Difference between revisions 940559 and 940566 on kkwiki{{Факультет | атауы = Философия және саясаттану факультеті | университеті = [[Қазақ ұлттық университеті]] | суреті = [[File:21743рауеу.jpg|100px]] | халықаралық атауы = | ұраны = | құрылған жылы = 1949 | деканы = ф.ғ.д., Масалимова Әлия Рымғазықызы (contracted; show full) 3.Когнитивті процестердің және күйлердің тиімділіктерін жоғарылату мәселелерін зерттеудің әдістемелік құралдарын қалыптастыру 4.Когнитивті процестердің және күйлердің тиімділіктерін жоғарылату мәселелерін эмпирикалық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және жүргізу 5. Іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде практикалық тұрғыда қолдануға арналған ұсыныстарды, технологияларды, тренингтерді қалыптастыру === Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы === ⏎ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика кафедрасы 1940 жылы 12 қаңтарда құрылған. Бүгінде ол жалпы және этникалық педагагогика кафедрасы болып өзгертіліп, педагогикалық бейіндегі мамандарды даярлайтын философия және саясаттану факультетінің ежелгі кафедраларының бірі.Оның қалыптасу мен дамуы ұзақ мерзімді (кезеңді) қамтиды: тарихи-филологиялық факультеттің құрамында ашылып, университеттің педагогикалық мамандықтарын массалық қамтамасыз етуден бастап, «педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» және білім беру қызметінің «бакалавриат, магистратура, PhD докторантура» үш сатылы жүйесіне өту кезеңіне дейін жұмыс істеп келе жатыр. Педагогикалық мамандықтардың массалығы, оқытудың сапалығы және білім беру саясатының тұрақтылығы кафедра дәстүрінің сақталуы мен табыстылығына негіз болды. Кафедраның қалыптасуы университеттің, Қазақстанның педагогика-психологиялық ойларының дамуымен, педагогикалық мәдениет пен жалпы білім берумен қатар бірге келе жатыр. Кафедраға әр жылдары педагогика ғылымының ғұлама ғалымдары мен ұлы тұлғалар басшылық жасады - Кокымбаев Шакир Кокымбаевич, Тажибаев Тулеген Тажибаевич, Абдыхамит Ибнеевич Сембаев, Қартбай Бекенович Бержанов, Хасен Қуандыкович Аргынов, Борис Жаркенович Садыков, Гульназ Кенжетайқызы Ахметова, Зауреш Абдразаковна Исаева. Сонымен қатар кафедрада педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Р. Баширова, А.Т. Табылдиев, Н.А. Асанов және т.б. жұмыс істеді. Әр түрлі жылдары жалпы және этникалық педагогика кафедрасына белгілі педагогтар мен атақты ғалымдар шақырылған, Н.Д. Хмель, К.Ж. Қожахметова, А.Қ. Құсайынов, Ш.Т. Таубаева, И.Р. Халитова Қ.Ж. Аганина және т.б. Кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің әр түрлі түкпірлері мен шет елдерде жұмыс жасап жүр. Ұжым жоғары ғылыми әлеуетке, жауапкершілікке ие, өзінің кәсіби мамандығы мен универистетіне адал еңбек етуде. Кафедраның білім беру бағдарламаларының дамуындағы атаулы жетістіктерімен және университеттің академиялық саясатына белсенді қатысуынан бүгінде мынандай түйін жасауға болады: еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады. Кафедрада негізгі педагогикалық білім беру міндеттері төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі: Жалпы мәдени және қоғамдық-гуманитарлық (университеттің барлық мамандықтарына арналған жалпы білімдендіру пәні бойынша «Педагогика» блогы ). Кәсіби деңгейде: болашақ оқытушыларды даярлау («Педагогика мектебі»,«Этнопедагогика» блогындағы бакалавр мамандықтарына арналған кәсіби пәндер) Ғылыми-педагогикалық деңгейде: магистратураға ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау ( барлық магистратура мамандықтарына арналған «Педагогика») Арнайы психологиялық-педагогикалық: оқу жоспарына сәйкес «050103 – Педагогика және психология», магистратурадағы «6N0103 – Педагогика және психология», PhD экспериментальдық бағдарлама «Білім берудегі менеджмент» мамандықтары. Арнайы әлеуметтік педагогикалық: «5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» Кафедрада жұмыс істейді: Білімдендіру зерттеулерінің ғылыми-инновациялық орталығы Жас ғалым мектебі «Логос» атты студенттердің ғылыми қоғамдастығы Студенттерді білімдендіру театры ҚазҰУ хабаршысы: педагогикалық ғылымдар сериясы бойынша жинақ⏎ ⏎ === Саясаттану кафедрасы === All content in the above text box is licensed under the Creative Commons Attribution-ShareAlike license Version 4 and was originally sourced from https://kk.wikipedia.org/w/index.php?diff=prev&oldid=940566.
![]() ![]() This site is not affiliated with or endorsed in any way by the Wikimedia Foundation or any of its affiliates. In fact, we fucking despise them.
|