Difference between revisions 940551 and 940559 on kkwiki

{{Факультет
| атауы             = Философия және саясаттану факультеті
| университеті      = [[Қазақ ұлттық университеті]]
| суреті            = [[File:21743рауеу.jpg|100px]]
| халықаралық атауы = 
| ұраны             =  
| құрылған жылы     = 1949
| деканы            = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы 
(contracted; show full) ғылыми зерттеу жұмысын атауға болады. Кафедраның, университеттің маңызды ғылыми бөлімшесі ретінде қызмет етуінің жүйе құраушы факторы болып кафедраның ғылыми зерттеу жұмысын жалпы ортақ тақырыбы болуын атайтын және ол кафедраны ғылыми мамандандыру шеңберінде барлық оқытушылардың құрамының күшін біріктіруге мүмкіндік береді. Басқа жағынан кафедраның ғылыми зерттеу жұмысы белгілі бір мотив қалыптастырушы потенциал мен бағыттылыққа ие болу керек. Әрине оның қуаты көбіне тақырып жетекшісіне тәуелді болады. 


'''Оқу-әдістемелік қызмет'''

Кафедрада оқытылатын пәндердің барлық жұмыс оқу бағдарламалары, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде кафедраның авторлық ұжымы енгізілген. «5В05050300-Психология» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттардың негізінде жасалған. Осы мамандық бойынша білім алатын бакалаврлар қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен ғылыми әдебиеттер мен және зерттеу әдістерімен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.

«5В05050300-Психология» мамандығы бойынша білім алатын бакалаврға үшін жыл сайын күндізгі (4 жылдық) және сыртқы (2 жылдық) университеттік білім алуға арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бакалавиатқа арналған оқу жоспарлары жасалады. Ол жоспарлардың ішінде жаңа қабылданған курсқа арналған да, бұрын қабылданғандарға арналған ауыспалы жоспарлар да бар.

2010 ж. «5В05050300-Психология» мамандығ бойынша эксперименттік МЖБС-ын жүзеге асыру аясында 2010 жылы қабылдауға (күндізгі және сыртқы) арналған оқу жоспарлары мен құжаттардың бүкіл кешені қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалынды.
Кафедраның әдістемелік бюросы әр оқытушының оқу жүктемесін орындалуын бақылайды. Жыл сайынғы ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатынасу кестелерін құрастыруды жүзеге асырады. Өткізілген сабақтардың сапасын кафедра меңгерушісі, сондай-ақ кафедра мен факультеттің әдістемелік бюросы үнемі бақылап отырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамның мүшелері оқу процесінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін пайдаланады: аудио, видео және компютерлік технологиялады пайдалану, дистанциялық оқыту, студенттер мен магистранттардың өз беттерінше дайындалулары үшін ҚазҰУ интранетін пайдалану, барлық мүмкін болатын тренингтік технологиялар (ӘТ, ӘПТ және т.б), психикалық күйлер мен процестерді эксперименттік моделдеу, дөңгелек үстелдер, дебаттар мен пікір таластар, сонымен қатар студенттік ғылыми конференцияларды өткізу.

Оқу процесінің мониторингі процесінде аралық бақылауларды өткізудің түрлі формалары қолданылады. Сондай-ақ оқылатын пән бойынша силлабустар мен жұмыс бағдарламалары үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отырылады. Емтихан билеттері жаңартылып, шығармашылық сұрақтар жасалады. Ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қатар ай сайын жеке ғылыми іс-әрекет (диссертациялар) және ҒЗЖ жобалары бойынша баяндамалар талқыланатын әдіснамалық семинарлар ұйымдастырылып, өткізіліп отырылады. Ол семинарларға кафедраның барлық қызметкерлері және шақырылған мамандар қатысады. Тыңдаушылар ретінде магистранттар, бакалаврлар және PhD докторанттар шақырылады. Әдіснамалық семинарлар психология ғылымы мен практикасының өзекті бағыттары бойынша ұйымдастырылады.

'''Ғылыми зерттеу қызметі'''

Жалпы және этникалық психология кафедрасының ғылыми-әдістемелік жұмысының негізгі принциптері кафедра өзінің ғылыми зерттеулерін психологияның жан-жақты бағыттармен: жалпы, этникалық, жасөспірімдік және педагогикалық психология қарастырады. Бұл ғылыми ізденітері, ғылыми идеялар психологияның ғылыми мәселерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік жасайды.

Kафедраның ғылыми бағыттары:

Тұлғаның әлеуметтенуінің психологиялық және этнопсихологиялық мәселелері.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты келесідей көрсетеді:  
Бірлескен-диалогтік танымдық іс-әрекеті
Тұлға дамуының этнопсихологиялық аспектілері
Тұлғаның құқықтық санасы.
Оқу үрдісінде субъектінің қалыптасуы және оқу мағынасы
Отбасы мәселесі мен психология қатынасы
Жалпы психологиялық феномен ретінде психологияны түсіну.
Психология түсіну жалпы психологиялық феномен ретінде

'''Ғылыми бағыттар'''

Кафедраның ғылыми бағыттары.

Жалпы және этникалық психология кафедрасының ғылыми-әдістемелік жұмысының негізгі принциптері кафедра өзінің ғылыми зерттеулерін психологияның жан-жақты бағыттармен: жалпы, этникалық, жасөспірімдік және педагогикалық психология қарастырады. Бұл ғылыми ізденітері, ғылыми идеялар психологияның ғылыми мәселерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік жасайды.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты келесідей көрсетеді:  
Тұлғаның әлеуметтенуінің психологиялық және этнопсихологиялық мәселелері.
Бірлескен-диалогтік танымдық іс-әрекеті
Тұлға дамуының этнопсихологиялық аспектілері
Тұлғаның құқықтық санасы.
Оқу үрдісінде субъектінің қалыптасуы және оқу мағынасы
Отбасы мәселесі мен психология қатынасы
Жалпы психологиялық феномен ретінде психологияны түсіну.
Психология түсіну жалпы психологиялық феномен ретінде

'''Ғылыми зертханалар'''

Кафедраның жанында Т.Т. Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы бар. Орталыққа психология ғылымдарының докторы, кафедра профессоры Қ.Б. Жарықбаев басшылық етеді. Орталықта этнопсихологиялық және этнопедагогикалық мәселелер бойынша ай сайын жалпы қалалық ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады. Орталық этнопсихологияның теориялық және практикалық міндеттері аумағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, олардың әдіснамалық негіздерін, алынған нәтижелерді, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оларға білім беру процесінде практикалық түрде қолдану тәсілдерін іздестіру мен қалыптастыру жүзеге асырылады. Кафедра мүшелері оқу-зерттеу орталығының жұмысына белсене қатысады. Орталықтың зерттеу тақырыбы «Этникалық тұлғаның қалыптасуының психологиялық мәселелері». Орталықта жетекші ғылыми қызметкерлердің 1 штаттық бірлігі бар.
Орталықтың ғылыми жұмысының бағыты кафедраның ғылыми жұмысының тақырыбына сәйкес келеді: «Тұлғалық әлеуметтенудің психологиялық және этнопсихологиялық мәселелері».
Жалпы және этникалық психология кафедрасының жанынан танымдық процестерді және когнитивті психотехнологияларды зерттеу бойынша психологиялық лабораториялар ашу жоспарлануда.

МАҚСАТ:

Когнитивті процестер мен күйлердің тиімділіктерін жоғарылатудың ғылыми-психологиялық негіздерін және нақты технологияларды қалыптастыру. Оқу және өндірістік тапсырмаларды шешу барысында когнитивті процестердің тиімділігін жоғарылатудың жаңа жолдарын (индивидуалды және топтық қабылдау, есте сақтау, түсіну, мәселелерді шешу және шешім қабылдау), таным процестеріндегі психологиялық күйлерді өзіндік реттеудің жаңа, біршама тиімді тәсілдерін анықтау.

МІНДЕТТЕРІ:

1.Когнитивті процестердің және күйлердің тиімділіктерін жоғарылату мәселелерін зерттеудің негізгі бағыттарын анықтау
2. Халықаралық серіктестерді және гранттық ресурстарды іздестіру
3.Когнитивті процестердің және күйлердің тиімділіктерін жоғарылату мәселелерін зерттеудің әдістемелік құралдарын қалыптастыру
4.Когнитивті процестердің және күйлердің тиімділіктерін жоғарылату мәселелерін эмпирикалық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және жүргізу
5. Іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде практикалық тұрғыда қолдануға арналған ұсыныстарды, технологияларды, тренингтерді қалыптастыру

=== Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы ===

=== Саясаттану кафедрасы ===