ретінде білім беру мен тәрбие жұмыстарымен қатар ғылыми зерттеу жұмысын атауға болады. Кафедраның, университеттің маңызды ғылыми бөлімшесі ретінде қызмет етуінің жүйе құраушы факторы болып кафедраның ғылыми зерттеу жұмысын жалпы ортақ тақырыбы болуын атайтын және ол кафедраны ғылыми мамандандыру шеңберінде барлық оқытушылардың құрамының күшін біріктіруге мүмкіндік береді. Басқа жағынан кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы белгілі бір мотив қалыптастырушы потенциал мен бағыттылыққа ие болу керек. Әрине оның қуаты көбіне тақырып жетекшісіне тәуелді болады. ⏎ ⏎ === Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы === === Саясаттану кафедрасы === All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=940543.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|